Қазақстандық жанармай құю бекеттерінде бензин сату күрт шектелді.Ал 18-шілдеде 1-тмаыздан бастап сұранысы ең жоғары АИ-92 маркалы бензиннің бағасы 22 пайызға артады деген ақпарат пайда болды.
Бірде бір уәкілетті ведомство ресми түрде растамаған, бірақ ел арасына таралған ақпаратта 1-тамыздан бастап 92-бензиннің 1 литрі 145, дизель – 130 және 80-бензин – 122 теңге тұрады деп хабарлануда.
Helios, «КазМунайГаз» және «Газпромнефть-Казахстан» компанияларының жанармай құю бекеттерінде 365info.kz порталының тілшісін, әзірше бағаны көтеру туралы ешқандай өкімінің болмағандығына сендірді.
Жанармай нарығындағы Газпромға жақын ақпарат көзі орын аплған ахуалды былай түсіндіреді: «жанармай бағасын мемлекеттік реттеу қолдан жасалған тапшылыққа әкеліп соғуда, ал оның соңы дүрлікпе сұранымға ұласуда». Яғни, бағаның көтерілуі туралы ақпарат дүрлікпе сұраныс тудыруда – отандастарымыз жанармай құю бекеттеріндегі ұзын-сонар кезектерге тұрып, автомашиналарының багін жанармайға толтыруды өтінуде.
Атап айтарлығы, осындай жағдайда тиісті түсініктеме беруге міндетті ҚР Табиғи монополияларды реттеу жөніндегі агенттігі (ТМРА), ауызына құм құйылғандай жымжырт. Астанадағы бас офистің телефондарын ешкім көтермейді, ал Алматы департаментіндегілер бұл мәселе өздерінің құзыретіне жатпайтыны айтып, бағаның артуы туралы ешнәрсе білмейтінін көлденең тартуда.
Ал қазақстандық жанармай ассоциациясындағылар осы ахуал бойынша түсініктеме беруден бас тартты.