Бұл Біріккен Ұлттар Ұйымы мен Қызылорда облысы әкімдігі арасында бірлескен жаңа бағдарламасы аясында жүзеге асырылмақ, — деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
22-шілдеде Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев пен БҰҰ-ның Қазақстандағы тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл екі жақты келісімге қол қойды.
– Аймаққа тартылып жатқан инвестиция көлемі жыл өткен сайын артылып жатыр. Халықаралық ұйымдармен байланыс күшеюде. Келіссөздер нәтижесінде ірі жобалар жүзеге асырылуда. Бұл жұмыстар алдағы уақытта жалғасын табады. Әлеуметтік жобалардың маңызы жоғары. БҰҰ үш жылда өңірге салатын қаржысы ауылдардың тұрмысын тұзеуге жұмсалады. Бұл жұмыстарды бірлесе жүзеге асыратын боламыз, — деді аймақ басшысы Қ.Көшербаев.
Облыс әкімдігімен бірлескен бағдарламаны БҰҰ-ның алты агенттіктері білікті мамандарының көмегімен жүзеге асырылатын болады.
— Бағдарлама аясында жасыл экономиканы дамыту, халықтың денсаулығын жақсарту, бизнесті өркендету және барлық тұрғындарды тең құқықпен қаматамасыз ету көзделген. Қызылорданың қай саласы болмасын, даму көрсеткіші қуантады. Дегенмен, әлі де халықтың жағдайын жақсарту үшін жұмыс жасау керек. Біз қолдан келген көмекті жасауға әзірміз, — деді БҰҰ-ның тұрақты үйлестірушісі Стивен Тулл.
Бұл бағдарлама Қызылордамен қатар Маңғыстау және Шығыс Қазақстан облыстарында жүзеге асырылуда. БҰҰ өкілдерінің мәлімдеуінше, бағдарламаның нәтижесі үш жылдан соң көрінеді. Бағдарламаны жүзеге асыруға отандық сарапшылармен қатар халықаралық мамандар тартылып, семинар, тренингтер ұйымдастырылады.
Кездесу соңында екі тарап Қызылорда облысының экономикалық, әлеуметтік және экологиялық салаларын дамытуды мақсат еткен бағдарламаны бірлесе жөніндегі меморандумға қол қойды.