Қазақстанның Қызыл кітабына енгізілген жабайы аңдарды аулау әдеттегі іске айналып барады. Тек үстіміздегі жылы Алматы облысының табиғатты қорғау полициясы заңсыз аң аулаған ондаған браконьерлерді құрықтады. Осындай екі аяқты айуандардың құрығына ілініп, құрбан болған жануарлардың арасында елік, марал, қарақұйрық, арқар сияқты дала аруы атанған айыр тұяқтылармен қатар су құстары, ондатрлар және басқа жануарлар бар. Тәртіп сақшылары, тіпті, аюдың боршаланған етін де тәркілепті. Табиғатты қорғау полицейлерінің біздің порталға ұсынған суреттері есебі осындай қаскөй, сұғанақ аңшылардың асқан зұлымдығын бейнелейді.
[gallery ids=»51119,51120,51118,51117,51116,51113,51114,51115,51111,51112,51109,51110,51107,51108,51105,51106,51104,51103,51102,51101,51100,51099,51097,51095,51096,51093,51094,51091,51092,51089,51090″]