Алматы 2022 жылғы қысқы олимпиаданы өткізу құқығына ие болу үшін адам құқығын қорғайтын бірнеше халықаралық құжаттарды ратификациялау қажет екен. Бұл ақпарат қоғамымызда қызу пікірталас тудырды. Өйткені, ол құжаттарға қол қойылса, елімізде гомосексуализмді насихаттауға жол ашылып, қызтеке-гейлер емін-еркін көшелерді шулатып, шеруге шыққалы тұр. Әлемдік спорт мерекесін елімізде өткізу қажеті жоқ шығындарға жол беретін ысырапшылдық іспетті деп қарсылық білдіргендер «біздің елімізде бұған жол берілмейді, ендеше, елімізде Ойындарды өткізу іске аспайтын болды» деп, алақайлап қуанған-ды. Дегенмен мамандар мұнымен келіспейді.
-Біздің билік осы Ойындарды өткізу құқығына ие болу үшін, кез келген талаптарды орындауға дайын, – дейді қазақстандық белгілі спорт журналисі Леонид Юрьев. – Олар дүние күйіп кетсе де, Алматыны үміткерлер қатарынан алмайды. Жеке өз басым ол құбылыс спортпен үйлеспейді деп санаймын. Алайда Еуропа мен АҚШ-та қызтеке-гейлерді қолдайтын лоббидің мықты болғаны соншалықты, қызтекелер туралы жағымсыз пікір айтқандарды соққыға жыға бастады, ондай бірнеше оқиға орын алып та үлгерген. Міне, сол күштердің қуатты болғаны соншалық, тіпті, Халықаралық олимпиада комитеті (ХОК) осы тармақты контрактіге, яғни, келісімге енгізуге мәжбүр болған.
Шенеуніктер Олимпиаданы өткізуге қол жеткізу үшін осындай «құрбандыққа» баруға дайын болса, отбасылық құндылықтар дәстүрінде тәрбие көрген қоғамның басым бөлігі мұны құп көрмейді. Қазақстандық әлеуметтік желілерде бұл жаңалықты төмендегідей қабылдады.
Гость: Ешқашан!!! Референдум өтсін! Бұл олимпиаданың еш қажеті жоқ.
Mitrofan: Бұл әзіл ғой, солай ма?
Аноним: Бізге қалай қарайтынына түкірдім, біз үшін әлемдегі ең қымбаттысы — балаларымыздың денсаулығы. Жалпы, мен түсінбеймін, неге сол қызтеке-гейлер өздерінің құштарлығын жұртқа жария етеді? Дені дұрыс ер-жігіттер «Мен әйелдерді сүйемін» деген ұран көтеріп жүрмейді ғой. Өйткені кімнің кімді сүйетінін ешкім пысқырмайды.
Рубик: 1976 жылдан бастап, барлық жазғы Олимпиада ойындары есімде. Жанкүйері болуға лайықты спортшылар жеткілікті болды. Оның ішінде, «өзіміздікілер» — кеңестіктер еместер де жеткілікті болды. Бірақ қызтекелер, яғни, гейлер үшін жанымды ауыртпаймын. Олар өз «олимпиадасын» өткізсін. Онда кімнің, қандай жеңіске жететіні өздерініңі ісі. Осы сөздерім үшін мені Гейропаға жібермесе, еш жерім қисайа қоймас. Мен дәстүрлі отбасын, дәстүрлі құндылықтарды қолдаймын. Әйтпесе, әлем күйреуге ұшырайды.
— Әрине, менің қолымда болса, мен мұндай талаптарды орындаудан бас тартушы едім, – дейді Қазақстан мұсылмандары одағының төрағасы Мұрат Телібеков. – Мен олар мұншалықты сорақы шешім қабылдамас деп есептеуші едім. Алайда қазір биліктегі шенеуніктер майысқақ, өздерінің қу құлқынын бәрінен жоғары қояды. Олар көп ретте, кейбір жоғары ұғымдардан, моральдық, адамгершілік құндылықтар мен қасиеттерден мақұрым болады. Сондықтан, егер олар осы талаптарды қабылдаса, мен түк те таң қалмаймын.
Егер ХОК сияқты қызтеке-гейлерді қолдайтын батыстық гей-лоббилердің жетегінде кететін болса, біздің шенеуніктердің ел алдындағы ұсқыны қандай болмақ, бұл үлкен мәселе. Әсіресе, жақында орын алған «Пушкин мен Құрманғазыны сүйістіру» жанжалынан кейін. Естеріңізге салайық, Havas Worldwide Kazakhstan жарнама компаниясы жасаған жарнама бейнесіне қарсы көп миллиондық шағым жасау бастамасын көтерген билік едік, олар мұны жасырған да жоқ. Нәтижесінде, «Қазақстанда жарнамалауға және орналастыруға тыйым салынған тауарларды (жұмыстар мен қызметтер) жарнамалағаны үшін» бабы бойынша, жарнама компаниясына 314 мың теңге айыппұл салынып, ол консерватория студенттері мен оқытушыларына, сондай-ақ Құрманғазы атындағы халық аспаптары оркестерінің музыканттарына 34 миллион теңге сомасындағы моральдық және материалдық зиянды өтеуге міндеттелді.
— Осы сипаттағы үкіметтік шешім қабылданатын кезде халық енжарлық танытады, деп ойлаймын, — дейді Мұрат Телибеков. – Бірақ ондай шерулер шерулер орын алса, қарапайым адамдар қызтеке-гейлерді соққыға жығуы әбден мүмкін. Өйткені бұл елімізде басымдылыққа ие болған өзіміздің құндылықтарымызға қайшы келеді.
Қазақстан мұсылмандары одағы төрағасының бұл сөздерін осындай «бағамен» олимпиада өткізуге қалай қарайсыз деген сұраққа жауап берген адамдар да растады. Жауап берген ер адамдардың басым көпшілігі үзілді-кесілді қарсылық танытты. Атап айтарлығы, сексуалды ауытқуы бар адамдардың мұндай шеруі Алматыда орын калатын болса, олар түрлі қызтеке-гейлер сипатындағыларды соққыға жығып, күштеп тарататындарын айтты.
Редакциядан. Бір қызығы Қазақстанда жақында ғана Құрманғазы мен Пушкинді сүйістіріп қойған жарнамаға қатысты жанжалды сот процессі аяқталған еді. 34 адам бұл плакаттан гомосексуализмді жарнамалауды байқап, өздерін қорлады деп танып, сотқа шағымданып, әрқайсысы бір миллион теңгеден «ұтып» алған еді. Маңызды жайт: сотқа шағымды студенттер мен музыканттар бергеніне қарамастан, олардың артында билік тұрды – шағымданушылар оларға ақыл айтқан Алматы әкімдігіндегілер екенін мойындады. Яғни, билік гомосексуализмге қарсы көпе-көрінеу сот процессін ұйымдастырды. Ал енді Алматыдағы Олимпиада ойындары үшін «бір рет» қызтеке-гейлердің шеруін өткізуге төзбек. Сонда бұл «басқа тисе, өлдік — к…тке тисе, көндіктің» кері болмақ па?!