— Дүйсенбі күні АҚШ сотының алдында Қазақстан азаматы Азамат Тәжаяқов тұрды. Ол Бостондағы жарылысқа қатысты ісі бойынша сот төрелігін шығаруға кедергі келтірді деп айыпталуда, еп хабаралайды РИА «Новости» агенттігіне сілтеме жасаған ҚазАқпарат.
Ассошиэйтед Пресс мәліметтері бойынша, судья Тәжаяқовқа тергеумен ымыраға келуін ұсынған. Егер ол өз кінәсін мойындаса, жазасын жеңілдетемін деп уәде берген. Алайда Азаматтың қорғаушысы соттың ұсынысын қабылдамады.
Оған қоса, АҚШ соты Қырғызстан азаматы Хайрулложан Матановты кепілге босатудан бас тартты. Ол өткен жылдың сәуірінде Бостонда болған террорлық актіні тергеуге қарсылық білдергені үшін айыпталып отыр.
Еске сала кетейік, аталған оқиға 2013 жылдың сәуірінде Бостонда марафон өткізу кезінде орын алды. Екі жарылыстың салдарынан үш адам қаза болып, 260-тан астамы жарақат алды. Бұл істе ағалы-інілі Царнаевтар күдіктелуде. Үлкені Тамерлан полициямен болған атыс кезінде мерт болды. Жоһары ұсталды, оған 30 пункт бойынша айып тағылды. Оның ішіндегі 17-сіне өлім жазасы кесіледі. Царнаевтан басқа, бұл іске оның екі досы — Қазақстан азаматтары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев және америкалық Робер Филиппос қатысы бар күдіктеліп отыр.