Қытайдың АҚШ-тың стратегиялық маңызда Малай бұғазын жауып қоятындығынан қорқатыны соншалық, ол Қазақстанның дамуына жүздеген миллион доллар құюға дайын, әлбетте, ол үшін белгілі шарттар қойып отыр.
Егер Жібек жолының Экономикалық белдеуін мұқият оқысаңыз, оның Қазақстанға арналып жазылғанын байқауға болады. Қытайдың біздің елімізді аса ірі көлік және транзиттік хабқа айналдыру мақсаты толығымен ұлттық «Нұрлы Жол» бағдарламасына сәйкес келеді. Атап айтарлығы, Қытай осынау шығынды жобаны қаржыландыруды өз мойнына алуға дайын. Дегенмен ҚХР-дың шынайы мақсатын ескеретін болсақ, тәуекелге баруға тұрарлық іс.
Болат Сұлтанов, Халықаралық және аймақтық қызметтесуді зерттеу институтының директоры:
— Қытайдың қандай да бір альтруистік пиғылы бар деп ойламаңыздар. Қытай Қазақстанның инфрақұрылымын дамытуға мүдделі дейсіз бе? Бос сөз! Халқыаралық құқық дағдарысы жағдайында
Қытай әлемдегі өте ірі державаның әскери теңіз күштері кез-келген уақытта жіңішке Малай бұғазын жауып қоятынына алаңдап отыр.
Сондықтан Ормуз және Малай бұғаздары қауіпті жағдайда. Егер мұнайдың 90 пайызы Қытайға дәл осы Малай бұғазы арқылы жеткізілетінін ескерсек, онда қазіргі салынып жатқан 4 газ құбырының, мұнай құбырларының, көлік коммуникацияларының құрылысы Қытайдың басты экономикалық мүддесі емес, өйткені ағыс мардымсыз. Бірақ мұның саяси тиімділігі орасан зор.
Сонымен қатар, халықаралық құқықтың дағдарысы жағдайында Қытай үшін ең жақсы нұсқа Қазақстанмен және Иранмен бірігіп, Парсы шығанағынан Иранның солтүстігіне дейін мұнай құбырын салуды бастау, содан кейін мұнай танкерлермен Атырауға жеткізіледі, ал Атыраудан ары қарай мұнайды Кенқияқ, Атасу және Алашанькоуға тасымалдаймыз. Бұл Ираннан санкциялар алынған және біз оны Уфада ШҰЕ-ге мүшелікке қабылдаған жағдайда мүмкін болады. Онда Қытай қуат көздерін тасымалдаудың сенімді жолына ие болады. Бұл Қытайды қуат көздерімен қамтамасыз етудегі сақтандыру элементі болмақ. Бүгінде Қытай мен Үндістан қуат көздерінің басты тұтынушылары.
Бірақ Қытайдың Азиядағы ықпалының таң қаларлық қарқынмен дамуын Вашингтонның мұқият бақылап отырғанын ұмытпаған абзал. Болат Сұлтановтың пікірінше,
АҚШ Қытайды аймақтағы басқа елдерден оқшаулауға тырысуда, соған қол жеткізу үшін Жапониямен, Оңтүстік Кореямен, Австралиямен, Филиппинмен альянсты жетілідіріп, Вьетнаммен, Индонезиямен, Малайзиямен «олардың аймақтық және жаһандық қатерлерге толыққанды жауап бере алуы үшін» екі жақтық серіктестік қатынастарды тереңдетуде.
Осымен бір мезетте Вашингтон Трансатлантикалық еркін сауда аймағын (Transatlantic Trade and Investment Partnership- TTIP) құрумен қатар, Транстынықмұхиттық еркін сауда аймағын (Transpacific Partnership- TPP) құру жөніндегі өз әрекеттерін белсендіре түсті. Бұл келісімдерге отыру АҚШ-қа бірден екі қоянды атып алуға мүмкіндік береді: бір жағынан, Қытайды Азиялық-тынық мұхиттық аймақтың басқа елдерінен және екінші жағынан, Ресейді Еуропалық одақтан оқшаулайды. Бұл екі елді Азиядағы қауіпсіздікті нығайту туралы ойлауға мәжбүр етеді, ал ол Қазақстанның қатысуынсыз мүмкін емес.
— Қазақстан қуат көздерін Орталық Азиядан Қытайға сенімді жеткізуді қамтамасыз ететін ел болуы мүмкін, ол теміржол, автомобиль, авиациялық және коммуникациялық аспектілерді қамтамасыз етеді, мен Қазақстан аумағы арқылы өтетін оптикалық-талшықты байланысты меңзеп отырмын.
Дәл солай Қазақстанның маңызы Ресей үшін де арта түспек, өйткені
Қазақстан Ресейдің Еуропалық бөлігінен Шығыс Сібірге тартылған барлық трансконтинентальдық магистральдарын қорғайды. Ал егер Шығыс Сібірдің аумағында стратегиялық ядролық нысандарының орналасқанын ескерсек, онда Қазақстанның Ресей үшін маңызын артық бағалау мүмкін емес.
Сөйтіп, аймақтағы екі жаһандық жобаның — ЕАЭО мен «Жібек жолының экономикалық белдеуі» — артында «қатқан» саяси ойын тұр. Ал егер екі интеграциялық үдерістің Қазақстанмен тығыз байланыста екенін ескеретін болсақ, осы Үлкен ойынға біздің еліміз де еркінен тыс тартылатын болады. Сондықтан мемлекеттің мақсаты — одан шығынсыз шығу ғана емес, сонымен қатар, одан неғұрлым қомақты пайда табу.
— Қазақстан үшін теңіздерге шығу мүмкіндігі болғаны өте маңызды. Сол үшін бізге Ресеймен ЕАЭО шеңберінде қызметтесу өте маңызды, ал қазір Жібек жолының Экономикалық белдеуі арқылы Қытайдағы Ляньюнган портына шығудың тамаша мүмкіндігі пайда болды. Біз қазір Оңтүстік-Шығыс Азиядан тауарды Қытай арқылы, ары қарай Қазақстан аумағы арқылы Еуропаға асыра аламыз. Бірақ жүкті тасымалдау Қытай шекарасынан Еуропалық одақ шекарасына дейін кедендік салық болмайтын кеңістік іске қосылғанда мүмкін болады. Өйткені кез-келген жүк Қазақстан мен Қытай шекарасында, одан кейін Қазақстан мен Ресей шекарасында үш кненнен бес күнге дейін тұрып қалады, себебі ол жерде сыбайлас жемқорлық өте кең қанат жайған. Ал трансконтинентальдық жол Батыс Еуропа — Батыс Қытай жобасы тек ЕАЭО шеңберінде мүмкін болады және дамиды.