Қытайдың «Жібек жолының экономикалық белдеуі» жаһандық трансконтинентальдық жобасы мен мұнайға тәуелділіктен арылуға мүмкіндік тудыратын «Нұрлы Жол» бағдарламасы бір мақсатқа — Орталық Азиядағы аса ірі елді аса ірі транзиттік жүк асыру бекетіне айналдыруға тоғысып отыр. Атап айтарлығы, осы мақсатты жүзеге асыруға Қазақстанда және Қытайда бюджеттер қарастырылыпты.
Қытай Назарбаевтың бағдарламасына лайықты баға беруде. Аспанасты елінің дипломаттары қатысқан Қазақ-Неміс университеті Халықаралық және аймақтық қызметтесуді зерттеу институты қйымдастырған дөңгелек үстелде Қазақстанның экономикалық стратегиясы туралы бірнеше рет айтылды. Қытай халық республикасы Бас консулының сөзіне қарағанда, Қытай оны ең бірінші болып өз елінің және біздің елдің аумағында жүзеге асыра бастапты.
Чжан Вэй, ҚХР-дың Алматыдағы Бас консулы:
— Ежелгі Жібек жолы Қытаймен Орталық Азияны байланыстыруда негізгі жүк асыру бекеті болып табылатын Қазақстанның бүкіл аумағы арқылы өтеді. Мәселен, Алматы көп уақыттан бері Батыс пен Қытай арасындағы сауда қатынастары жүзеге асырылатын транзитттік порт қызметін атқарып келді. Орталық Азия мемлекеттері, оның ішінде Қазақстанда бар, Жібек жолының экономикалық белдеуін құруда маңызды роль атқарып қана қоймай, сонымен қатар, қомақты кіріс алу мен бай қайтарымалу мүмкіндігіне ие.
Қазақстан Республикасының Президенті Жоғары мәртебелі Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Нұрлы жол» жаңа экономикалық бағдарламасы, шын мәнінде, Жібек жолының экономикалық белбеуі тұжырымдамасымен үндесіп жатыр. Сондай-ақ бұл саясат инфрақұрылымды жақсарту, және экономиканы жандандыру сияқты басқа да басымды стратегияларды қамтиды. Қытай мен Қазақстан арасындағы осындай нақты мәтінде мүдделердің ортақ түйісу нүктелері сақталып отыр.
Мәселен, Бас консулдың мәліметтері бойынша, 2014 жылғы желтоқсанда ҚХР мемлекеттік кеңесінің премьері Ли Кэцянның Қазақстанға сапары барысында Қазақстан мен Қытай металлургия, машина құрылысы, түрлі-түсті металлдар, мұнай өнімдерін өңдеу және басқалары сияқты 10 салада қызметтесу бойынша бір қатар келісімдерге отырды. Сонымен қатар, Қытай тарапы темір жолқұрылысы, «жасыл» энергетика, ауыл шаруашылығы бойынша қызметтесуді тереңдетуге дайын екендігі туралы мәлімдеді. Осы жылғы наурызда Қазақстан премьер-министрі Кәріма Мәсімовтің сапары барысында тараптар жалпы сомасы 23 млрд 600 млн доллардан асатын кәсіпорындар арасындағы 33 келісімге қол қойылды.
— Қазір 2 тораб: Алашанькоу және Хоргос арқылы өтетін еуразиялық темір жол іске қосылды, — дейді Чжан Вэй мырза. — Алматыдан, сонымен қатар, ішкі Қытайдан Еуропа қарай қатынайтын көптеген поезд бағыттары ашылды.
Осы жылғы ақпанда контейнерлік поездың алғашқы тұрақты рейсі Қытайдың шығыс теңіз жағалауындағы Ляньюньган қаласынан сапарға аттанды. Небәрі 6 күнде ол Алматыға жетті. Бұл дегеніңіз Қазақстан сияқты ішкіконтинентальдық ел үшін теңізге шығу жолы ашылды деген сөз.
Сонымен қатар бұл кезекті рет Қазақстанның, оның ішінде, Алматының еуразиялық транзиттік-логистикалық орталығы және Шығыс пен Батысты біріктіретін көпір ретіндегі маңызды ролін және Қазақстанның өлшеусіз әлеуетін көрсетеді.
Сонымен біздің президенттің бағдарламасы Қытай көшбасшысының идеясымен үндесіп жатыр ма? Яғни, «Нұрлы жолдың» негізгі идеясы — Қазақстанды Еуразияның батысы мен шығысы арасындағы көлік және энергетика дәлізіне айналдыру мақсатында қомақты қаржы құю. Қытай осыған қол жеткізу үшін жанын салуда. Бағдарламаны жүзеге асыру Қазақстанға өз табысының көздерін елеулі әртараптандыруға және мұнайдың әлемдік бағаларының толқуына тәуелділікті төмендетуге, ал Аспанасты еліне өз тауарларын Ресей мен Еуропаға тасымалдауды жолға қоюға мүмкіндік береді. «Нұрлы жолдың» ең кеудесоқты және перспективті элементі жаңа жолдарды салу мен қолда барын қайта құрылымдау жөніндегі көлемді жоспарлар болып табылады.
Константин Сыроежкин, ҚР президенті жанындағы Қазақ стратегиялық зерттеу институтының бас ғылыми қызметкері:
— Менің көзқарасым бойынша, бұл Қазақстан үшін жеткілікті мөлшердегі тиімді жоба. Қазақстан транзиттік әлеуеті өте үлкен мемлекет. Ал әлемдік фабрикамен көршілес отырып, одан тауар тасудан басқа мүмкіндік жоқ. Екіншіден, бұл, шын мәнінде, Жібек жолы экономикалық белдеуінің тұжырымдамасында және «Нұрлы жол» бағдарламасында қарастырылған идеялардың тамаша үйлесімі. Олар біріне керемет сәйкес келеді деуге болады.
Қытайдың басты мақсаты — жаһандық сауда державасына айналу болса, Қазақстан жариялаған басты мақсат — көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту. Бұл екі жобада бұл мәселені шешеді. Барлық еуразиялық жобалардан ерекшелігі — бұл жобаға ақша да табылды.
Өздеріңізге белгілі Қазақстан «Нұрлы жолды» жүзеге асыруға 15 миллиард долларға жуық қаржы бөліп отыр. Алайда мұндай орасан зор жобаның одан да көп қаржыны қажет ететіні қазірдің өзінде көрініп отыр. Дегенмен бұл жобаны қаржыландыруға қазірдің өзінде Азиялық даму банкі, Еуропалық қайта құрылымдау және даму банкі, Әлемді банк және Ислам банкі мүдделілік танытып отыр. «Үкімет келіссөздер жүргізді, мен олардың барлығымен кездестім. Олар қазірдің өзінде 9 миллиардқа дейінгі сомадағы қаржы бөлуге дайын», — деп мәлімдеді Нұрсұлтан Назарбаев. Тағы бір атап айтарлығы, жанымызда қаржыландырудың орасан көзі бар, ол да біздің жобаның табысты жүзеге асқанына мүдделі.
Болат Сұлтанов, Халықаралық және аймақтық қызметтесуді зерттеу институтының директоры:
— Жібек жолының тұжырымдамасы өте жақсы қаржыландырылуда. «Бір белдеу, бір жол» тұжырымдамасын қаржыландыру үшін түрлі қаржы механизмдері құрылуда. Оладың ішінде, жарғылық капиталы 100 доллар инфрақұрылымдық инвестициялардың Азиялық банкі (AIIB), жарғылық қоры 40 млрд доллар Жібек жолы қоры бар.
Пекин бес елде инфрақұрылымдық даму жобасын жүзеге асыруға арналаған инвестицияны игеруді жүзеге асыруға арналған дамудың жаңа банкісі БРИКС-ті құрудың бастамашысы болды. Сонымен қатар, Қытай бұрынғыдай серіктестерін Жібек жолының экономикалық белдеуін жүзеге асыруға бағдарланған Шанхай ынтымастықтық ұйымының даму банкісін құруға көндірігісі келеді.
Қазақстан үшін Қытаймен қызметтесу басымдыққа ие деп ойлаймын. 27-сәуірде Астанада президенттік сайлаудың қорытындылары бойынша көпшілік алдында сөйлеген еліміздің президенті Назарбаев Қазақстан үшін сыртқы саясаттағы басымды бағыт — көршілес Ресеймен және Қытаймен қызметтесу екенін айттты. Атап айтарлығы, Ресеймен қызметтесу ЕАЭО шеңберінде жүзеге асырылса, Қытаймен әрекеттесу Ұлы Жібек жолын жаңғырту бағытында жүзеге асуда. Бұл Қазақстанды транзиттік мемлекетке айналдыруға мүмкіндік береді, сонымен бірге, президенттің айтуынша, қазақстандық «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Қытайдың Жібек жолы экономикалық дәлізінің стратегиясы бірін бірі үйлесімді толықтыруда.
Си Цзиньпин өз кезегінде жібек жолының экономикалық дәлізі мен теңіздегі жібек жолын 21-ғасырдағы Азия көркеюінің қос қанаты деп атады. Атап айтарлығы, келесі мәселеге назар аударған жөн,
Жібек жолының теңіздегі белдеуін құру АҚШ пен оның Азиялық-Тынық мұхит аймағындағы одақтастары, бірінші кезекте, Жапонияның, Австралияның, Оңтүстік Кореяның, Филиппиннің мүдделеріне қарама-қайшы келеді және олардың қарсылығына тап болады.
Ендеше, Пекин үшін жақын және орта мерзімдік болашақта Жібек жолының құрлықтағы экономикалық белдеуін жүзеге асыру басымдыққа ие болады, бұл жоба Қытаймен достастық қатынастағы ШЫҰ-ға мүше-мемлекеттердің, бірінші кезекте Қазақстан мен Ресейдің, аумағы арқылы жүзеге асады..
Қазір саясаттанушылар мен экономистер Си Цзиньпин мырзаның 2015 жылғы мамырдың басындағы Астанаға сапарын үлкен қызығушылықпен асыға күтуде. Хабарланып отырғандай, осы сапар шеңберінде тек болашақтағы қызметтесу бағдарламасы талқыланбай, сонымен қатар, «Нұрлы жол» бағдарламасы мен Жібек жолының экономикалық белдеуін жүзеге асыру жолында өз ара әрекеттесу бойынша жаңа құжаттар да талқыға түседі. Өйткені кездесу соңында Бас консул Чжан Вэй келтірген «Басқа таудың тасы яшманы өңдеуге жарайды» мақалын қазақстандықтарға да Қытайға қатысты айтуға болады.