Осыдан 7 жыл бұрынғы, 2009 жылғы қазіргіге ұқсас дағдарыс кезінде Қазақстан банктері бірінен кейін бірі «құлаған» болатын. Ол кезде рейтингтік агенттіктердің ең пессимистік болжамдары орындалған еді. Сондай жайсыз болжамдар қазір де айтылып жатыр — құлақ асар сәт келді.
Сарапшылар қайтадан Қазақстанның банк секторы ауыр сынақтардың алдында тұрғанын алға тартуда.
Осыдан екі апта бұрын Fitch Ratings агенттігі алдыңғы дағдарыс шарықтау шегіне жеткенде сүрініп, тек мемлекет қолдауы арқасында ғана дағдарыстан құтылған Казкоммерцбанктің қайтадан зәресін алды –
агенттік Қазкоммерцбанктің дефолт эмитентінің ұзақ мерзімдік рейтингісін дефолт қарсаңындағы деңгейге дейін түсіріп жіберді.
Сондай-ақ жағымсыз рейтингтік әрекеттерді Fitch Ratings Ресейдің еншілес Сбербанкісіне және Цеснабанкке қатысты қолданды. Агенттік сарапшыларының пікірі бойынша, теңгенің күрт девальвациясы салдарынан Қазкомның қиындықтарға ұшыраған активтерінің (негізінен шетел валютасындағылардың) көлемі оның капиталына қатысты күрт артқан, ал кірістілік соншалықты жоғары болмай отыр. Нәтижесінде, олардың болжамдары бойынша, бұл банкке қаржылық тұрақтылықты қалпына келтіру үшін сыртқы капитал көмегімен қатар міндеттемелерді қайта құрылымдау да қажет болуы ықтимал.
Standard & Poor’s агенттігіндегілер отандық банк секторы кірістілігінің төмендеуін, несиелік тәуекелдердердің артуын, валюталар бойынша банк активтері мен міндеттемелерінің елеулі сәйкес келмеуі салдарынан қазақстандық валютамен қорландыру көздерінің шектелуін болжап отыр. Сондықтан «S&P» сарапшылары бір қатар қазақстандық банктер рейтингтерінің төмендеуін күтіп отыр, өйткені олардың иелерінің икемділігі шектеулі және капитал ұсынуға қолдары «қысқа».
Ұлттық банк сабырлық сақтауда
Тағы бір халықаралық рейтингтік агенттік – Moody’s — сарапшылары өткен жылғы күздің басында теңгенің жедел девальвациясының қайда жетелейтінін байқап қалған еді. Сол кезде олар Қазақстанның Халық банкісіне, Қазкоммерцбанкке, АТФБанкке, Еуразиялық банкке және Ресейдің еншілес Сбербанкіне қатысты жағымсыз рейтингтік әрекеттер қолданған болатын. Ол кезде банкирлер агенттік сарапшылары соңғы мәліметтерді негізге алған жоқ деп, «Moody’s» болжамдарының пара-парлығына күмән тудырған болатын.
Ұлттық банктегілер нарықтағы жеке қатысушылар рейтингтерінің төмендеуі өздеріне және жалпы банк секторына ешқандай жағымсыз салдарлар тудырмас деген үмітпен сабыр сақтауда. Қазкоммерцбанкте де рейтингті дефолт қарсаңындағы деңгейге дейін төмендетуді сабырмен қабылдады. Жағымсыз рейтингтік әрекеттерге ұшыраған басқа банктер де байбалам сала қойған жоқ.
Егер реттеушінің мәліметтеріне назар аударсақ, олар да ерекше алаңдаушылық білдіруге негіз бермейді. Мәселен, өткен жылғы үшінші тоқсанның соңына қарай банк секторының сыртқы қарызы $8,5 млрд құрады, оның ішінде, ұзақ мерзімдігі — $7,8 млрд, қысқа мерзімдігі — $775 млн. Қазақстанның барлық сыртқы қарызы $155,5 млрд бағаланған. Банк секторына барлық сыртқы қарыздың небары 5,5 пайызы келетінін есептеу қиын емес.
Егер бұл цифрларды мемлекетке банктерді құтқару үшін Ұлттық қордан миллиардтаған долларды жұмсауға тура келген 209 жылдың басындағы мәліметтермен салыстырсақ, онда ол кезде бұл сектордың сол кездегі сыртқы қарызы $39,2 млрд құраған және ол қазіргіден 4,6 екі есе артық болған. Рейтингтік бағалар негізінен банктердің сыртқы міндеттемелеріне қатысты боғандықтан, оларға бұл қарыздарды өтеу еш қиындық тудырмайды, ендеше, 2009 жылғыдай күйреу болады деуге негіз жоқ сияқты.
Нарық қатысушыларының біріктірілмеген есептіліктері негізінде реттеуші жақын күндері ұсынған 2016 жылдың басындағы банк статистикасы да көзге лайықты көрінеді. Мәселен, пруденциалдық нормативтерді тек бір ғана қатысушы – Пәкістанның Қазақстандағы еншілес Ұлттық банкі бұзған. Жыл қорытындысы бойынша шығындар тек Қазкоммерцбанк пен еншілес ВТБ (Қазақстан) Банкінде болған. Төлемеу мерзімі 90 күннен асып кеткен «нашар» несиелер деңгейі айтарлықтай төмен – жалпы банк секторы бойынша 7,95 пайызды құрайды. Еліміздің жетекші банктері арасында бұл көрсеткіш тек ЦентрКредит Банкі (14,22%) мен АТФБанкінде (10,25%) 10 пайыздан жоғары, бірақ олардың оны реттеуші белгілеген деңгейгейден асырмайтыны айдан анық. Бұдан бөлек, девальвацияның арқасында банк секторының негізгі көрсеткіштері елеулі өскен, өйткені есептілік теңгемен жүргізіледі.
Ақша нарығындағы жағдай да қалыпқа түскен сыңайлы. Ұлттық банк өзінің 2016 жылғы 30-қаңтардағы шешімімен өтімділікті ұсыну бойынша тұрақты қол жетімділік операцияларын жаңғыртқан және базалық ставкаларды белгілеген ақша-несие саясаты жөніндегі комитеттің жұмысын ақыры жандандырды. Алдымызда тұрған кезектен тыс парламент сайлауы да өз түзетулерін енгізді — теңге девальвациясы ертегідей кенеттен өзінен өзі тоқтап, шенуніктер байбалам салып «жаңа қалыптылықты» дағдарыс «түбімен» бірге іздегенді қойды, тіпті, қазақстандық валютаның одан ары әлсізденуін нағыз жақтаушылардың өздері тынышталып қалды. Сондықтан
рейтингтік агенттіктері болжап отырған банк секторына қатысты ең нашар сценарийлер, жүзеге асатын болса, олар тек сайлау өткеннен кейін орын алатын болады.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков