Есірткі тасымалдаушы тәжік азаматы Жамбыл облысы «Қордай» кеденіне қарасты «Қарасу» кеден бекетінде қолға түсті, деп хабарлайды Жамбыл облысы Кеденді бақылау департаментінің баспасөз қызметі.
Кеденшілердің жорамалдауынша, ол 30 килограммға жуық героинді Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға алып кетпек болған.
«Департаменттің Контрабандаға қарсы күрес басқармасы мен «Қордай» кеденінің қызметкерлері жедел-іздестіру шараларының арқасында, 2014 жылғы 14 шілде сағат 16:00-дер шамасында қылмыстың жолы кесті. Нақтырақ айтар болсақ, 1962 жылы туған Тәжікстан азаматының басқаруындағы жасыл түсті «Нива-Шевролет» көлігінің жүк салатын бөлігінде күнделікті тұрмыста пайдаланатын газбаллонды екіге бөліп ішін 27 дана түйіншекпен (брикетпен) толтырған. Әр брикет шамамен 1 келіден асады. Күдіктідентәркіленген есірткі затының жалпы салмағы 30 килограмға жуық», делінген ведомство таратқан хабарламада.
Кеденшілердің айтуынша, күдікті есірткіні сату мақсатында Еуропа елдеріне алып өтпек болған көрінеді. Қазіргі уақытта сот сараптамасы тағайындалып, тергеу амалдары жүргізілуде.