19-қазанда Медеу аудандық сотының үкімімен Алматы қаласының 53-жасар тұрғыны Ардақ Оқасова аса ірі көлемде алаяқтық жасағаны үшін 5 жылға бас ботандығынан айырылып, жазасын жалпы режимдегі колонияда өтейтін болды. Қаржы пирамидасын құрған іскер бизнес-ханым өз жүйесіне ондаған зейнеткерлерді тарта білген, атап айтарлығы, олардың кейбіреулерінің жеңіл табыс табуға талпынғаны соншалық, тіпті, осы мақсатқа банктен несие де алыпты.
Қылмыстық істе 19 жәбірленуші бар, келтірілген залалдың жалпы сомасы — 7 млн теңгеден астам. Зейнеткерлердің өздерінің айтуынша, Оқасова мен оның сыбайластарының алаяқтығы салдарынан, шын мәнінде, бүкіл еліміз бойынша мыңдаған адам жапа шеккен.
— Ардақтың офисіне келгенде, біздің қатарымызға Шымкентте, Атырауда және басқа қалаларда жаңа мүшелердің қосылғаны туралы айтып жатқанды өз құлағымызбен естіп жүрдік, — дейді алаяқтық бизнеске несиеге алған 900 мың теңгені құйған Клара Дінқуатова. — Әңгіме мыңдаған адамдар туралы болған еді. Біз тергеу кезінде Оқасованың суретін жариялауды ұсынған едік, сонда басқа аймақтардағы жапа шеккен салымшылар да қосылар еді. Бірақ бізге ешкім құлақ аспады, сондықтан оны тек 20 эпизод бойынша айытады.
Апаларымыз айтқандай, 2012-2013 жылдарда олар кездейсоқ бір жас қызбен танысқан, ол апаларға жүйелік бизнеске қатысуды ұсынған, сөйтіп, оларды 10 мың теңге құйып, екі құрбыңды ертіп әкелсеңіздер, пайдаға кенеліп, бонус аласыздар деп сендірген.
— Мен ол айтқандай істедім, сөйтіп, алғашқы және соңғы рет 8 мың теңге бонус алдым, — дейді Клара Дінқуатова. — Өз туыстарымды ертіп келдім.
Былтыр Оқасова бизнестің құлдырап бара жатқаны туралы айтып, шағымданғанда және осындай кеңсені бірінен кейін ашып, мекен-жайын өзгертіп, салымшылармен араласудан қашқақтай бастағанда менде ешқандай күдік болған жоқ.
Мен мұның барлығын сәтсіз бизнестен шаршағандыққа баладым. Ол маған үлкен кіріс алу үшін тағы ақша әкелуді ұсынғанда банктен мың доллар несие алуға келістім. Алайда зейнеткер болғандықтан, маған несие бермеді. Сол кезде Оқасова өз байланыстарын іске қосты, ертеңіне банкте маған сөзге келместен 900 мың теңге несие берді! Осы ақшаның барлығын, банк құжаттарымен бірге мен Оқасоваға бердім. Енді, сол қолымда бес минут ұстамаған ақша үшін ай сайын 29 900 теңге төлеп келемін. Әлі 3 жыл төлеймін!
Полицияға шағымдардың 2014 жылғы қыркүйекте түскеніне қарамастан, Ардақ Оқасова 2015 жылғы мамырда ғана тұтқындалды.
— Оның алаяқ екені анықталысымен, мен оның және бизнесінің қыр соңына түсіп, бұл топтың барлық іс-қимылы туралы тергеу органдарына хабарлап отырдым: олар алдымен біздің ақшаға емдік қасиеті бар-мыс саңырауқұлақтар сатып алып, оны қымбат бағаға сатты, — дейді әңгімеге қосылған қаржы пирамидасының тағы бір салымшысы Тамаша Жүнісова. — Мен бұл турасында тергеушіге хабарлағанымда, ертеңіне бұл бизнес із-түзсіз жоғалып кетті.
Артынан білдім, Ардақ Талғардағы психиатриалық диспансерде жатыр екен, маған осы мекеменің дәрігері ретінда таныстырған ер адаммен сөйлестім. Бірақ мен телефон шалғаннан кейін Ардақ ол жерден де ғайып болды.
Жалпы, мен 24 мың салымшыны алдаған, психикалық тұрғыдан сап-сау адамның жындыханаға жатқанын, артынан ол жерден күрт қашып кетуін жеке тергеу қажет деп есептеймін. Бұған Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің қызметкерлерін қамтыған жөн. Істің материалдарында Оқасованың психиатриалық диспансерге тығылғанын растайтын құжаттар бар, артынан сараптама оның есі дұрыс деп тапты.
Зардап шегуші зейнеткерлер тергеу кезінде өз дивиденттеріне қол жеткізіп үлгермеген бірнеше қария қайтыс болды деп сендіреді, ал бір ер адам сотталған Оқасованы бірден 2,5 млн. теңгеге байытқан!
Сотталушы Ардақ Оқасова «соңғы сөз» айту кезінде оны бас бостандығынан айырмауды өтінген-ді. Өйткені ол салымшыларға келтірілген залалды толықтыруға дайын екен. Өзінің Өскеменнен жұмыс тапқанын, 150 мың теңге көлеміндегі еңбекақысын толығымен қарияларға төлейтінін айтып, сендіруге тырысты. Одан кейін өзінің де ештеңесіз қалғанын айтып, шындап келгенде, өзінің зардап шегушілердің жанында отыру керектігін айтты.
Бірақ сот оның сөзін дәлелсіз деп тапқан сыңайлы, өйткені енді алаяқ жуықтағы 5 жыл өмірін темір тордың ар жағында өткізіп, қариялар алдындағы қарызын өтейтін болады.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков