Сот 6-жасар баланы ұрлаған Жамбыл облысы әкімдігінің қызметкерін 7 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырды, депхабарлайды ҚазТАГ.
Ағымдағы жылғы 27-наурызда Мағжан Бектай Сарысу ауданы әкімдігінде экономика және статистика бөлімі қызметкерінің лауазымында жұмыс істеп жүріп, 6-жасар баланың сеніміне кіріп, үйінің маңынан ұрлап кеткен. Шенеунік баланың ата-анасынан 200 мың теңге көлемінде өтеу талап еткен. Ал баланы өзінің жұмыс кабинетінде ұстаған. Сотта Бектай түскен ақшамен несиесін жаппақшы болғанын мойындады.