Астанада ашық сот отырысында көпшілік жерлерді ластау кезінде ұсталған 100 адам бірден жауапкершілік тартылып, сотталды.
Антисанитария мен көшеде дөрекі балағаттар айту жиі сотта іс қарауға негіз болуда. Бүгін ашық сот отырысында ҚР «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Кодекстің (ӘҚБтК) 330-бабына сәйкес бірден 100 әкімшілік іс қаралды.
Астанада қаланы ластаушыларды соттау енді ғана басталған жоқ. Мысал ретінде қаланы ластаған үшін жауапкершілікке тартылған астаналықтың әлеуметтік желілерде жариялаған пікірін келтіріп отырмыз.
– Жақында жұмыстан қайтып келе жатқан едім, жолда мені полиция қызметкерлері қуып жетіп, менің шекілдеуік қабығын жерге жерге тастағанымды көргендерін айтты. Бірден мойындаймын — сол жолы хаттамада көрсетілгендей, «шамамен төрт шекілдеуіктің қабығын жерге тастадым», – дейді интернет-форумда осы баппен өткен жылдың соңында сотталған Александр Г. – Қазір сол жағдайға дейін шекілдеуік қабығын қалтама немесе пакетке салатыным мүлдем маңызды емес. Болар ісм болды, енді келесі жолы ұсталсам, «рецидивист» болам.
Айтпақшы, ластаушы-рецидивистке 10-нан 20-ға дейінгі АЕК көлемінде айыппұл салынады немесе ол, тіпті, 15 тәулікке темір тордың ар жағына тоғытылуы мүмкін. Осындай жаза қоғамдық орындарда мінез көрсеткендерді және көшеде біреуге тиіскендерді де күтіп тұр. Тротуарға темекі тұқылын алғаш рет тастағандар 3-тен 10-ға дейінгі АЕК көлемінде айыппұл төлейді немесе 10 тәулікке әкімшілік тұтқынға алынады.