«Хабарды» кім талқыламайды, атап айтарлығы, оны жағымсыз жағынан өсектеу өзіндік бір «сәнге» айналғандай. Дегенмен «Хабар» Агенттігі» АҚ басқармасының төрағасы Айдос Үкібаев ол «сәнді» өзінше бағалайды.
— Сонымен, «хабарлық» арналарды кім көреді? Телевизия саласының мамандары сіздерді, шынымен „жүрт көргісі келмейді„ деп мәлімдеуде. Әлде, бұл пікір жұмсақтап айтқанда, ескіріп қалды ма?
— Бізді миллиондаған қазақстандықтар көреді. Бұл асырып айтқандық емес. Бізді қарағандықтан, біздің атымызға сын айтылуда. Егер қарамаса, еш нәрсе айтылмаушы еді. „Телекөрілім„ деген статистикалық көрсеткіш бар, ол қаралған контенттегі әр арнаның үлесін көрсетеді. Шынайы өлшемдер соңғы жарты жылда барлық мемлекеттік телеарналар телекөрілімі деңгейінің елеулі артқанын көрсетеді. Бұл арналардың шетелдік, атап айтқанда, ресейлік ТВ-ның ақпараттық экспансиясына қарсы мақсатты күрес саясатының нәтижесі. Біз өз көрерменіміз үшін белсенді күрес жүргізіп, контентті неғұрлым түрлі, қызық етуге тырысудамыз.
— Мұны байқадық, өйткені „Хабар„ телеотбасына жататын арналарда ресейліктердің сыңарындай: «көңіл аулау» басым.
— Телевизия көрерменнің көңілін аулауға міндеті, бұл медиа нарықтың аксиомасы. Жоғары материалар туралы айтып, телевизияның басты мақсаты не: ақпараттандыру ма, ағарту ма әлде көңіл аулау ма? деген мәселе бойынша жақ талғанша дауласуға болады. Бірақ көрермен бұл сұраққа әлдеқашан жауап берген. Рейтингті, шын мәнінде, көңіл аулайтын контент береді – музыкалық және әзіл-сықақ шоулары, телевизиялық мелодрамалар, түрлі хикаялар көтереді. Егер арна осы ережені ұстанбаса, онда, тіпті, керемет сараптамалық бағдарламалар дайындаса да аудиториясыз қалуы әбден мүмкін. Әрине, мұндай арнаны қарайды, бірақ аз адам және сирек.
Бізді көп ретте, олардың ішінде, кейбір шенуніктер де бар, сіздер мемлекеттік арнасыздар, көңіл аулайтын бағдарламалар неге көп, деп айыптайды. Алайда ондай контенттің бізге не үшін керек екенін түсінгісі келмейді. Бізге көрермен қажет. Шетелдік арналармен, интернет-порталдармен қатаң бәсекелестік жағдайында телекөрермен үшін күрес көп ретте тактикалық, ал кейде агрессивтік әдіспен жүргізіледі. Көрерменді арнаға ақпараттық, сараптамалық, қоғамдық-саяси бағдарламалармен арнаға тарту үшін, эфирде оларды қызықтыратын қақпандар жасау керек. Көңіл аулау бағдарламалары сондай қақпандардың рөлін атқарады. Мәселен, телехикаялардың жаңалықтардың алдында немесе солардан кейін, ал көңіл аулау шоуларының қоғамдық-саяси ток шоулардың маңында берілуі тегін емес.
— Солай десек те, кейбір сарапшылар „Хабар„ телеотбасы арналары рейтингілері мәз емес екендігін атап отыр. Осы орайда, Сіз не айта аласыз?
— Ал сізге телеарналардың рейтингісін жасайтын еліміздегі жалғыз жеке компания әділдіктің шынайы көрсеткіші деп кім айтты? Егер сол рейтингтерге сенер болсақ, қазақстандықтар тек күмәнді сападағы үнді хикаяларын, ресейлік эстрада жұлдыздарының концерттерін және деңгейі төмен ток-шоуларды көреді екен. Сіз осындай рейтингке сенесіз бе? Мен – сенбеймін. Сізге де осындай күмәнді деректер беретін рейтингтік агенттіктің кімге бағдарланғанын ой елегінен өткізуді ұсынамын. Біздің республика халқының жартысы ауылды жерде тұрады, бірақ агенттік оларды мүлдем назарға алмайды.
— Сонда жеке сарапшылардың өтірікті шындай соғып отырғаны ма?
— Алдымен өзін сарапшылар қатарына қосып отырғандардың кім екенін әдептілік сақтап, анықтап алайық. Еліміздің әр аймағында көрермен аудиториясында түрлі әлеуметтік топтар бойынша сауал ұйымдастырып, өзі өлшем жүргізіп отырған елдің ерекшелігін ескере отырып, жеткілікті деңгейде шынайы статистикалық топтама жасау үшін қыруар жұмыс атқару керек. Бұл қомақты қаржы жұмсауды талап ететін, ауқымды, әрі байсалды жұмыс. Әрине, үлкен қалалардағы іріктелген шағын топтың пікірін біліп, сол деректер бойынша эфирге мониторинг жүргізіп, содан кейін: сіз білесіз бе, „Хабарды„ мүлдем қарамайды екен, ал „Үнді ТВ„ көрермен көңілінен таба біліпті, деген терең мағыналы мәлімдеме жасауға болады. Мұндай „сарапшыларға„ менің сұрағым жоқ. Ұнаса, Сіздерде солардың жетегінде жүре беріңіздер. Десек те, көңілде кірбің қалды. Кез-келген кәсіби саладағы дилетанттық — көңілге қаяу түсіреді, бірақ жария болған дилетанттық – ерекше қынжылтады.
Тұрғындардың белгілі бір бөлігі қарадүрсінді хабарларды қарай беретіні түсінікті. Бірақ олар қазақстандықтардың басым көпшілігі емес, сондықтан көпке топырақ шашуға болмайды. Коммерциялық телевизия осындай „қоғам сұраныстарының„ жетегінде жүреді, бизнестің аты бизнес. «Хабар» Агенттігі» телеэфирде мемлекет атынан сөйлейді, сондықтан біз телевизияның тек табыс табу әдісі емес екенін жақсы түсінеміз. Ол адамдарға, олардың мүдделеріне, құндылықтары мен идеалдарына орасан зор әсер ететін қуатты қоғамдық-саяси құрал. «Хабар» агенттігінің барлық арналары – қоғамды толғандыратын мәселелер бойынша мемлекет ұстанымын ілгерілетудің, танымалдандырудың, түсіндірудің құралы. Біз осыны ұстанамыз.
Алайда, мемлекет ұстанымын жеткізу үшін, халық арнаны қарауы керек, ол үшін аудитория қажет. Ал аудиторияны ең алдымен көңіл көтеру контенті тартады, сондықтан ол жеткілікті мөлшерде болу керек. Бірақ оның сапалы болғаны жөн, біз барлығын бірдей қабылдай бермейміз. Біздің телеотбасы арналары тарататындардың барлығы моральдық, этика және қоғамдық маңыздылығы тұрғысынан өзіндік бір фильтрден өтеді. Әлбетте, «Хабардың» осындай талабы әркімнің көңілінен шықпайды. Иә, «Хабар» қазір, жақсы тұрғыдан алғанда, көңіл аулауға неғұрлым лайықталған арнаға айналып келеді, соның арқасында біртіндеп, бәсекелестеріміздің „күлшесін„ тартып ала бастадық. Ал Қазақстанда медиа-бизнес өзара бөліп отырған күлше соншалықты үлкен емес. Міне, сондықтан бізді соншалықты жақтырмайды, жалған рейтингтер де соның салдарынан туындап отыр, бұл сыпайылап айтқанда, соншалықты сындарлы сын емес. Бірақ біз оған байыпты қараймыз. Бұл тек бизнес.
— Шын мәнінде, бізде мемлекеттік телевизияны тек жалқау сынамайтын шығар. Бұл өзіндік бір дәстүрге айналған. Атап айтарлығы, «хабарлық» арналар тұжырымдамасын өзгерте бастап еді, сынның да қызуы елеулі көтеріле түсті. Неліктен? Бәсекелестер тырысып жатыр ма?
— Мүмкін. Біз қарсы емеспіз, тырыссын, сынасын. Сын – жақсы, ол әрқашан өсуге, жақсырақ бола түсуге септігін тигізеді. Тек ол кәсіби болу керек. Бірақ соңғы уақытта, өкінішке қарай, біз кері қозғалысты көріп отырмыз. Көп ретте баспасөзде, әлеуметтік желілерде, медиа конференцияларда медиа нарықтағы жағдайды бағалау құқығын иемденген, бірақ тәжірибеде сол құқықты еш нәрсемен дәлелдемеген адамдар өз мойнына алуда. Олар қазақстандық телевизия, атап айтқанда, мемлекеттік арналар туралы көп әңгіме қозғайды, атап айтарлығы, олардың соңғысы туралы тек жағымсыз пікір айтылады. Осы орайда, шын мәнінде, осындай қисынсыз сын айтқызатын, ақпараттық шабуыл жасауға берілген қандай да бір тапсырыс бар шығар деген ойға қаласың. Біреулер салық төлеушілердің ақшасын санаса, басқалары — мемлекеттік арналардан берілетін ток-шоулардың, хикаялардың және көңіл аулау бағдарламаларының үлесін есептейді. Үшіншілері, сіздерде түкке тұрмайтын, тек көңіл аулайтын бір нәрселер көрсетіледі, ал туған өлкеге деген сүйіспеншілік тәрбиелейтін мәдени бағдарламалар жоқ, деп соғады. Тіпті, теледидардың алдына отырып, біздің арналарды қарамастан-ақ соғады, ал олар тек сондай бағдарламалардан тұрады.
— Осы туралы толығырақ айтып өтсеңіз…
— Бұл жерде әңгіме біздің тақырыптық арналарымыз туралы, олар заманауи телевизия кеңістігінің даму үрдісін басшылыққа ала отырып жасалған. Әр көрерменге өзінің көңіліне жағатын нәрсе керек, егер ол оны ресейлік немесе американдық арнадан емес, қазақстандық арнадан тапса, дұрыс болады. Сол үшін білім және мәдени тәрбие беретін дүниелерді «Білім және Мәдениет» арнасынан табуға, болса, ақпарттық лек «24KZ» арнасында ағылып жатыр. «Қазақ ТВ» бірнеше тілде сапалы өнімді тауар таратып, әлемдік алып аудиторияға біздің елімізді шығарады. Бізді өзіміздің эфирде отандық хикаялардың пайда болғаны қуантады, атап айтарлығы, олардың сапасы да елеулі жақсарып келеді. Соңғы 3-4 жылда таратылатын қазақстандық көркемсуретті өнімнің елеулі өсуі кездейсоқтық емес. Ел өзіміздің отандық, қазақстандық кино мен хикаяларды сүйсіне тамашалауда. Осы жерде, мен үлкен аудиторияны тартатын, әлеуметтік маңызды контент туралы айтқым келеді. Көпшілік «Хабар» арнасында «Жұлдызды дода. Звездные войны» и «Бенефис-шоу» көңіл көтеру бағдарламаларымен қатар эфирде бүгін бүкіл қоғамды толғандырып отырған мәселелерді талқылайтын «Жекпе-жек», «Одна судьба», «Біздің үй», «Нүкте» сынды әлеуметтік бағдарламалардың пайда болғанын көріп отыр. Қалың көпшілікке экономикалық мәселелер бойынша пайдалы кеңестер беретін «Экономкласс» бағдарламасы да көрерменге жол тартты.
Мұндай мамандандырылған бағдарламалар бүгінде «Хабар» агенттігінің арналарында, жақында баспасөзде айтылғандай, бір-екі, үш-төрт емес, оншақтыланып саналады. Біздің құрметті сынаушыларымыз тек екі: «Хабар» мен «24kz» – телеарналарында толыққанды жаңалықтар «хабы» пайда болғанын байқағысы келмейді, енді көрермендер жаңалықтарды ресейлік арналардан іздемейді. Мұнда Қазақстан және шет елдер бойынша барлық өзекті ақпарат таратылады. Біз бұған елімізде дәл осы «Хабарда» алғаш рет шетелдерде қуатты тілшілер жүйесін құру арқылы қол жеткіздік. Сонымен қатар барлық аймақтардан күніне бірнеше рет эфирге тікелей қосылып, оқиға орнынан ақпарат беретін тілшілердің ішкі жүйесі де белсенді жұмыс істеуде. Сондай-ақ, енді көрермендер онлайн режимінде еліміздегі аса маңызды мәселелер бойынша брифингтерді де көре алады.
— Рейтинг мәселесіне қайта оралсақ. Сіз Қазақстанда жарияланатын телеарналар рейтингісінің шынайы емес екендігі туралы айтып өттіңіз. Дегенмен, тіпті, сондай ала-құла өлшемдерге де сенсек, «Хабар» арналарының рейтингісі үнемі өсу үстінде, әсіресе, соңғы уақытта. Шынын айтсақ, жарияланған үлестер өте қарапайым көрінеді. Мәселен, сіздердің «24kz» арналарыңыздың көрсеткіші небары 1-1,5% тең. Әділін айтсақ, әйтеуір, қоя салынған сан.
— Ақпараттық арна үшін бұл жақсы көрсеткіш. Ресейлік ТВ-нарықтағы «Россия24» арнасының үлесін қараңыз: ол 1,3% құрайды. Ал Реседегі өте танымал «Lifenews» ақпаратық арнасының үлесі – 1,5%. Ал біздегі кейбір өзін сарапшы атайтындардың «24kz» ақпараттық телеарнасын дәл сондай рейтингі үшін сынауы олардың телевизиядан мүлдем хабарсыз екенін немесе әдейі жәдүгейленіп отырғанын көрсетеді. Кез-келген кәсіби маман сізге тек жаңалықтар тарататын ақпараттық телеарналардың үлкен рейтингке ие болмайтынын айтады. Олардың мақсатты аудиториясы өте тар. Ағымдағы жылы біз «24kz» арнасының қаралуына қатысты ауқымды әлеуметтік зерттеулер жүргізуге тапсырыс бердік, олардың нәтижелері бізді қуантты. Өз сегментінде арна сұранысқа ие. Оны «24kz» арнасы танымалдығының артып келе жатқандығы дәлелдейді, ал оның жедел қосымшасы Қазақстанда смартфондар үшін пайдаланылатын қосымшалардың алғашқы 10-на енеді.
— Қол жетіп отырған табыстарға қарамастан, Сіздің сынды күйзеле қабылдайтыныңыз байқалады. Неге? Сізді бүгін «Хабар» туралы пікірдің шынайы тұрғыдан айтылмай отырғаны мазалай ма?
— Өз басым дилетанттықты көтере алмаймын. Барлығын кәсіби тұрғыдан жасау керек, оның ішінде, сынғанда да. Мен біздің холдингте бәрі керемет деп айта алмаймын. БАҚ саласында олай болмайды. Телевизия көз алдымызда трансформацияға ұшырап жатыр, ақпарат таратудың жаңа нысандары пайда болуда, инновациялық жаңа амалдар туындауда, түптеп келгенде, технологиялық революция орын алуда. Біз күнделікті өзгерудеміз, сеніңіз жақсы жаққа қарай өзгеріп жатырмыз. Егер кеше қазақстандық телевизияны дамытудың бағдары ресейлік арналар болса, бүгін біздің алдымызда мүлдем басқа мақсаттар тұр. Әңгіме Батыс Еуропа, АҚШ, Жапония, Оңтүстік Корея, Қытай телевизиясы туралы. Біз олармен қызметтесіп, үздік тәжірибені қабылдап жатырмыз. Ал сын – біздің сенімді серігіміз. Ол бізге бір орнында тұруға мүмкіндік бермей, үнемі алға жетелеп, біздің жақсара түсуімізге септігін тигізеді. Ал бізді сынау тоқтатылса, онда, шынымен, біздің жағдайымыздың мәз болмағаны. Тек ешнәрсе жасамайтындар сын тезіне ілікпейді.