Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Еуропа елдеріндегі арнаулы өкілі Ұлан Байжанов Монако Князьдігінің Әділет министрі, Мемлекеттік кеңес төрағасы Филипп Нарминомен кездесті, — деп хабарлайды бас қадағалаушы органың баспасөз қызметі.
Кездесу барысында екіжақты халықаралық-құқықтық ынтымақтастықтың бірқатар өзекті мәселелері талқыланды.
Атап айтқанда, Қазақстан мен Монако Князьдігі арасындағы өзара құқықтық көмек туралы келісім-шарттың ережелері түпкілікті түрде келісілді. Тараптар бұдан әрі оған қол қойылуы үшін қажетті барлық мемлекетішілік рәсімдердің келісілуден өтуін ағымдағы жылғы қыркүйек айына дейін қамтамасыз ететін болып уағдаласты.
Осы орайда, Ф.Нармино Қазақстанның Бас Прокурорын аталмыш келісім-шартқа қол қою мақсатымен осы елге ресми іс-сапармен келіп қайтуға шақырды.