Ташкенттің валюталық қара нарығында дүрбелең басталды: қазанның 20 және 21 күндері доллардың, евроның және рубльдің бағамы күрт көтерілді. Олармен бірге теңге де өсті. Бір долларға 5 100 — 5 200 сум (атап айтарлығы, Өзбекстан орталық банкінің ресми бағамы 1 USD — 2663.45 сум) берсе, 1000 теңгеге 17 000 — 18 000 сум беруде. Теңге 20 000 — 22 000 сумға сатылуда. Сөйтіп, кезекті психологиялық деңгей артта қалды: қара базардағы доллар бағамы 5.000 сум деңгейінен асып кетті.
Жыл басынан бері өзбектің ұлттық валютасы 46 пайызға арзандады. Атап айтарлығы, доллар мен теңге — ең өтімді валюталар, оларға деген сұраныс қарқынды өсті.
Теңге бағасын сұрауым мұң екен, валюта сатушы Бахтияр қыр соңымнан қалмай қойды:
— Брат, 17 000 сумнан аламын, — деді ол алғашында. Менің кеткелі жатқанымды көрген ол бағамды көтере бастады.
— Акажон (бауырым — ред. ескерту), 18000-нан алайын, қанша бар? Ірі, бес мың сумдық купюралармен беремін, — деді жалбарынған валюта сатушы.
Қызығушылықтың себебін білген валюта сатушы теңге бағамымен не болғанын баяндап берді. Оның айтуынша, теңгені көкөніс және жеміс-жидек өсірумен айналысатын фермерлер, олармен бірге көкөніс-жидек өнімдерін көтерме бағаме сатып алатындар, алыс жолға сапар шегетін жүргізушілер сатып ала бастаған.
— Оларға Қазақстанға доллар апарғанша, теңге алып кіру тиімді. Ол жақта да валюта айырбастауда қиындықтар бар, — дейді әңгімесін жалғастырған Бахтияр.
Оның тағы бір серіктесі – Авазбек, теңгені шекарадан алып өтіп, қазақ фермерлерінің мақтасын жинауға баратын өзбекстандық мақта жинаушылардың әрекеті қымбататты дейді.
— Оларға еңбекақыны теңгемен төлейді, одан кейін елге оралған олар бізге келіп, теңгелерін сумға алмастырады, — дейді жағдайды түсіндірген Авазбек.
Қазан-қараша өзбек фермерлері үшін — көкөніс-жидек өнімдерін жинау нақаны,
бүгінде ауылшаруашылығы өнімдері экспортының 90 пайызға дейіні, негізінен көкөністер мен жемістер Қазақстан мен Ресейге тиесілі.
Бұрынырақ Өзбекстанның министрлер кабинеті 2015 жылғы 1-қыркүйектен бастап, көкөніс-жидек өнімдерін, картопты, бақша дақылдарын және жүзімді автомобиль көлігімен тасымалдауға тыйым салып, оларды темір жол және әуе тасымалына бағдарлаған еді.
Енді жақын күндерде 2016 жылғы 1-қаңтарға дейін экспортты тасымалдауға автокөлкіті пайдалануға рұқсат берілетін заңды тұлғалардың, яғни кәсіпорындардың арнайы тізімін дайындау туралы шешім қабылданды.
Ресми ақпарат бойынша, биыл Өзбекстан 296 мың тоннадан астам көкөніс, 80 мың тонна бақша дақылдарын, 115 мың тонна жидек және 110 мың тонна жүзімді экспортқа шығаруды жоспарлап отыр.
Өзбекстан жылына 15 миллион тоннадан астам көкөніс-жидек өнімдерін өндіреді.
Өткен 10 жылда экспортқа шығарылатын көкөніс-жидек өнімдерінің көлемі 400 мың тоннадан 800 мың тоннаға дейін, яғни, 2 есе артты. Өткен 2014 жылы Қазақстан Өзбекстаннан 500 миллион АҚШ долларына көкөніс-жидек өнімдерін сатып алды.