Bank of America (BofA) Merrill Lynch теңгені айырбастаудың шынайы бағамы асыра бағаланған, Қазақстанға атаулы бағамды 30 пайызға төмендетуге тура келеді, деп есептейді. Керісінше болған жағдайда экономика құлдырауға ұшырайды.
Ведомости жариялаған банк бағалауы бойынша, жылдың соңына қарай қазақстандық валюта бағамы доларға шаққанда 250 теңгеге дейін құлайды (қазір –185,65 теңге). Бұған кінәлі – Ресеймен сауда-саттықттың шарттарын нашарлатқан рубль девальвациясы мен мұнай бағасының құлдырауы. Алайда саяси тұрақсыздыққа жол бермеу үшін монетарлық билік девальвацияға тек 26-сәуірге белгіленген президенттік сайлаудан кейін ғана барады, делінген баяндамада.
2014 жылғы қаңтардан наурызға дейін теңгенің орташа айлық бағамы 16,5 пайызға құлаған және содан бері бір деңгейде тұр. Соңғы жылда Қазақстанның Ұлттық банкі теңгені қолдауға $18 млрд жұмсады, — дейді BofA Merrill Lynch сарапшысы Владимир Осаковский.
Қазақстан посткеңстік кеңістікте девальвацияға душар болған жалғыз ел емес. 2015 жылғы сәуірге дейін, бір жыл ішінде Украина валютасы 82,9, Ресейдікі 61,9, ал Белоруссиянікі 54,4 пайызға төмендеген. Ақпанда Азербайжанның Орталық банкі манаттың бағамын 34,6 пайызға төмендетті. Азербайжан бір сәттік девальвация арқылы жасалынып отырған алып-сатарлық қысымнан құтылмақшы болған еді, — дейді жағдайды түсіндірген Ресей халық шарушылығы мен мемлекеттік қызмет академиясының жетекші ғылыми қызметкері Павел Трунин. Осаковскийдің пайымдауынша, Қазақстан Ұлттық банкінің мұны қайталай алуы екіталай.
Екінші девальвация Ұлттық банк жүзеге асырып отырған бекітілген валюта бағамы саясатына деген сенімді жойып, девальвациялық күтілімді төмендетуі мүмкін, деп атап өтті Осаковский. А валютаға одан ары қысым жасау реттеушіні толығымен құбылмалы бағамға көшуге мәжбүр етуі мүмкін, деп есептейді сарапшы. 2012 және 2013 жылдары Қазақстан экономикасы тиісінше, 5 және 6 пайызға өскен, ал 2014 жылы ол, яғни, өсім 4,3 пайызға тең болған. BofA Merrill Lynch-дың бағалауы бойынша, 2015 жылы қазақстандық жалпы ішкі өнім 1 пайызға артады. Несиеге қол жетімділіктің төмендеуі салдарынан бизнес көп ретте тікелей үкіметке жүгінеді, деп атап өтті Осаковский. BofA Merrill Lynch-тың бағалауы бойынша, 2015 жылы Ұлттық қордың трансфертінен кейін республикалық бюджеттің тапшылығы 500 млрд теңгені құрайды. Осаковский ол несиелер есебінен өтелетін болады деп болжайды.