Қазақстан қор биржасы (KASE) сарапшыларының зерделеуінше, Ұлттық банктің теңге өтімділігін шектеу жөніндегі қатаң шаралары алыпсатарларды біршама тәубәге түсірді.
Мұны қаңтарда шетел валюталары саудасы көлемінің елеулі төмендеуі дәлелдейді – 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда үштен бір бөлікке (дәлірек айтқанда, 37,1 пайызға) төмендеген — 5,65 трлн теңгеге дейін. Доллармен есептегенде құлдырау бұдан елеулі көп болды – 68,5 пайыз, $15,36 млрд дейін. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын алғашқы айдағы өсім жылдық шамамен тиісінше 3,7 және 3,1 есе болды!
Осындай күрт тежелудің басты себебі бір мезетте спот- және своп- нарықтарында доллар бойынша келісімдер көлемінің күрт төмендеуінің орын алуы болды.
Олардың біріншісіндегі құлдырау 2015 жылғы қаңтармен салыстырғанда 50,4% пайызды құрап, $2 млрд. 322,2 млн. дейін түсті, екіншісінде – 70,5 пайызға төмендеп, $13,29 млрд дейін төмендеді, ал абсолюттік шамада – тиісінше $2,36 млрд және $31,74 млрд. құрады. Спот нарықтағы ресейлік валютадағы айналымдар да елеулі қысқарды – 47,7 пайызға азайып, 1,95 млрд дейін құлдырады. Атап айтарлығы,
осы орайда бірыңғай еуропалық валютадағы сауда көлемі артты – на 21,2 пайызға өсіп, 2 млн евро-ға дейін жетті, ал қытайлық валюта бойынша өсім, тіпті, шарықтап, 3,5 есе артып, 4,9 млн юаньға жеткен.
Дереккөзі: KASE
Егер қаңтардағы мәліметтерді 2015 жылғы желтоқсандағы мәліметтермен салыстырсақ, биржалық валюта нарығындағы жалпы сауда көлемі бар-жоғы 3,7 пайызға ғана артқан,
ал долларлық шамада 8,2 пайызға төмендеу орын алған.
Осы орайда, доллардың спот-нарығында айналым жартысына құлаған, ал своп-нарықтағы өсім 8,1 пайыз деңгейінде қалыптасқан. Жағдайдың бұлай болуы, екінші деңгейдегі банктердің реттеушіден теңгелік өтімділікті алуды жалғастырып жатқанын анық көрсетеді, бірақ
Ұлттық банк банктерді теңге есебінен алыпсатарлық жасауға деген ынтадан айыруға қол жеткізді.
Бірыңғай еуропалық валюта бойынша спот-нарықтағы сауда көлемі желтоқсанмен салыстырғанда 1,7 есе, ресейлікпен – 1,6 есе өссе, қытайлық валютадағы өсім 4,3 пайызды құраған.
Көріп отырғандай, валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды, бұл Ұлттық банкке теңгенің толыққанды еркін бағамы қалыптасқаныны және ақпаннан белгіленген базалық ставкаға оралумен қатар теңге өтімділігін ұсыну бойынша тұрақты қолжетімді операциялардың қалпына келтірілгені туралы мәлімдеуге мүмкіндік берді. Екінші жағынан, соңғы уақытта «қара алтын» бағасының ауытқулары барреліне $30 шамасында қалыптасқан әлемдік мұнай нарығындағы жағдайдың уақытша тұрақтанғанын атап өткен жөн. Сондықтан
мұнай бағасының не барреліне $50-60 деңгейіне дейін жылдам көтерілуі, не $20 және одан да төмен деңгейге құлдырауы Ұлттық банк ниеттерінің мықтылығын тексерудің кезекті сынағы болмақ.