Қазақстан президентінің ортаншы қызы Динараға үйленген күйеу баласы британдық «Financial Times» газетіне берген сұқбатында өзінің бүкіл мансабын арнаған бизнесті өте жақсы көретінін айтқан.
Ол осылай басылымның өзіне 75 жастағы мемлекет басшысының немесе кем дегенде, ел премьер-министрінің мұрагері рөлін болжалаудың әділдігіне қатысты сұрағына жауап берген.
Бұл сұқбаттың британдық басылымда жарық көруі Қазақстан Президентінің Ұлыбританияға ресми сапарының қарсаңына тура келіп отыр. Басылымның сендіруінше, Құлыбаев мырза сұқбатты «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының Астанадағы штаб-пәтерінде орналасқан өзінің офисінде беріпті. Компания сайтындағы мәліметтер бойынша, ол оның жоғарғы басшы органдарының — Директорлар кеңесінің және басқармасының мүшесі болып табылмайды.
Құлыбаев мырза қызметкерлердің жаппай қысқартылуына жол бермеу үшін үкіметке мұнай саласына салынатын салықты қысқарту қажет екенін атап өтті. Оның пікірі бойынша, «біздің басты міндетіміз — персоналды қысқарту емес, өйткені әлеуметтік аспект біз үшін өте маңызды». Осы орайда, FT Тимур Құлыбаев «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мемлекеттік холдингі басқармасы төрағасының лауазымында болған кезде мұнайшылардың Жаңаөзендегі бір айлық ереуілі 16-желтоқсан мереке күні жаппай тәртіпсіздіктермен аяқталғанын еске салады. Сол кезде БАҚ хабарлағандай, Құлыбаев мырза дәл сол күні қызметтен кету жөнінде арыз берген, артынан Қазақстан президенті оны «ҚМГ» және «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіру» басшыларымен бірге осы қызметтен босатқан болатын. Айтпақшы, FT бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша, құнды қағаздары Лондон қор биржасының айналымында жүретін, соңғы компанияның салық салынғанға дейінгі кірісі өткен жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 94 пайызға төмендегенін хабарлайды.
Сонымен қатар, Құлыбаев мырза кейбір мұнай компанияларына ерекше шара ретінде персоналды қысқартуға тура келетінін мойындады. Оның пікірі бойынша, $9 млрд. көлеміндегі мемлекеттік қолдау мен «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасы аясындағы қытайлық инвестициялар жұмыстан шығарылған мұнайшыларды қайтадан еңбекпен қамтудың әлеуетті көзі болып табылады. Ол үкіметтің, жергілікті билік органдарының және бизнестің бірігіп, қысқартылған персоналды жұмыспен қамту ету үшін бар күшін жұмсайтынына сендірді. Құлыбаев мырзаның бағалауы бойынша, 20 мыңға дейінгі жұмыс орындарын құра алатын Теңіз кен орнында жұмыс істеп жатқан американдық «Chevron» компаниясын кеңейту жобасына да үлкен үміт артылып отыр.
Британдық басылымының пікірі бойынша. мұнай бағасының төмен болуы жағдайында Қазақстан дилемма, яғни таңдау алдында тұр: не жұмыс орындарын сақтап қалу үшін мұнай саласындағы тиімсіз өндірушілерді қолдау керек, не оны реформалауға тура келеді, олай болған жағдайда жұмыстан шығарылған жұмыскерлер мен қатарына Құлыбаев мырза кіретін мұнай серпілісі кезінде байыған беделді кәсіпкерлердің ашу-ызасын тудыру қауіпі туындауы мүмкін.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков