365info.kz тілшісі «Ортақ жол» («Общая дорога») ассоциациясының президенті Әрсен Шакуовпен бірге біздің мемлекеттік органдардың қандай автомобиль таңдайтынын анықтады.
Барлық тендерлерді екі топқа бөлуге болады: қалаулы автомобиль маркасының сипаттамасы нақты көрсетілген және керісінше, ондай мәліметтер жасырылғандары. Оны не үшін жасайды? Машина жөніндегі ақпарат ашық көрсетілген тендерлердің басым көпшілігінде отандық құрастырымдағы автомобильдер көрсетіледі. Мұндай тендерлерден «Біз Ақорданың нұсқауын бұлжытпаймыз – өз өндірушімізді қолдаймыз» деген леп бірден көзге ұрып тұрады.
Осындай «ашық» тендерлерден ең танымал маркалардың рейтингін құрастыруға болады:
Енді нақты осы маркалар туралы ақпаратқа тоқталайық:
KIA Cee’d — Ақтөбе және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері таңдаған. Бағасы 3 млн теңгеден 4,7 млн теңгеге дейін. Қозғалтқыш көлемдері 1,4 және 1,6 литр, қуатттылығы 100 және 129 ат күшін құрайтын (6 сатылы механикалық немесе автоматты беріліс қорабымен жиынтықталады) қазастандық құрастырымдағы Хот-хэтч.
KIA Quoris — Бұл маркаға Ақтөбе облысы әкімдігінің шенеуніктері мен Оңтүстік Қазақстан облысы мәслихатының депутаттары артықшылық жасаған. Бағасы 12,8 млн теңгеден 15,6 млн теңгеге дейін. Көрнекті сынып тағы оңтүстік-корейлік автомобиль. Жұмыс көлемі 8 литр, қуаты 290 ат күшін құрайтын, заманауи 8 сатылы автоматты жүріс қорабымен, сондай-ақ алдыңғы және артқы пневмоаспамен және 6-цилиндрлі V-бейнелі қозғалтқышпен жарақтандырылған.
KIA Mohave — бұл машинаны Маңғыстау облысының әкімдігі сатып алуда. Бағасы 7,8 млн теңгеден 8,3 млн теңгеге дейін.
KIA Sorento – Шу ауданының әкімдігі тапсырыс берген.Машина бағасы 5 млн теңгеден 7,2 млн теңгеге дейін.
Škoda Octavia – оған Батыс Қазақстан облысының ІІД-ісі мен Маңғыстау облысының әкімдігі және ҚР Әділет министрлігінің жанындағы Маңғыстау облысының сот актілерін орындау жөніндегі комитеті тапсырыс берген. Бағасы 3,5 млн теңгеден 5,5 млн теңгеге дейін.
Skoda Superb — машинаның бұл моделін Маңғыстау облысының әкімдігі мен Атырау облысының төтенше жағдайлар жөніндегі департаменті таңдаған. Бағасы 5 млн теңгеден 9,8 млн теңгеге дейін. «Қазақстандық» чех автомобилі бизнес-сыныбына жатады.
Lada 4×4 «Нива» – бұл маркаға Түлкібас, Талас аудандарының әкімдіктері және Батыс Қазақстан облысының ІІД-сі артықшылық берген. Жол талғамайтын бұл автомобиль 2003 жылдан Қазақстанның шығысында жинақталады. Бағасы 1,8 млн теңгеден басталады.
***
Өскемендік Chevrolet Captivaны Қызыорда және Маңғыстау облыстарының әкімдіктері таңдаған. Бағасы 4,7 млн теңгеден 6,2 млн теңгеге дейін) ал қостанайлық Ssang Young Kyron-ға екі Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарының ІІД-лері тапсырыс берген, бағасы 4,3 млн теңгеден 5,5 млн теңгеге дейін.
Шенеунік те адам, олар да келісті машина, мәселен, джип мінуді армандайды. Егер өзінің сатып алуына ресми еңбекақысы жетпесе, мемлекеттік органның атынан сатып алуға болады! Армандар орындалуға тиіс!
Нәтижесінде, тендерлердің басым көпшілігінде машиналардың сипаттамасы өте нақты көрсетілген. Нақтылығы соншалық, оны тек шенеунік салоннан таңдап, оның сатушысымен келісіп қойған атомобиль ғана ұта алады.
Машинканың маркасы көрсетілмеген, бірақ нақты сипаттамасы бар тендерлердің көпшілігінде ұйымдастырушылар дың көксегені көп ретте Toyota Land Cruiser Prado болып шығады. Ол көптеген мемлекеттік қызметшілердің сүйікті машинасы деуге болады. Қазақстанда бұл машина құрастырылмайды. Алайда мемлекеттік сатып алулар туралы заң арқа сүйейтін принциптерге (мемлекеттік сатып алулар ақшасын тиімді және нәтижелі пайдалану және отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен қызметтерді жеткізушілерге қолдау көрсету принципі) қарамастан, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарының ІІД-лері, сондай-ақ Шығыс Қазақстан облысы Абай ауданындағы ауылдық мәдениет сарайы дәл осы жол талғамайтын көлікті таңдаған.
Ортақ жол» ассоциациясының президенті Әрсен Шакуов, мұндай автомобильдерді олардың неғұрлым арзан баламаларымен ауыстыруға болушы еді, еді дейді:
— Мәселен, ІІД-лерде көптеген патрульдерді 1,7 млн теңге тұратын ZAZ Chanсe автомобиліне отырғызды, ал бұлар 17 млн теңге тұратын автомобиль сатып алған. Сонда 1 бастықтың 10 патрульді алмастырғаны ма? Қазіргі таңда біз экология үшін күресудеміз. Көлемі ауқымды автомобильдің бензинді көп пайдаланатыны бесенеден белгілі, сондай-ақ оларға қызмет көрсету де қымбат тұрады. Мәселен, ZAZ Chanсe автомашинасына қызмет көрсету жылына 20 мың теңге тұрса,ал Land Cruiser-дің қызметі 200 мың теңгеге жуық болады. Міне, осының барлығы салық төлеушілердің мойнына артылады!