Қазақстанда балалар ойыншығынан от шыққан жағдайлар кездесуде. Мемлекеттік органдар контрафактік өнімге наразылық танытып, талап қоймайды. Есесіне, отандық өндірушілерді сертификаттар жүйесімен буындырып тастаған. Соған қарамастан, дүкен сөрелеріне айтар ауызға ұят кейіптегі ойыншықтар өтіп кетуде.
Балаларға арналған тауарлар қауымдастығының президенті Дарья Гайденрайх біздің балалардың қандай ойын ойнайтынына неліктен ата-ананың жауап беретіні туралы әңгімелейді.
— Осы біз ойыншық туралы неге көп әңгіме көтереміз? Ойыншықтың балаға деген маңызы қандай? Ойыншықтар қандай түрлерге бөлінеді?
— Тұтынушы мен сатып алушы екі бөлек адам болғаннан кейін әңгіме көп, әрине. Тұтынушы – бала, сатып алушы – ата-ана. Ал баланың қоршаған ортасына және оның қауіпсіздігіне жауап беретін ата-ана.
— Біздің балалар қандай ойын ойнайды? Олар қазақстандық ойыншықтар ма, әлде сырттан әкелінген бе?
— Елімізде ойыншық және балаларға арналған өзге тауарлар өндірісі өте мардымсыз. Сондықтан біздің балалар шетелден әкелінетін ойыншықтармен ойнайды.
— Сырттан әкелінген заттар бақылаудан өте ме?
— Бұл сұрақты балаларға арналған тауарларды бақылайтын арнайы мекемелерге жолдаған жөн. Дегенмен біздің ойыншықтар міндетті түрде өтетін бір қатар техникалық регламенттер мен процедуралар бар. Қазақстан нарығында сапасы жоғары тауарлар да, контрафакт жолмен әкелінгені де, сапасы төмен ойыншықтар да бар.
— Контрафакт ойыншықтар көп пе?
— Шамамен, әкелінетін тауардың 50 пайызы.
— Сіздерге, ойыншықтарды сататын кәсіпкерлер қауымдастығы ретінде контрафактпен күресудің мәні бар ма?
— Әрине. Біз де, мемлекеттік органдар да бұл мәселеге көп көңіл бөлеміз. Контрафактіге тосқауыл қоятын бірінші, мүмкіндік — кеден. Заң тұрғысынан көп нәрсе жасалған. Бірақ жүйенің неге жұмыс істемейтіні – мүлдем бөлек дүние. Отандық өндірушілер еліміздегі ойыншықтардың 20 пайызына ғана жауапты. Ал ойыншықтың 80 пайызы еліміздің шекарасынан түрлі ғажайып жолдармен өтеді. Оның ішінде, аса кауіпті ойыншықтар да.
— Қауіпті дегеніңіз қандай ойыншықтар?
— Баланың денсаулығына зиян және жарақат әкелетін өнім. Улы заттар мен зиянды бояулар қосылғандары. Жалпы, ойыншық қауіпсіз болғанымен, канцерогендік қоспалар баланың бойында жиналып, оның соңы дертке әкелуі мүмкін. Бірақ, ата-анасы сотқа жүгінсе де, ойыншықтың зиянды екенін дәлелдей алмайды. Тіпті, оның өндірушісін де таба алмайды.
— Менің құрбым супермаркеттен ойыншық сатып алу кезінде одан «Камасутра» кітабындағы ұятты бейнені байқаған. Ал басқа ата-аналар: «не деген сұмдық, сөрені табытқа толтырып қойған», деп наразылық білдірген. Менің сұрайын дегенім, ойыншықтың балаға психикалық жағынан қалай әсер ету мүмкіндігін тексеру жүргізіле ме?
— Жалпы, барлық ойыншықтар психологиялық және педагогикалық сараптамадан өту керек. Бірақ бізде ондай мамандар жоқ. Мұның барлығы өте субъективтік дүние. Ондай сараптаманың не үшін қажет екені маған түсініксіз.
— Мен осы оқиғаға байланысты тексеру жүргізуге тырыстым. Сантарлық бақылау мекемесінен мені Білім және ғылым министрлігіне жіберді. Онда психологиялық-педагогикалық сараптама жасауға маман жоқ екенін айтты. Ал министрлік түсініктеме бере алмайтын болып шықты. Мен, тіпті, осы ойыншықты Қазақстанға әкелген адамды да таптым. Ол жеке кәсіпкер екен. «Тауарды буып-түйгенде шатасып, таңбаны қате салған ғой, ол ашық саудаға шығаруға арналмаған ойыншық», деп түсіндірді ол. Ол тауар сатылымнан алынды да, іс осымен аяқталды. Бірақ бала оны көрді, қолымен ұстады ғой.
— Мүмкін , ол бір нәрсені іштей сезген де шығар. Біріншіден, бұл ойыншықты дүкен сөресіне шығарған адам жауапты. Екіншіден, ойыншықты дүкенге жеткізген жеткізуші жауапты. Одан кейін – елімізге әкелген импортерлер. Бұл – көп жағдайда ақыл-парасат пен этика мәселесі. Мен ондай ойыншықтарға сұранымға ие деп ойламаймын.
— Бізде ойындар көрмесі өтті, сыйақылар табысталды. Бұл мен үшін үлкен жаңалық болды. Бізде қызықты, балаларды дамытатын ойындардың соншалықты көп екенін білмеппін. Біз күнделікті кездестірмегеннен кейін бұл туралы біле бермейді екенбіз. Осы сыйақы туралы толығырақ айтып берсеңіз.
— «Балажан» сыйақысы біздің ассоциация және кәсіпқой қауымдастықтың қатысуымен белгіленді. Ол дүкендер мен тауарларға табысталатын салалық сапа белгісі. Мұндай байқау биыл бірінші рет өтті. Қазақстанда өндірістің жоқтығы – шындық. Барлығы мемлекеттен ақша сұрау керек дегенді айтады. Меніңше, мемлекет тек қана нарықты өркениетті жағдайға келтіруге көмектесу керек. Нарығымыз үлкен емес болғаннан кейін өндіріс жоқ деп айтады. Ол дәлел емес. Мәселен, Белоруссияның нарығы бізден екі есе кіші. Бірақ оларда Dream Makers деген ойыншық шығаратын компания бар. Өнімдерін Қытайға, Ресейге, Қазақстанға, Еуропаға шығарады. Ал бізде өндіріс ашатын жағдай жасалса — мүмкіндіктер мол. Осы сыйақы арқылы кәсіпкерлерді ынталандырамыз, өндіріс орындары ашуға қол жеткіземіз деген үміттеміз. Айтылған 20 пайызды құрайтын жауапты тобымыз бар. Бірақ сараптамаларға келгенде ауыртпалықтың бәрі осы мекемелерге түседі. Елімізде 20 жыл бойы істеп келе жатқан ірі өндіріс мекемесі бар. Олардың «Бакуган» ойыншығы 2011 жылы әлемдегі ең үздік ойыншық атағына ие болды. Бірақ одан метрология органдары ақау тапты. Компания енді бақылау органдарымен соттасып жатыр. Ал мемлекеттік органдармен соттасу оңай емес. Соттың шешімі бойынша 2 миллион теңгенің тауарын жою керек.
— Мемлекет қандай қандай кінә тағып отыр?
— Барлық сертификаттары түгел бар. Базарда ондай ойыншықтар мыңдап сатылады. Бізге балалар тауарларының нарығындағы адал кәсіпкерлердің тізімі керек. Бүгін іс орнынан қозғалды. Арнайы топ құрылды деген хат келді. Біз үшін қуанышты жаңалық. «Тілім-таным» деген өндіруші компания бар. Оған жұмыс істеу өте қиын. Сертификат алу үшін оған 200-300 мың теңге қажет. Мекеме үшін қомақты қаржы. Әрине, сертификатсыз, тексеріссіз жұмыс істеуге болмайды. Ол — балаларымыздың денсаулығы. Өндірісті көтеру үшін шығын мен кіріс арасындағы тепе-теңдік сақталу керек. Тек сапасыз өнімге ешқандай наразылық білдірмейді.
— Басқа мемлекеттерде ондай тізім бар ма?
— Ресейде сыртқы экономикалық қызметке адал қатысушылардың тізімі бар. Олар үшін кедендік жеңілдіктер енгізілген. Бізге сертификаттауға қатысты жеңілдіктер керек. Егер бренд еуропалық сапа сертификатына ие болса, оны қайта-қайта тексерудің жөні жоқ.
— Ал «Балажан» сыйақысы жалғасын таба ма?
— Әрине. Жұмысты бір нәрседен бастау керек қой. Нәтиже болады деп сенімдіміз.
— Енді сапалы тауарларды кімнен алуға болатынын білетін болдық.
— Иә. Енді ойыншықтар әлемінде сіздердің жолсеріктеріңіз болады деп сенеміз.
— Істеріңіз ретті және табысты болсын!
Бейненұсқаны осы жерден көруге болады.