Cәуірдің 1-інен бастап мұнайдың бағасы 12 пайызға артты, қаңтардың ортасынан бері өсім 68 пайызға тең болды. Егер «қара алтынның» өсімі жалғасып, Brent маркасы баррелінің бағасы 50 доллар деңгейіне жетсе, АҚШ долларының бағамы 292,05 теңгені құрайтын болады. Бұл Қазақстан үшін ең жақсы сценарий болар еді.
«Мұнайдың әлемдік бағасы 45 АҚШ долларына жеткеніне қарамастан, бұл деңгей орташа мерзімдік трендті құрайды деуге негіз жоқ», – деп хабарлайды Қолданбалы экономиканы макроболжамға қолдануды зерттеу орталығының 2016 жылға арналған кезекті баяндамасы. Жалпы, мұнай бағасына келетін болсақ, экономистер ол төмен болады деген сенімде. Өйткені «Қытай экономикасында өсімнің төмендеуіне теңгерімді қайта қарау, нарығы қалыптасып жатқан кейбір ірі мемлекеттерде шиеленіс пен биржалық тауарлар бағасының төмендеуі байқалады. Болжаушылардың айтуына қарағанда, бұл еліміздің 2016-2017 жылдардағы өркендеуіне жағымсыз әсер етеді.
Экономиканың ағымдағы ахуалын сараптаған мамандар дамудың үш нұсқасын қарастырды: өсімін базалық, оптимистік және пессимистік. Алайда олардың үшеуінде де сарапшылар сауда индексінің құлдырауын, өндіріс пен құрылыстың мардымсыз өсімін болжап отыр. Мұндай жағымсыз болжамдарға қалыптасып қалған дәстүрлі түсініктеме бар: «Қазақстанның монетарлық саясаты ақша ұсынуды қысқартады және соның нәтижесінде іскерлік белсенділікті қысқартатын базалық пайыздық (17%) мөлшерлемені сақтау есебінен рестриктивтік сипатқа ие болады. Яғни,
ағымдағы мөлшерлеме деңгейі болашақта инвестицияның өсуіне жетелемейді, ендеше, экономиканың көтерілуіне де әсер етпейді
Өйткені өздеріңізге белгілі болғандай, базалық мөлшерлемелер несиенің құнына тікелей әсер етеді. Мөлшерлеме төмен болса, несие де арзан болады. Жоғары мөлшерлеме — ұлттық экономиканы тұсаулау.
Ұлттық банктің таяз саясатының тағы бір салдары жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нашарлауы.
Мұндай жағдайда ЖІӨ-нің нақты шамадағы өсімі 0,4 пайызды құрайды деп болжауға болады. ЖІӨ-нің нашарлауын болжау өнеркәсіптегі құлдыраудың — 0,6 пайыз, құрылыстағы — 6,2 пайыз салдарынан орын алуда.
Атап айтарлығы, Орталық сарапшыларының мұнай бағасының деңгейі барреліне 35 доллардан алынған мұның алдындағы базалық болжамы (18 наурызда) өнеркәсіптегі өсім 1,4 пайыз, құрылыста 7,6 пайыз, көлікте 5,3 пайыз болғанда ЖІӨ өсімі нольдік деңгейде болады деп болжанған еді.
Базалық сценарийде доллар бағамы 350,12 цифрінде белгіленген болатын
Мұнда мұнай бағасы орташа есеппен барреліне 20 доллар болады деген есеппен алынған. Мұндай сценарий орындалса, экономика өсімі болмайды деп болжаланып отыр. 2015 жылмен салыстырғанда инфляция 8,2 пайызды құрайды.
Өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 2016 жылғы қаңтар-мамырда ауыл шаруашылығында 4,1 және құрылыста 2,8 пайыз көлемінде өсім болады деп күтілуде, ал басқа салаларда құлдырау күтілуде: өнеркәсіпте – 2,0 пайызға, саудада – 4,6 пайызға, көлікте – 4,5 пайызға.
Мамырда 1 АҚШ долларын айырбастау бағамы 406,03 теңгені құрайтын болады,
халықтың нақты табысы 6,9 пайызға артады, тұтыну бағаларының өсімі 18,5 пайызға тең болады. Инвестициялар базалық сценарий шеңберіндегіден едәуір артық қысқарады.
Бұл нұсқада орташа мұнай баррелінің бағасы 50 долларды құрайды. Мұнай бағасы осындай болған жағдайда, 2015 жылмен салыстырғанда ЖІӨ 0,3 пайыз болады деп күтілуде. Өнеркәсіптегі өсім 1,8, құрылыста 7,3 пайыз деңгейінде болады деп күтілуде. Алайда бұл сценарий саудаға соншалықты жақсы болмайды, ол 2015 жылммен салыстырғанда 6 пайызға төмендейді. Алдағы жылдармен салыстырғанда инфляция 3,7 пайызды құрайды.
1 АҚШ долларының бағамы 293,13 теңгені құрайды
Болжаммен неғұрлым толығырақ «Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының» сайтында танысуға болады.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков