Қазақстан ІІМ Әкімшілік полиция комитеті балаларды тасымалдау кезінде автоорындықтарды пайдалану қажеттігін тағы бір мәрте автоәуесқойлардың есіне салды. Атап айтарлығы, егер бала 12 жасқа толса, немесе баланың салмағы 36 келіден артық болса, немесе оның бойы 135 сантиметрден биік болса, оған арнайы орындық қажет емес!
Басқа балалардың барлығына автоорындық, автобесік, „балаларды ұстау құралы„ ретінде жіктелетін жастық-бустерлер немесе қауіпсіздік белбеуімен бекітуге арналған басқа құралдар алу қажет. Айтпақшы, олардың санатына қауіпсіздік белбеуіне бекітілетін түрлі қаптамалар да жатады, олар өздерінің ықшамды болуының арқасында автомобиль салонында 4 балаға дейін алып жүруге мүмкіндік береді. Атап айтарлығы, оларды жүргізушінің өзі таңдайды.
Полицейлер БҰҰ-ы Жол қозғалысы туралы конвенциясының Қазақстанда 2009 жылғы желтоқсанда ратификациялағанын еске салды. Балаларды жеңіл автомобильдерде тасымалдауға арналған ұстау құралдарына қойылатын талаптар осы конвенцияны жүзеге асыру шеңберінде және БҰҰ Еуропалық экономикалық комиссиясының 1995 жылғы 16-қазандағы „Автокөлік құралындағы балаларды ұстауға арналған құралдарды ресми бекітуге арналған бірыңғай нұсқаулығына„ сәйкес бекітілген. Бұл норма әлемдегі 80-нен астам мемлекетте жұмыс істейді, олардың ішінде Ұлыбритания, Швейцария сияқты Еуроодақ мемлекеттері, сондай-ақ Ресей, Беларусь және Украина бар.
Естеріңізге салсақ, жақында „Ақжол„ партиясының депутаттары премьер-министр Кәрім Мәсімовтың атына үндеу жолдап, осы норманы енгізуді бір жылға шегеруді және оны 6 жастан кіші балалар үшін міндетті етуді өтінген еді. Осы мәселені талқылауға арналған парламент отырысы ІІМ өкілдерінің және қазақстандық блогерлердің қатысуымен 20-қаңтарда өтеді.