2013 жылдың 15 сәуірінде, АҚШ-тағы Бостон марафоны кезінде терриористік әрекет ұйымдастырды деп айыпталып отырған Джохар Царнаевтың адвокаттары соттан сот үрдісін Бостоннан басқа қалаға көшіруді және өздерінің дәйектер ұсынуына көбірек уақыт беруін сұрағалы отыр, деп хабарлайды РИА Новости Рейтер агенттігіне сілтеме жасап.
Царнаевтың адвокаттары сотқа дәйектер ұсынуы үшін 3 тамызға дейін уақыт беруін және сот отырысын басқа қалаға ауыстыру жөніндегі өтінішін федералдық судья Джордж О’Тулға (George O’Toole) жолдады. Бұдан бұрын судья О’Тул Царнаевтың қорғаушылары өз дәйектерін 18 шілдеге дейін ұсынуы тиіс деп бекіткен еді.
«Қорғаушылар тарапы сот отырысы өтетін жерді ауыстыру қажеттігіне байланысты мәселемен мұқият танысып шықты, алайда қосымша сапартама жасалуы керек, әрі бұқаралық ақпарат құралдары сот отырысы өтетін жерді ауыстыруды қолдауы тиіс», – деп мәлімдеді Царнаевтың адвокаттары Бостон сотында.
Американың заңдарына сәйкес, қылмыс жасады деп айыпталған тұлғаның ісі қылмыс жасалған жердің жергілікті сотында қаралады. Бірақ кейде адвокаттар сот алқалары алдын ала тергеу немесе сот тергеуінің деректерінің ықпалында қалмауы үшін сот үрдісін басқа жерге көшіруді талап етеді.
Террористік әрекет Бостонда 2013 жылдың 15 сәуірінде, марафон өтіп жатқан кезде орын алған. Екі жарылыстың салдарынан үш адам қаза тапты, 260-тан астам адам жарақат алды. Қылмысқа қатысы деген күдікке ағайынды Царнаевтар ілікті. Ағайындылардың үлкені — Тамерлан — полицимен атыс барысында өлтірілді. Джохар арнайы операция барысында ұсталды, оған 30 бап бойынша айып тағылуда, оның 17-сі бойынша ең қатаң жаза — ату жазасы. Царнаевтан басқа бұл істің фигуранттары арасында оның үш досы — Қазақстан азаматтары Азамат Тәжаяқов пен Диас Қадырбаев, сондай-ақ Америка азаматы Роберт Филиппос бар.