2017 жылғы қысқы студенттік ойындарды өткізуге жауапты Алматының халықаралық спорт жобалары дирекциясының басшы лауазымында Мәскеуде алдағы ойындарды өткізумен тығыз байланысты жеке бизнесі бар адам жұмыс істейді.
Михаил Гречухин Қазақстанда Спорт жобалары дирекциясы директорының орынбасары ретінде белгілі — дәл осы ұйым Униерсиаданы дайындауда. Дирекция басшысы Ильи Уразаковтың сөзі бойынша, Михаил Анатольевич қауіпсіздік мәселелеріне жауапты.
Бірақ Гречухин мырза Ресейде ISD (Information Systems Design) компаниясының 76 пайызына иелік етеді екен. Міне, осы компания аккредитация, қауіпсіздікті қамтамасыз ету, Универсиада да билеттерді сату бойынша қызметтерді ұсыну жөніндегі рольді атқаруға уміттеніп отыр.
Мұны FISU-дың (әлем бойынша Универсиадаларды өткізетін Студенттік спорттың халықаралық федерациясы) мамырдың 21-нен 25-не дейінгі аралықта Алматыдағы тексеріс қорытындысы бойынша дайындаған есебі де растап отыр Алматы:
«Information Systems Design компаниясы аккредитация жүргізу, қауіпсіздікті қамтамасыз ету және биллеттерді сату жөніндегі жеткізуші болуы мүмкін, бірақ контрактке әлі қол қойылған жоқ. Қалай болса да, компания Сочи олимпиадасында және футбол сияқты спорттық шараларда және басқаларында жұмыс істеу кезінде тиісті тәжірибе жинақтаған».
FISU бұл келеңсіз тура келулерді 2015 жылдың 15-маусымына дейін жоюды талап еткен. Осы тармақтың орындалуына жауапты тұлға ретінде Михаил Гречухин тағайындалыпты.
Біз Универсиада дирекциясында ресми қызмет ететін адамның өзінің біріккен бизнесі бар компанияның мүдделеріне лобби жасауы қалай мүмкін болғанына қызығушылық таныттық. Бұған ұқсас дүниелер сыбайлас жемқорлық деп аталатын еді ғой.
Осы мәселе бойынша толғандыратын сұрақтардың барлығын 365info медиа-порталының журналисі Михаил Гречухиннің өзіне және Илья Уразаковқа тікелей қойды.
— FISU-дың ұсынымына сәйкес сіздерге 15-маусымға дейін акредитация, қауіпсіздік және тағы басқалары бойынша қызмет көрсетуші компанияны анықтау керек болатын. Анықтадыңыздар ма?
Гречухин: Сіздер білу үшін — бізде аккредитациялау жүйесінің ашылғанына бір жылдан асты, ол біздің Дирекцияның төрт серверінде жұмыс істеп жатыр, ол бойынша төрт тестілік жарыс өткізілді және 4 мыңнан астам аккредитациялық құжаттар берілді, бұл, шамамен, Гранададағы Универсиадаға пара пар.
Уразаков: Аккредитациялау жөніндегі компания нақты анықталған, одан артығын да айтайын — ол ағымдағы көктемде FISU-дың отырысында ұсынылған болатын. Мен Матыцин мырзаның (FISU-дың бірінші вице-президенті Олег Матыцин — ред. ескертуі) компания анықталған жоқ деп айтқанына қатты таң қалып отырмын.
— Есепте контрактке әлі қол қойылған жоқ деп жазылған. Сіздер анықтадыңыздар ма? Ол ISD ма?
Уразаков: Иә, сол компания. Ол таныстырылды. Төрт тестілік чемпионат осы компанияның жүйесі бойынша өткізілді. Оларға FISU мүшелері қатысты және өздерінің түзетулерін енгізді.
— Ал енді мынадай сұрақ. Михаил Анатольевич, сіздің ол компанияға қандай жеке қатысыңыз бар? Интернеттегі ақпаратқа сәйкес, Сіз ондағы 76 пайыз үлеске иелік етесіз бе? Дирекция директорының орынбасары ретінде қызмет атқара отырып, Сіз қалай бір мезетте жеке кәсіпкер ретінде біздің Универсиадаға осы қызметті ұсынасыз? Сонда Сіз өзіңізге өзіңіз аккредитация жөніндегі қызметті сатып отырсыз ғой?
Уразаков: Қызмет тек құжаттаманы дайындау жағынан ғана қызмет болып табылады. Егер Сіз материалдық-техникалық базаға байланысты үлкен контарктілерді меңзеп отырсаңыз…
— Яғни, қауіпсіздік тегін жүзеге асырыла ма?
Уразаков: Жоқ, сатып алынатын құрал-жабдыққа көрсетілетін қызмет. Қазір біз әлі ешнәрсе сатып алып жатқан жоқпыз, оған смета жоқ, оларды конкурсқа қатысып, жеңіске жеткен компания сатып алады.
Бірақ біз бүгін көріп және таныстырып отырған, ертең сол бойынша жұмыс істейтін тұжырымдаманы, құжаттамны ISD компаниясы дайындады.
Осы кісінің сараптамалық пікірі негізінде мен оны ертең сол пікірді жүзеге асыру үшін біздің ұйымға қызметке шақырдым. Тағы да қайталап айтамын, „400 беттен тұратын құжаттамны дайындау„ мен көп миллиардтық контрактілерге қол жеткізу — екі бөлек дүние.
— Ал сол 400 бет тегін дайындала ма?
Уразаков: Оларды сол компания дайындады, біз ол контрактің ақысын да төлеп қойдық.
— Михаил Анатольевич, Сіз жұмысыңызға қанша ақы алдыңыз?
Гречухин: Сіз уақыт нүктелерін бұрмалап отырсыз. Біріншіден, жеке кәсіпкер туралы ақпарат… Оның Қазастанда атқарылып жатқан істерге қандай қатысы бар?
— Оның қатысы бар, өйткені Универсиадаға дайындық 4,5 жылдан бері жүзеге асырылуда, ал сіздің кәсіпорын 2013 жылдан бері ғана жұмыс істеуде.
Уразаков: Мен ұйымға осыдан 2 жыл бұрын ғана келдім, ал Михаил Анатольевич 7 ай бұрын келді.
Гречухин: Ол ұйымның Қазақстанда атқарылып жатқан істерге ешқандай қатысы жоқ. Мен ISD-арнайы жобасы туралы айтып отырмын. Онымен ешқандай контракт жасалған емес, ол мүлдем басқа ұйым, сіз Инетернетті дұрыс қарамағансыз. Оның мұнда жүзеге асырылатын кез келген өнімге ешқандай қатысы жоқ.
Уразаков: Құрал-жабдықтарды жеткізу — бір іс болса, аккредитация бойынша құжаттама дайындау — оған мүлдем қатысы жоқ жеке дүние.
Гречухин: Мен, шынында да, жеке кәсіпкермін және Ресейдің жеке кәсіпкері ретінде, Қазақстанда болып жатқан істерге ешқандай қатысым жоқ. Қауіпсіздікке қатысты тұжырымдама дайындалды, оның себеп-салдар байланысы келесіде: алдымен ментұжырымдаманы дайындаумен айналыстым, содан кейін мені маман ретінде дирекцияға қызметке шақырды. Осыған дейін менімен немесе менімен емес жасалған контарктілер менің осы саладағы маман ретінде атқарғаным жұмысыма ғана қатысты. Оның үстіне, мен Дирекцияда директордың орынбасары ретінде 2015 жылғы 1-маусымнан жұмыс істеймін.
Мені маман ретінде қызметке шақырғандықтан бұрынғы қызмет орнымда жұмыстан кету туралы арыз жазуыма тура келді. Сондықтан бұрынғы жұмыс орнымда мен есепте жоқпын.
Ол ұйым Мәскеуде тек бөлмені жалға алады, басқа ешқандай мүлігі жоқ, салық инспекция арқылы тексеруіңізге болады? Ол менің жеке кәсіпорным, қаласаңыз- тексеріңіз.
Біз өте маңызды сұраққа, міне, осындай, қисынға толы жауап алдық. Әсіресе, егер Михаил Гречухиннің сол компаниясы 2011 жылғы Азиада ойындары кезінде жарыстардың қауіпсіздігімен айналысып, сол қызметі үшін алты және жеті нольдер арасындағы теңге сомасындағы ақы алған болатын.
Біз тағы бір рет Интернетті қарап шықтық, бұл жолы өте мұқият қарадық. Екі компания да — Эйэсди-арнайы жоба және ISD — бір заңды мекен-жайда орналасқан.
Дирекцияның атынан әрекет ететін директор орынбасарының ресейлік жеткізушімен үлестес емес екеніне толық көз жеткізу үшін, біз Мәскеудегі ISD компаниясына телефон шалған едік.
— Сізді Алматыдан мазалап тұрмыз, біз сіздердің бірінші басшыларыңыздың атына хат жолдайық деп едік, оның аты-жөнін айтып жібересіз бе?
— Степаньков Александр Юрьевич.
— Ал Гречухин Михаил Анатольевич ше? Біз сол кісі…
— Ол Қазақстанда ғой.
— Яғни, оның тең басшы болғаны ғой, тек Қазақстан аумағындағы, дұрыс айтамын ба?
— Иә, бәрі дұрыс.
Біз 2017 жылы Алматыда өтетін Универсиаданың ұйымдастыру жағынан да, қауіпсіздік жағынан да жоғары деңгейде өткенін қалаймыз, бірақ серіктестер арасындағы қатынас қаз қалпында қалу керек қой. Әйтпесе, ол үйдің қабырғасын бояуға жалдаған сырлаушыны сол үйге отбасы мүшесі ретінде тіркеуге алғанмен бірдей болатын сияқты. Әлде олай емес пе?
Орысшадан аударған Қайрат Матреков