Бала асырап алуды рәсімдеу кезінде бопсалаушылықты кездестірмеу мүмкін емес. Бұл бірнеше кезеңнен тұратын, ұзақ үдеріс, ал олардың барысында көлденең табыс тапқысы келетін адамды кездестіру, сірә, мүмкін емес шығар.
Бала асырап алушылар жолы төмендегідей: әкімдік, прокуратура, салық органдары, азаматтық хал актілерін жазу бөлімі (АХАЖ), емханалар мен диспансерлер. Міне, осы мекемелердің барлығында отбасылық жұптар анықтамалардың не үшін қажет екендігін, өздерінің бала асырап алуға дайын екенндігін түсіндіруге мәжбүр. Соның салдарынан бала асырап алуға ниетбілдіргендердің белгілі бір бөлігі осы үдерістен қаймығады, өйткені өздерін ыңғайсыз сезінеді. Дегенмен бала асырап алуға ниет білдіргендерарасында алған бетінен қайтпайтын бірбеткей адамдар болса, онда оларға қамқорлық органдарындағы сынақтарға дайын болған жөн.Бұл жерде тұтас бір комиссия үміткерлердің мүмкіндіктерін бағалап, олардың бала асырап алуға лайықтығын шешеді.Алайда ол комиссия құрамына кімнің кіретіні, оның шешім шығаруда қаншалықты құзыретті екені түсініксіз.
Қоғамдық белсенділер Қазақстанның оңтүстік астанасы қамқорлық органдарының талап ететін құжаттар ішінен ең ақылға қонбайтын құжат ретінде болашақ бала асырап алушылардың ата-анасынан алынатын қолдаухатты атайды.Бұл хатта бала асырап алуға ниет білдірген отбасылық жұптың ата-анасы өз балаларының жақсы ата-ана болатынына кепілдік береді. Тіпті, шенеуніктерден оларға балалар үйінен бала беруді өтінеді. Атап айтарлығы, бұрын мұндай қолдаухаттарды бала асырап алушылардың жолдастары мен көршілері жазуға тиіс болатын.
Ал егер үміткерлердің шыдамы таусылып, олар өздерінің құқықтары туралы айта бастаса, жүйе оларды жазалаға кіріседі. Оның, яғни, жазалаудың қалай жүзеге асырылатыны шенеунікке байланысты.Біреулері құжат беруді созбалаңға салса, енді біреулері қорқыта бастайды.Тіпті, мынадай жағдай да болған, осындай «шыдамсыз» болашақ ата-аналарға тастанды баланың анасы телефон шалып, қорқытқан.
Әсия Хайрулина, «Шығармашылық бастамадағы әйелдер лигасы» қоғамдық бірлестігі басқармасының төрағасы:
— Мен бұл кездейсоқ телефон шалу емес және ол қайдағы бір жолдастарға немесе туыстарға керек, деп ойламаймын,Шындап келгенде, анықтамалар, мөрлер мен қолтаңбалар жинау кезінде бала асырап алу туралы ақпарат мемлекеттік органдардағы көп адамдар арасында тарайды. Ал олардың көпшілігі бала асырап алу үдерісінің тез аяқталуына мүдделі емес.
— Сонда олардың көздегені не?
— Олардың көздемейтін нәрсесі жоқ шығар. Мәселен, барлығымыз білеміз — тиын төлесең, анықтаманы тезірек аласың. Егер адамдар «жомарттық» танытса, барлығын жылдам жүзеге асыруға болады.
— Сонда бұл үдерісті қасақана созбалай ма?
— Әрине, ол да жоқ емес.Қиындық адамдардың барлығына көніп, шағымданбауында жатыр.Біріншіден, бұл олардың баласына, асырап алу үдерісінің ұзаруына әсер етеді, ал екіншіден, бопсалау фактісін дәлелдей алмаймыз, деп қорқады. Сізге сөзбен айтқанды қалай дәлелдей аласыз?
Мақаланы дайындау барысында, редакция «бала асырап алу үшін менен 400 000 теңге бопсалады», деп мәлімдеген әйелмен танысты.Алдымен оған балалар үйінде дені сау бала жоқ, күтесіз немесе баланы басқа қаладан іздеңіз деген.Бірақ ертеңіне телефон шалып, қосымша ақыға ұл бала тауып беруге дайын екендіктерін білдірген.Білетіндер мұндай жағдайлар сирек кездесетін жәйт емес дейді.
— Ал дені сау бүлдіршіндерді басында ешкімге көрсетпей, артынан «жомарттық» білдіргендерге ұсынатын кездер бола ма?
— Соңғы кездері бұл туралы сирек естіп жүрмін. Бірақ мына оқиға есімде — біздің бала асырап алушыларға оларға ұнаған бүлдіршіннің анасы бар, ол қызына келіп тұрады дегенді желеу етіп, асырауға беруден бас тартқан, – дейдіӘсия Хайрулина. – Ал біраз уақыттан кейін жаңалықтардан сюжет көрдік, онда бір еуропа елі елшісінің сол қыз баланы алғаны туралы айтылды.Міне, бақытқа кенелген кішкене қыз бала жаңа ата-анасымен кетіп бара жатыр.Сөйтіп, қамқорлық органдары біздің азаматтардың құқығын аяққа таптап, бүлдіршінді халықаралық бала асырап алуға дайындап, шетелдіктерге артықшылық берген.Бұл заңға қайшы әрекет.
Бала асырап алуға рұқсат алғаннан кейін де тауқымет таусылмайды. Қоғамдық белсенділердің айтуынша, қазіргі таңда балалар үйінде денсаулығы шнашар, түрлі айықпас дертке шалынған балалар аз емес. Кейбір аймақтарда экологияның бұзылуы салдарынан мүгедек балалар өте көп. Атап айтқанда, денсаулығында ауытқулар балалар өте көп.
— Даун синдромы, балалардың сал ауруы, басқа да ауыр дерттер. Осының бәрін көзімен көрген бала асырап алуға ниет білдірген байқұстар естерінен тана жаздайды. Өйткені кемістігі бар бүлдіршінді алып келгенде, оған шын жүректен жаның ашиды, бірақ осындай сәбимен өмір бақи қалай тұруға болатынын, тіпті, ересек, кемелденген адамдардың өзіне көз алдына елестету қиын. Оған адамдардың барлығы бірдей дайын емес.Сондықтан бала асырап алушыларға «өзінің» дені сау, сүйкімді сәбиін күтуіне тура келеді. Көп ретте олар ұзақ күтуге мәжбүр. Міне, сондықтан балаларды асырап алудың қолданыстағы жүйесі адамдарды бала асырап алудан бас тартуға мәжбүрлейтін сияқты болып көрінеді. Ендеше, біз несіне халықты бала асырап алуға үндейміз?