Маңғыстау облысының Ақтау қаласында Өзбекстан азаматы кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды ҚазТАГ.
«Ақтауда Өзбекстанның азаматы 15 жастағы қыз баланы зорлады деп күдіктелуде. 31 жастағы Өзбекстан азаматы жәбірленушімен бірге бір үйде тұрған», — деп хабарлады құқық қорғау органындағы дереккөз.
Оқиға облыс орталығындағы 22 ықшамауданда орын алған. Полицияға осы ықшамауданның 44 жастағы тұрғыны арыз берді. Оның айтуынша, бейтаныс ер адам оның кәмелетке толмаған қызын зорлаған.
«Арызданушының айтуынша, сол күні кешке өзі көрші деп таныстырған бейтаныс ер адам үйіне түнеп шығуға рұқсат сұраған. Үй иелері қонақты ішкі кіргізіп, оны тамақтандырған, сосын өз үйінен жатын бөлме беріп, төсек салып берген. Ал таңға жуық үй иесі қызының көмекке шақырған айқайын естіген», — деді полиция өкілі.
Атаған дерек бойынша күдікті қамауға алынды. Оған қарсы қылмыстық іс қозғалды.