Астанада Coca-Cola мега-зауытының құрылысы тұралап қалды.Компания -кілдері «мәселе сатылымның құлдырауында емес, құрылыс Астана әкімдігінің кінәсінен тоқтап қалды», — дейді.
Естеріңізге салсақ, 2013 жылғы сәуірдің соңында Алматыда Coca-Cola Icecek (CCI) компаниясы – Coca-Cola жүйесіндегі сусын өндіру жөніндегі ең ірі серіктестердің бірі — Директорлар кеңесінің отырысы болған еді. Сол кезде басқарма Астанада жаңа зауыт салып, осылай Қазақстанда жұмыс істеудің 20 жылдық мерейтойын атап өтпекші болған.
Бірақ құрылыс тұралап қалды. Мерейтойға дейін зауыттың салынып бітпейтіні анық.
– Құрылыс енді басталып еді, әкімдік кідіртіп тастады, – деп хабарлады телефонмен болған әңгімеде «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС БК-нің өндіріс жөніндегі директоры Валерий Диденко. – Құжаттаманы тексереді, содан кейін құрылысты қайтап бастайды. Алайда мерейтойға дейін үлгірмейтініміз анық, ол жерде қазір ештеңе жоқ. Су құбыры жүйесі де, канализация да, ештеңе жоқ.
Зауытқа инженерлік жүйелерді астаналық әкімдік жүргізу керек болатын. Оған VII Аста экономикалық форум шеңберінде инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал қамтамасыз ету мақсатында компания өкілдері мен қала басшылығы арасында қол қойылған қызметтесу туралы меморандум міндеттейді. Бұл жөнінде ағымдағы жылғы мамырда компания тарапынан таратылған баспасөз-хабарламасында айтылған болатын. Ол кезде жоба детальдары, яғни, болашақ зауыттың қуаттылығы, оған жұмсалатын нивестиция мөлшері нақтыланған жоқ.
Атап айтарлығы, қазір Coca Cola-ның әлемдік деңгейдегі ахуалы мәз емес. Әлемдегі ең ірі алкагольсіз сусын өндіруші компанияның сатылымнан түсетін табысы екінші тоқсанда 3 пайызға төмендеп, сарапшылардың күтілімін ақтамады. Атап айтарлығы, бірінші тоқсандағы жағдай бұдан да мүшкіл болған еді – ол кезде табыс 7,5 пайызға құлдыраған-ды.
Соңғы 15 жылда алғаш рет бүкіл әлем бойынша газдалған Coca-Cola сусындарының сатылымы төмендеп отыр. Ресми мәліметтер бойынша, онша көп азаймаған — бар-жоғы 1 пайызға кеміген. Алайда бұл жалпы кола өзеніндегі миллиардтаған литр сусын. Тек Алматы облысы Береке ауылындағы зауыт жылына 400 млн литр сусын өндіреді.
Кезінде шырындар өндіру бойынша Ресейде төртінші орында болған Coca-Cola Company-дің ООО «Нидан соки» еншілес компаниясы сатылымның 5 пайызға төмендеуі салдарынан жұмыс іңстеуін тоқтатқан еді. Қазақстандағы сатылым мәселесіне келетін болсақ, … «Кока-Кола Алматы Боттлерс» ЖШС БК-нің баспасөз қызметі түсініктеме беруден және 2014 жылғы екінші тоқсандағы жұмысын нәтижесін жариялаудан бас тартты.
Осы орайда, бейресми ақпарат көздері танымал Coca-Cola сусынының өндірісі 25 пайызға дейін қысқарды дегенді айтады: оны денсаулыққа зиянды деп есептеген адамдар аталмыш сусыннан бас тартуда.