Теңгенің кезекті әлсіреуі — заңдылық па әлде алыпсатарлықтың нәтижесі ме? Бұл сұрақты біз түрлі сарапшыларға жолдадық және бірі бірінен өте алшақ жауаптар алдық.
Қазан айында ҚР Ұлттық банкі валюта нарығында 3,9 млрд доллар сатты. Бірақ оның ұлттық валютаның құлдырауына жол бермеуге бағытталған барлық күш-жігері шектеулі табысқа жетті. 20-тамызда басталған теңгенің әлсіреуі жалғасуын табуда. Бір айдың ішінде теңге 270-тен 300 теңгеге дейін құлдырады. Алайда бұл қашанға дейін жалғаспақ?
Айвар Байкенов, «Асыл-Инвест»АҚ сараптама департаментінің директоры:
– Әзірге, теңгенің құлдырауын тоқтатын себепті көріп отырған жоқпын.
Құлдыраудың қандай цифрда тоқтайтынын дөп басып айту қиын, бірақ жақын уақыттағы бағдар, шамамен, 315 – 320 теңге. Десек те, біз бағам 300-315 дәлізінде тұрақталады деп ойлаған едік. Бүгін теңге төменгі шекарадан асты, бірақ бұл ең төменгі қажетті деңгей. Шамасы, теңгенің құлдырауы жылдың соңына дейін жалғасады. Мүмкін, күрт құлдырауға жол бермес үшін Ұлттық банк ықшамды интервенцияларды жүзеге асыратын шығар.
Алайда доллар 300 теңгеге жеткен, қыркүйектегідей интервенцияларға енді жол берілмейді.
Анна Бодрова, Альпаридің аға сарапшысы:
– Қазақстан теңгесі тұғырының күрт әлсіреуі, сірә, Ұлттық банктің жаңа басшылығының реттеушінің монетарлық саясаттың болашақтағы принциптеріне қатысты үнсіздік сақтауымен байланысты болар. Барлығы шала және тез жүзеге асты: Ұлттық банк, тіпті, Данияр Ақышевтің Ұлттық банктің төрағасы лауазымына тағайындалуы туралы ресми мәлімдеме де жасаған жоқ. Осы орайда, нарықтағылар реттеуші бүгін-ертең валютаның мінез көрсетулері туралы мәлімдеме жасайды дегенді белсенді талқылап жатыр. KASE-дегі бүгінгі биржа саудасының көлемі әдеттегіден едәуір жоғары. АҚШ долларының 5-қарашадағы орташа сараланған бағамы 298,92 теңгені құрады, еліміздің ақша айырбастау орындарында долларды 300 теңгеден және одан сәл жоғары бағаммен сатуға дайын.
Сонда, қазақстандық валютаның жыл басынан қордаланған девальвациясы қазіргі таңда 64 пайызды құрады.
АҚШ долларының мұндай елеулі күшеюі және онымен бір мезетте теңгенің әлсіреуі жыл соңына қарай инфляцияны 2-4 пайызға арттыруы әбден мүмкін. Бұл өте қауіпті ойын.
Қазір теңгенің қозғалысына қандай да бір болжам жасау – абырой әперетін іс емес. АҚШ долларының диапазонын 285-305 теңге мөлшерінде белгілеуге болады. Осыдан екі-үш күн бұрын теңге/доллар жұбының қозғалысы осындай болуы мүмкін еместей көрінген-ді. Ұлттық банк шын мәнінде жақын уақытта өзінің тұғырын және келешекті айқындаса, қазақстандық валюта біраз уақыт екпінмен арзандап, содан кейін барып тұрақталады. Қазіргі екіұштылық – теңге үшін ең үлкен жау.
Жәнібек Айғазин, Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығының директоры:
– Көптеген сарапшылар теңгенің құлдырауы жалғасатын болады десе, мен басқа пікірді ұстанам. Бүгін доллардың бағамы психологиялық деңгей болып табылатын 300 теңгеге жетті, теңгенің одан ары құлдырауына ешкім мүдделі емес. Есеңгірету-тестері теңгенің одан ары құлдырауы валютадағы міндеттемелері бар банктерге көптеген қиындықтар тудырады. Қазіргі күнге дейін олар алыпсатарлықтан табыс тауып келді, соның салдарынан доллар жоғары қарай жылжып отырды. РЕПО аукциондарына тартылатын ұлттық валютаны банктер алыпсатарлық келісімдерге жұмсады, өйткені доллар мен теңге мөлшерлемелеріндегі айырмашылық оларға жақсы табыс табуға мүмкіндік берді. Бірақ енді бәрі бітті – теңге «қысымға алынды», ары қарай алыпстарлық жасауға ол жетпейді. Мүмкін, бағам аздап төмендейді… десек те, қазір қалыпты экономикалық қисынмен үйлеспейтін бағамның жоғары құбылмалылығы орын алуда.
Азат Перуашев, «Ақ жол» партиясының көшбасшысы:
– Бізде әзірге кемелденген экономика жоқ, оның орнын табиғи ресурстарды жаппай құрту экономикасы басқан, осылай біз де теңгенің соңынан құлдыраймыз. Өзіміз тұтынатын заттарды өзіміз өндірмей, барлығын — іш киімнен бастап қызанаққа дейін шетелден таси берсек, құрдымға қарай кете береміз. Әрине, құлдырау аяқталып, теңге бекиді деп сенгің келеді. Бірақ әзірше, бұл үшін шынайы экономикалық алғышарттар болмай тұр.
Бүгін біз Ұлттық банктің жаңа төрағасына теңге бағамын тек доллар мен еуроға байлаудан арылу жөніндегі ұсыныс айтылған хат жолдадық. Бізге ресейлік рубль мен қытайлық юаньде өз ролін атқаратын валюта себеті қажет. Юань тұрақты, Қазақстан Қытаймен ауқымды қарым-қатынас орнатқан. Мұның сыртында, «Жаңа Жібек жолы» бағдарламасы шеңберінде біздің елімізге қомақты инвестициялар жіберілетін болады.
Тағы бір маңызды сәт: Ұлттық банкке валюта тәуекелдерін сақтандыру жүйесін жасау қажет, өйткені қазір банктер валютаның құбылмалылығынан сақтандырылмаған және бизнес те сақтандырылмаған. Жалпы, мұндай валюталық құбылмалылық ешкімге жақсылық әкелмейтіні анық.