Соңғы уақытта қырғыздық және ресейлік БАҚ-та Асқар Ақаев туралы жарияланымдар көбейіп кетті. Бұрынғы президенттің отанына оның қайта оралуына жағдай жасалып жатқаны туралы әңгіме айтылуда.
Алғашқы қырғыз революциясының құрбаны Асқар Ақаев ұмыт болды деу, шындыққа жанаспайды. Ол елде болмаған кезеңде қырғыз БАҚ-тарында оның тұрмысы, теріскейдегі көршіміздің астанасындағы ғылыми-ұстаздық қызметі туралы ірілі-ұсақты мақалалар жарық көріп жатты. Алайда жетпіс жылдық мерейтойы қарсаңында (Асқар Ақаев 10-қарашада туылған) бірден бірнеше қырғыздық және ресейлік басылымдар Қырғыз Республикасының бұрынғы президенті туралы мақалалар легін жариялады. Ақаевтың өзімен, оның қызымен жасалған сұқбаттар жарық көріп, бірқатар авторлық мақалалар жарық көрді, әзірге осы публицистика жағымды пікір мен елжіреушіліктен басқа ешнәрсе тудырған жоқ. Ал белгілі ресейлік телеарна тіпті, Асқар Ақаев туралы, көптеген мемлекет басшылары іспетті геосаяси қастықтық құрбаны болған, бірегей ақыл-ойға ие, ақ жүректі және жарқын жанды адам ретінде әңгімелейтін деректі фильм түсіріпті. Ақаевты тақтан тайдырғысы келген геосаяси қастықтың бастамашылары президенттік ортадағы ішкі қарама-қайшылықтарды пайдаланып, Президент әкімшілігіндегі оның жақын жақтастарын үкімет мүшелерімен текетіреске баруға арандатты. Ал бұл өз кезегінде, президенттік биліктің және оның командасының басқарушылық қабілеттерінің әлсіреуіне, сондай-ақ сайлауалды уәделердің орындалмауына әкеліп соқты-мыс. Бұл халықтың, тіпті, төңкеріс кезінде билікті қорғағандардың, оны үнсіз жек көруіне жеткізген көрінеді…
Десек те, Асқар Ақаев қуғында жүрсе де өз ұстанымын өзгертпеді.
— Егер мемлект басшылығына қайта келсем, мен елді қайтадан жүрген жолыммен алға жетелеп, халық бірлігін нығайтуға, этносаралық қатынасты үйлестіруге, демократиялық өзгерістерді тереңдетуге бастаушы едім, – деп мәлімдеді ол басылымдардың біріне берген сұқбатында. – Оған балама жоқ. Қырғызстан тек демократиялық даму жолымен толыққанды мемлекет болып қалыптаса алады. Ең басында сондай дұрыс жолды таңдай білген Қырғызстан 2000 жылдарға қарай шынайы демократиялық мемлекет болып қалыптасып, халықаралық қауымдастықтың толыққанды және беделді мүшесі бола білді. Экономика тұрақты даму үстінде болды. Мәдени жаңғыру басталды. Ел өрлеу үстінде болды. Мен өзімнің басты ұранымды қайталаудан жалықпаймын: «Тұрақтылық пен эволюция, революциядан артық!» Өзіңіз қараңызшы, үш революция Украинаның жаңа мемлекеттілігінің тас-талқанын шығарды. Мен қырғыз халқының адал перзенті, Қырғызстанның азаматы болғанмын және болып қала беремін. Еш уақытта ата-анам мен ата-бабам аруақтары жатқан туған жерден жырақта өмір сүрем деп ойламаған едім. Жан-тәніммен елге оралуды армандаймын. Менің елге қашан оралуымның мәселесі, шын мәнінде, қарапайым мәселелерге байланысты – билік қарсылық білдірмей, түрлі арандаушылықтар ұйымдастырмаса болғаны. Сонымен қатар, Ресейдің мемлекеттік басшылығының маған және менің отбасыма шынайы кең пейілділік пен қонақжайлылық танытқанын атап өткім келеді. Маған ғылыми және шығармашылық қызметпен айналысу үшін барлық жағдай жасалынған.
Дегенмен отанға оралсам деген ұмтылыс бар. Сіздер оны дұрыс түсінесіздер деп ойлаймын.
Бұл тұрғыдағы қырғызстандықтардың пікірі әр түрлі. Біреулер оны қырғыз мемлекеттігінің негізін қалаушысы
ретінде есептеп, оның кезінде елде тұрақтылық орнап, мемлекет даму үстінде болды деп санаса, басқалары дәл сол Ақаевтың кезінде республиканың өнеркәсіптік әлеуеті құлдырауға ұшырап, етек-жеңінен жалғасқан сыбайлас жемқорлық өршіп, мемлекет құлдыраудың шыңырауына жетті деген пікірде.
Алайда президенттік лауазымда Асқар Ақаевты алмастырған Құрманбек Бақиев та тек қиялында өркендеген Қырғызстаннан кетуге мәжбүр болды. Одан да сорақысы, елде етек жайған сыбайлас жемқорлыққа ерекше қарқынмен өркендей бастаған протекционизм мен рейдерлік қосылды. (Оның үлкен ұлы Максимнің «ерліктері» ел арысында аңызға айналды). Туған өлкесінің өзі көтермелеген тумаларына арқа сүйеген Бақиев, шындап келгенде, оларға елді тонауға берді, соның салдарынан, онсыз да жағдайы мәз болмаған Қырғызстан мүлдем құлдырап кетті. Оның нәтижесі – кезекті революцияға ұласты.
Халықтық көтерілістің қандай үдерістердің салдары болғаны – мүлдем бөлек әңгіме. Алайда соңғы уақытта орын алып отырған саяси оқиғаларға қарап, бірінші президенттің Қырғызстанға оралу мүмкіндігі туралы әңгіме негізсіз емес, деп есептейді саясаттанушы Марс Сариев.
— Мен Асқар Ақаевтың қайта оралуына негіз дайындалып жатыр, деп ойлаймын, – дейді ол. – Ауыр экономикалық жағдайдан шаршаған халық өткен кезеңді аңсай бастады. Дегенмен қарсыластар әлі бар, сондықтан оның елге оралатын кезі келген жоқ. Бұл елдегі ахуалды тұрақсыздандырып жіберуі мүмкін. Өз басым оның оралғанына қарсы емеспін. Бұл Қырғызстанда толеранттық ортаны қалыптастырушы еді. Өзінің барлық қателіктері үшін, ал оның ішіндегі ең бастысы, Асқар Ақаев Қырғызстанды өскелең мемлекеттке айналдырудың бірегей мүмкіндігін уысынан шығарып алғаны үшін, ол толық сазайын тартты.
Ал саясаттанушы Шерәділ Бақтығұлов, өз кезегінде, басқа көзқарасты ұстанып отыр.
— Оның жолы болды: Кеңес одағы ыдырағаннан кейін Қырғызстанда сенімділік қоры болды, кеңестік биліктің тетіктері Ақаевтың пайдасына жұмыс істеп, ел серпінмен алға жылжыды, – деп есептейді Бақтығұлов. – Егер ол, қазір біреулердің көрсеткісі келгендей, көреген болса, кезінде екінші Швейцария құратыны туралы айтпаушы еді. Ал, шын мәнінде, Ақаев елді басқарған жылдарда Қырғызстан Швейцарияға емес, Гондурасқа айналды. Барлығы тонауға ұшырап, біз зауыттарымыздан, бірегей станоктардан айырылдық. Атамбаев бірде тамаша сөз айтты: «Экономикаға физиктің көзімен қарауға болмайды». Ақаевқа өз ісімен айналыса беру керек еді, өйткені ол Орталық Азия мемлекеттері басшылары арасындағы не басшылық, не шаруашылық, не өнеркәсіптік, не қаржылай басқару тәжірибесі жоқ басшы болатын. Егер КСРО ыдырау кезінде Қырғыз Республикасы ЖІӨ бойынша Орта Азия елдерінің арасында неғұрлым жоғары орында болса, ал қазір Қырғызстанның қай жерде, Өзбекстан, Қазақстан және Түркіменстанның қайда екенін өз көзімізбен көріп отырмыз. Егер ол өзін соншалықты жақсы көрсеткісі келгендей болса, онда бүгін Мәскеуде емес, Бішкекте өмір сүруші еді. Алайда Асқар Ақаевтың келбетін ақтау жөніндегі ақпараттық науқан тоқтатылмайды.
Осы орайда, Қырғызстанның қазіргі президенті Алмазбек Атамбаев елеулі, оның ішінде, сырттан жасалған қысымға ұшырап отыр. Осыдан бірнеше күн бұрын ол телеарналардың біріне берген сұқбатында ҮЕҰ-ларды қаржы көздері туралы толық қаржылық есеп беруге міндеттеуді қарастыратын „Коммерциялық емес ұйымдар туралы„ заң жобасын толық қолдайтындығы туралы мәлімдеді.
Күтілгендей, кері әсер іле-шала белгілі болды. Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері президент атына ашулы үндеухат жолдап, келдегі ахуалды шатқаяқтату бойынша өздеріне тағылған айыпты жоққа шығарды.
Өздерінің болашағы үшін қорыққан демократияны ілгерілетушілер мемлекет басшысына жұмсақ сес көрсете бастады. Сөйтіп, олар президентке өзінің алдында болған мемлекет басшыларының тағдырын еске салып, олардың ҮЕҰ-лардың қызметіне араласқаннан кейін президенттік өкілеттіліктерінің күрт және қайғылы аяқталғанына меңзеді.
«Заманауи тарих көрсетіп отырғандай, тәуелсіздік жылдарында ҮЕҰ-лар тарапынан Қырғызстанға қастық жасалған бірде бір оқиға болған емес», – делінген БАҚ-та жарияланған үндеухатта.
Бұл турасындағы өз пікірін Жоғарку Кеңеш депутаты Тұрсынбай Бәкір ұлы білдірді.
— Еліміз ұрынған екі түрлі түсті революциялардың бастамашылары мен рухтандырушылары дәл осы ҮЕҰ-лар, – дейді депутат. – Ол аз болса, көптеген үкіметтік емес ұйымдар өздерінің қиратулар мен митингтерге қатысы жоқ екенін мәлім етті. ҮЕҰ-ы басшыларының жеткілікті қаржылық капиталы бар, олар қымбат көлік мінеді, хан сарайындай керемет үйлерде тұрады, шет елдерді саяхаттайды. Алайда неліктен екені белгісіз, олар табыс туралы декларацияны толтырмайды, тек ел бюджетіне төлеген мардымсыз салықтары туралы айтудан жалықпайды. Атап айтарлығы, Қырғызстанда жиырма мыңнан астам ҮЕҰ-лар болса да, президент атына жолданған екіжүзді үндеухатқа олардың тек қырық үшінің жетекшілері қол қойған. Дәл солар біздің еліміздің жастарын ірітіп, мәдени құндылықтарды жойып, бүлдіру әрекеттерін жүзеге асырып жатқанын көрсетеді. Міне, солармен жұмыс істеген жөн.