Білім министрі баға қоя білуі керек. Аслан Сәрінжіпов баға қоя алатынын көрсетті! 2009 жылы ол Қазақстан Республикасының бірнеше премьер-министрлерінің — Балғымбаевтың, Тоқаевтың, Тасмағамбетовтың және Ахметовтың, жұмысын бірден бағалаған ғылыми еңбек жариялады. Сонымен, олардың қайсысы үздік, қайсысы нашар екен?
Осы жұмысында Сәрінжіпов Қазақстанның дамуы туралы жалпы қорытынды жасаған: Үкімет жұмысының тиімділігі артып, сот жүйесінің жұмысы нашарлапты. 2009 жылы Мюнхендегі Экономикалық зерттеулер институты жариялаған (ағылшын тілінде) баяндама «Қазақстан экономикасы тәуекелдерінің институциалдық талдауы» деп аталды. Авторлары – Аслан Сәрінжіпов (қазіргі білім министрі, ол кезде ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығы басқармасы төрағасының орынбасары болатын), Оливер Рён (Мюнхен университетінің экономика докторы) және Сұлтан Оразбаев (мақала жарық көрген сәтте ҚР Үкіметі мен Ұлттық банкі жанындағы Ұлттық талдау орталығындағы Макроэкономикалық талдау департаментінің қызметкері).
21 беттік жарияланымда 1998-2006 жылдардағы Қазақстан экономикасындағы тәуекелдерді, жетістіктер мен сәтсіздіктерді белгілі математикалық көрсеткіштер (Байес моделінің көмегімен) бойынша есептеуге талпыныс ұсынылған. Есептеулер математикалық тұрғыдан жасалғанын ескерсек, Сәрінжіпов пен оның әріптестері жұмысындағы тұжырымдар мен қорытынды цифрлардың салыстырмалы екенін түсіну керек. Мақала халықа түсінікті болу үшін бағалауды қарапайым деңгейге дейін түсірген жөн, мәселен, «не жақсарды — не нашарлады».
Түрлі премьер-министрлер тұсындағы Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық
Сәрінжіповтің баяндамасына сенсек, Қасым-Жомарт Тоқаевтың үкіметі кезінде сыбайлас жемқорлықтың шарықтап, ал саяси жүйе жұмысының нашарлай бастағанын байқауға болады. Иманғали Тасмағамбетов үкіметі кезінде сыбайлас жемқорлық көрсеткіштері өзінің шыңырау шақтарының біріне жетіп, артынан төмен құлдырайды, алайда саяси жүйенің шегінісі үнемі жалғасын тауып отырған. Бұл үрдіс Даниал Ахметовтың үкіметі тұсында да жалғасын тапқан. Ал сыбайлас жемқорлық көрсеткіші Даниал Кенжетайұлының үкіметі кезінде ең төменгі деңгейге дейін құлдырап (2004 жыл), артынан бұрынғы деңгейге көтерілген.
Еліміздің 1998 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңдегі дамуының динамикасы біркелкі емес: кейбір салада ілгерілеушілік болса, кейбір сала жұмысы, керісінше, нашарлаған.
Сот жұмысы нашар, меншік құқығы мықты
Сәрінжіпов баяндамасынан жекелеген үзінділер (365info) редакциясының аудармасы):
«Мәліметтер 1998 жылдан 2006 жылғы дейінгі аралықта меншік құқығы саласындағы жағдайдың жақсарғанын көрсетеді, үкімет жұмысының тиімділігі артып, заңның ұлықтылығы күшейген. Алайда екі бағыттағы ахуал нашарлаған: реттеу сапасы (50 пайыздан 45 пайызға дейін — ескерт. Ред.) және сот жүйесі мен оның тәуелсіздігі (30 пайыздан 15 пайызға дейін — ескерт. Ред.). Ішінара шашарлау басқа елдердегі осы институттардың жақсырақ дамуымен түсіндіріленінгенін ескеру қажет». Авторлардың пікірі бойынша, бұл Қазақстанның дамудың жалпы рейтингісіндегі құлдырауына ішінара әсер етті.
Сәрінжіповтың баяндамасындағы келесі дәйексөз бес жыл өткеннен кейін, айқын фактіні көрсету ғана сияқты көрінуі мүмкін. Бірақ сол кезде Ұлттық талдау орталығында негізгі талдаушылардың бірі болған Сәрінжіпов орын алғалы тұрған екі девальцияны болжай білді:
«Тауарлардың импортына жоғары тәуелділік инфляцияның кенеттен орын алуына және өмір запасының күрт өзгеруіне әкелуі мүмкін, мұны 2007-2008 жылғы тауар көлемінің алдамшы күрт өсуі көрсетті. Ендеше, қысқа және орташа мерзімдік болашақта тиісті макроэкономикалық саясатты орнықтыру, тұрақты өсу жолына жұмсақ ауысуды қамтамасыз ету үшін маңызды».
Осы жұмыстағы Қазақстан дамуының ілгерілеушілігі мен шегінісін көрсететін кескіндемелер үлкен қызығушылық тудырады. Мұндағы сандық белгілеулер салыстырмалы. Маңыздысы, «жақсы-нашар» шкаласындағы өлшемдердің өзгеруі. Диаграмма көрсетіп отырғандай, инфрақұрылым жақсарған, бірақ саяси жүйе мен құқықтық әкімшілік нашарлаған.
Сонымен, Аслан Сәрінжіпов жұмысындағы Қазақстанның 1998 жылдан 2006 жылға дейінгі кезеңдегі дамуы біркелкі көрінбейді.
Әлбетте, математикалық модельдің көмегімен Қазақстан дамуына қойылған жаңа бағалар ерекше қызығушылық тудырады. БірақАслан Сәрінжиіов 2009 жылы қызметінен кетті. Бүгін ол ҚР Үкіметінің мүшесі, Білім және ғылым министрі. Қазір ол мұндай зерттеу жұмыстарын кейінге қалдырды деп ойлаймыз. Енді, оның жұмысын бағалайтын кезең туды.