Жол апаты 15-маусымда орын алған болатын.Мопед жүргізушісі Түркия азаматы Бөгенбай батыр және Фурманов көшелерінің қиылысында Хонда автомашинасымен қақтығысып қалған. Алдын ала тексеру барысында түрік азаматының бағдаршамнымның қозғалысқа тыйым салатын қызыл түсіне өтіп қана қоймай, оның масаң күйде болғаны анықталған.
— Біз қазір 40 жастағы мопед жүргізушісі Түркия азаматының аталған көшелердің қиылысын бағдаршамның қызыл түсіне кесіп өтуге тырысып, нәтижесінде 3 адам зардап шеккен, оның ішінде жүргізушінің өзі де бар, жол-көлік апатына себепкер болғанын анықтадық. Аталмыш апатта ауыр жарақаттар алған мопедтің жолаушысы, 24-жасар бойжеткен 22-маусымда жедел жәрдем ауруханасының жансақтау бөлімінде есін жимай қаза болды.Тағы бір әйел, «Хюндай» автомашинасының жолаушысы түрлі жарақаттармен №5 қалалық клиникалық ауруханаға жеткізілді, – деп хабарлайдыАлматы ІІД-і анықтау басқармасының бастығы Рустам Абдрахманов.
Атап айтарлығы, мопед жүргізушісі ауруханадан ізін суытпақшы болған, бірақ көздегені жүзеге аспаған. Жолаушы бойжеткен қаза болғаннан кейін Алматы полициясы ҚР ҚК-ның 300-бабы 2-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалды.
— Жолаушының, жаяу адамның немесе жол қозғалысының басқа қатысушысының жол қозғалысы қауiпсiздiгi немесе көлiк құралдарын пайдалану ережелерiн бұзуы, Абайсызда кiсi өлiмiне әкеп соқса, төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе нақ сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады. Көп адамдар мопед, оны пайдалану қолданыстағы қылмыстық заңдылық нормаларымен реттелген көлік құралы емес деп қателеседі. Алайда аталмыш жағдай Қылмыстық кодекстің 300-бабында қарастырылған қылмыс түріне жатады. Атап айтқанда, мопед жүргізушісі «жол қозғалысының басқа қатысушысы» түсінігіне жатады. Сондықтан жол қозғалысының әрбір қатысушысы, оның ішінде мопедтер, скутерлер, велосипед жүргізушілері қала жолдарында өздерінің ерекше жауапкершілігін түсініп, ЖҚЕ-ның жалпыға міндетті орыдағаны жөн», – деп толықтырды сөзін майор Абдрахманов.
Сонымен қатар, анықтау басқармасындағылар Түркия азаматына айып тағылғанын жеткізді. Оның палатасына күзет қойылды.