Тайпейде волейболдан жастар арасында өткен әлем чемпионатында қазақ спортшы қызы турнирдің ең әдемі қатысушысы атанды.
Бұл жөнінде chinatimes.com. сайтыхабарлайды. Волейболдан жастар арсындағы 17-ші әлем чемпионатын ұйымдастырушылар Сабина Алтынбекованы «турнир патшайымы» атады.
«Сабинаның бойы 182 сантиметр, ол бойшаң, сымбатты және әдемі жымиятын сұлу бойжеткен. Өз ойынымен ерекше көзге түспесе де сұлулығымен көздің жауын алады», – деп жазадыchinatimes.com сайты.
Естеріңізге салсақ, турнирдің ұйымдастырушысы Taipei Municipal University. Әлем чемпионатына 15 команда қатысты. Қазақстан құрамасы «В» тобында Қытай, Вьетнам және Жаңа Зеландия командаларымен күш сынасты. Турнир қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы 7-ші орынға табан тіреді.
[gallery ids=»19179,19178,19177,19175,19176,19174,19170,19169,19168,18906,18907,18904,18905,18903″]