«Уимблдонда» сәтті өнер көрсеткен қазақстандық теннисшілер әлемдік рейтингтегі жағдайларын түзеп алды, деп хабарлайды sports.kz сайты.
Қазақстанның бірінші ракеткасы Ярослава Шведова WTA рейтингінде 52-орынға көтерілді. 53-орында тағы бір қазақстандық Зарина Дияс орналасқан. Галина Воскобоева 107-сатыға құласа, Сесиль Каратанчева 183-орынға дейін төмендеді. Юлия Путинцева (214-орын) мен Камила Керімбаева (303-орын) да рейтингтегі көрсеткіштерін жақсарта алмады.