Жақында Қазақстанның $2,5 млрд егемен еурооблигацияларын табысты орналастыруы біздің еліміздің сыртқы қарызының динамикасына еріксіз назар аудартты.
Түптеп келгенде, бұл көрсеткіш бойынша, Қазақстан әлемдегі дәрежесі бойынша үздіктер қатарында деуге болады. Өйткені біздің үкіметіміздің сыртқы қарызы ЖІӨ-мен салыстырғанда өте төмен. ҚазТАГ агенттігіне берген сұқбатында Ұлттық экономика министрлігінің жауапты хатшысы Данияр Вағапов, мемлекеттік сектордың қарызына ЖІӨ-нен 2,6 пайыз келеді, ал абсолюттік шама тұрғысынан алғанда $5,8 млрд келеді, деп түсіндірген еді. Қазақстанның жалпы қарызының шамасы $155,5 млрд. немесе ЖІӨнің 68 пайызына жетті. Бұл соманың $74,4 млрд немесе 50 пайызға жуығы фирмааралық қарыздарға тиесілі, бірақ олардың жүйелі қаупі жоқ, өйткені қарыз «тікелей» инвесторлар мен олардың Қазақстандағы еншілес құрылымдары арасындағы міндеттемелерді көрсетеді. Корпоративтік сектордың қарызы $64,6 млрд құрады, оның ішіндегі мемлекет үлесі бар компаниялардың еншісіне $21,3 млрд, банк секторына – $10,6 млрд. келеді.
Қаржы министрлігінің мемлекеттік қарыз жөніндегі жедел мәліметтері қазақстандық валютамен берілген (кестені қараңыз), бірақ, түптеп келгенде, олар Вағапов мырза келтірген мәліметтерден соншалықты алшақ емес. Ал қазанда үкімет тарапынан еуробондтарды орналастыруға тартылған $2,5 млрд есебінен оның сыртқы қарызы бір жарым есе (дәлірек, 43,1 пайызға), яғни, абсолюттік шамада $8,3 млрдқа дейін артады. Айтпақшы, ол салық төлеушілер есебінен төленеді. Мұның сыртында, мамыр айында Астанаға жасалған сапар кезінде Дүниежүзілік банк басшылығы Қазақстанға экономиканы әртараптандыруға және оның бәсекелестігін көтеру үшін $2,5 млрд бөлуге уәде еткен еді. Егер бұл жерде несие алушы үкімет болса, оның сыртқы қарызы қазіргі шамамен салыстырғанда және еуробондтарды ескергенде, 86,2 пайызға дейін, яғни, екі есеге артып, $10,8 млрдты құрайды.
Атап айтарлығы, үкімет бір мезетте өзінің ішкі қарызын да өсіріп отыр, оның ішінде, қорлары Ұлттық банк басқаратын, «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында» шоғырланған, Қазақстанның болашақ зейнеткерлері есебінен де. Бұл көрсеткіш жыл басынан бері 17,2 пайызға, яғни, 4 трлн 237 млрдқа дейін өскен ($23 млрд шамасында). Айтпақшы, Ұлттық банктің өз қарызы да үлкен дәрежеде өскен –6 есеге жуық, 20,8 млрд теңгеге дейін!
Өздеріңіз көріп отырғандай, үкіметтің сыртқы қарызының ішкі қарызбен теңесуге мүмкіндігі бар, яғни, $20 млрд деңгейіне жетуге. Бұл үшін Министрлер кабинетіне тағы бір екі жыл жыл сайын $5-6 млрд-тан қарыз алса, жетіп жатыр. Ол үшін себептер де жеткілікті – Универсиада-2017 және «ЭКСПО-2017», ол аз болса, 2022 жылғы қысқы олимпиада ойындары бар, «Батыс Қытай – Батыс Еуропа» автодәлізі сияқты ауқымды инфрақұрылымдық жобаларды айтпағанда. Егер жақын болашақта мұнайдың әлемдік бағасы қазіргі қарқынмен төмендесе, ондау «жүдеу» жылдарда қазақстандық қазынаның қарызы өсе түсетіні анық.
№ р/с |
Көрсеткіштер атауы |
2014 жылғы 1-қаңтар |
2014 жылғы 1-қазан |
1 |
ҚР Үкіметінің қарызы |
4 380 969 185 |
5 153 679 949 |
1.1 |
Ішкі қарызы |
3 614 604 006 |
5 153 679 949 |
1.2 |
Сыртқы қарыз* |
766 365 179 |
4 236 972 342 |
2 |
ҚР Ұлттық банкінің қарызы* |
3 577 060 |
916 707 607 |
3 |
ҚР Ұлттық банкінің қарызы * |
15 494 597 |
20 831 210 |
ҚР жергілікті атқару органдарының қарызы** |
4 400 040 842 |
5 190 005 756 |
Ескертпе:
*Өткен айдың 1-күніндегі мәліметтер
**Тоқсаннан кейінгі айдың 1-күніндегі мәліметтер
Қарыз бойынша басқа мемлекеттік органдардың мәліметтер ұсынуы бойынша мерзімдердің белгіленуіне байланысты.
Дереккөзі: ҚР Қаржы министрлігі.