Экономика — саясат емес, бұл жерде нақты және маңызды сұрақтарға жауап беруден тайқып кету өнері бағаланбайды. Дегенмен Ұлттық банктің жаңа басшысы Данияр Ақышев журналистермен кездесуде дәл осы қасиетті көрсетті. Теңгенің тиімді бағамы, болжамдар, оларды реттеу шаралары туралы сұрақтардың біреуіне де нақты жауап қайтарылған жоқ. Ұлттық банктің басшысына осынндай «жомарттық» жасауға бола ма?
Қазақстан халқына депозитті теңгемен «ұстаудың» тиімсіз болғаны қашан. Ал сарапшылар үнемі осындай депозиттердің сыйақысын көтеруді ұсынып келеді. Қазақстан Президенті Ұлттық банк алдына экономиканы долларсыздандыру мақсатын қойған болатын, бірақ оның ауылы алыс сияқты, өйткені қазірдің өзінде доллар салымдары барлық жеке депозиттердің 75 пайызынан астамын құрайды.
Қазақстандық банк жүйесінің толық күйреуін қашан күтуге болады және Ұлттық банк не істемек? Теңге бағамы барлық тарихи рекордтарды орнатып болды.
Осы орайда, 365info.kz Қазақстанның Ұлттық банкіне 6 сұрақ жолдап отыр.
1. Ұлттық банк басқармасының жаңа төрағасын тағайындағаннан кейін ақша нарығындағы қысқамерзімдік операциялар бойынша мөлшерлемелер көкке самғап, 300-500 пайыздар деңгейіндегі тарихи рекордтарға жетті. Нарық қатысушылары сарапшылармен бірге теңге тапшылығының орын алғанын көріп отыр.
Осындай бей-берекетсіздікті тоқтату үшін реттеуші неліктен ешқандай шара қолданбай отыр?
Ақша осылай өте қымбат болған және түптің түбінде банктер экономикаға жаңа несиелерді беруді тоқтатын осындай ахуалда Ұлттық банк қаржы жүйесінің тұрақтылығын қалай қамтамасыз етіп, экономикалық өсімге қалай ықпал жасамақ?
2. Мемлекет басшысы Ұлттық банктің алдына экономиканы долларсыздандыру мақсатын қойды. Алайда қазір халықтың долларлық депозиттері бойынша онсыз да жоғары емес сыйақы мөлшерлемесін қайтадан төменденту ұсынылып отыр,
ал мұның осы салынымдардың банк жүйесінен кету тәуекелін арттыра түсетіні бесенеден белгілі,
өйткені адамдар шетел валютасын банк ячейкалары мен сандықтың түбінде сақтайтын болады. Барлық жеке депозиттердің 75 пайызын долларлық салымдар құрайтынын ескерсек, Ұлттық банк банк жүйесі күйреуінің алдын алу үшін банк жүйесінен қаржыландырудың осындай шамасының кетуінің орнын қалайша толтырмақ?
3. Сарапшылар халықтың теңгелік салынымдарының тартымдылығын арттыруды, оның ішінде, олар бойынша сыйақының ең жоғарғы мөлшерлемелерін қою есебінен көтеруді көптен бері айтып келеді.
Неліктен Ұлттық банк осы бағытта ешнәрсе жасамай отыр?
Мемлекет кепілдік беретін салымның ең жоғары сомасының жайы не болмақ? Өйткені қазір 5 млн. теңгені долларға шақсақ, оның девальвация есебінен екі есеге «жүдегенін» байқауға болады, сондықтан салымшыларға шетелдік валютадағы депозитерін теңгеге ауыстыруға асығар емес!
4. Ұлттық банк төрағасы баспасөз мәслихатын өткізген 20-желтоқсанда KASE-нің таңертеңгі сессиясында доллар бірден 12,46 теңгеге арзандады. Осы орайда, атап айтарлығы, Ұлттық банктегілер тек айырбас бағамы ауытқуларын басып, іргелі факторларға қарсылық жасамағанын айтады. Алайда сарапшылар мұндай факторлар ұзақмерзімдік кезеңге әрекет етеді, сондықтан бір күн, не болмаса бірнеше сағат ішінде бағамның елеулі ауытқуларын тудыра алмайды. Сондықтан Ұлттық банк басшылығының пікірі бойынша
қандай негізгі факторлардың мұндай ауытқуларға себепші болатынын түсіндіруін сұраймыз, оның ішінде, 20-желтоқсанда.
Егер Ұлттық банк валюта нарығындағы ахуалға араласса, онда реттеуші өздері мәлімдеген теңгенің еркін айналымының экономикалық саясатын неге ұстанбайды?
5. Нарық қатысушылары мен сарапшылардың пікірі бойынша, Ұлттық банкке жаңа басшы келгеннен кейін бұрын қарсы циклдік саясат мәлімденгеніне қарамастан, екінші деңгейдегі банктерге реттеушілік қысым елеулі түрде күшейе түсті. Оның қисыны бойынша, қазіргі дағдарыс кезінде нарық қатысушыларына қойылатын реттеулер мен талаптарды күшейтпей, керісінше босатқан жөн.
Ұлттық банктің реттеуші саясатының өзгеруінің себебі неде және оның босаңсытылуын күтуге бола ма?
Қазіргідей қиын кезеңде Ұлттық банк банктерге қалай қолдау көрсетпек?
6. Жетекші шетелдік банктердің Қазақстаннан кетуі жағымсыз өмір шындығына айналды және ол отандық нарықта сапаның артуы мен қаржы қызметтері ауқымының кеңеюіне жетелейтін бәсекелестіктің күшеюіне жағдай жасамайды. Сондай-ақ, жергілікті банк секторын шетелдік инвестициялар ағынынан айырады.
Мұның барлығы, Ұлттық банк Қазақстанның қаржы секторының инвестициялық тартымдылығын төмендету үшін мақсатты түрде жасап отырған әрекет ретінде көрінеді.
Шын мәнінде солай ма? Олай болған жағдайда, жалпы еліміздегі қаржы жүйесінің тұрақтылығы мен банк секторының орнықтылығы неге арқа сүйемек – өйткені мемлекеттік қолдау мен отандық акционерлердің көмегінің бірін таңдау қалады емес пе.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков