Ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істер Қазақстанда қысқартылған тәртіппен қаралатын болады
«Азаматтық-процессуалдық кодекске әлеуметтік-еңбек дауларын реттеудің тиімділігін арттыру, қоғамдық қауіпті құқық тәртібін бұзушылықтың зардабын азайту мақсатымен ереуілдерді заңсыз деп тану туралы істерді сотта қысқартылған мерзімде (10 күн) қараудың тәртібі ұсынылып отыр», – делінген ҚР парламенті сенатының мәдени-әлеуметтік даму жөніндегі комитетінің қорытындысында , деп хабарлайды ҚазТАГ.
Мұның сыртында әлеуметтік шиеленістің алдын алу мақсатында «ҚР жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» заңға жергілікті атқару органдарына әлеуметтік шиеленіс және еңбек дауларының туындау қауіптерін болжау бойынша мониторинг жүргізу құқығын бекітетін норманы енгізу ұсынылып отыр.
Атап айтарлығы, «Кәсіподақтар қызметі және еңбек қатынастарын реттеу мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы арқылы 6 заңнамалық актілерге өзгеріс енгізіледі.