Трагедия 22-шілдеде, шамамен түнгі сағат 23.00 Жансүгүров даңғылында орын алды: жүргізуші екі жаяу жүргіншіні қағып кетті. 7-жасар бүлдіршін №4 қалалық уклиникалық аурухананың жансақтау бөлімшесінде жан тәсілім етті. Оның 19-жасар әпкесі хәл үстінде жатыр, дәрігерлер оның өміріне араша түсуге тырысуда.
Оқиғаны көзімен көргендердің айтуынша, OPEL автомашинасының жүргізушісі, шамамен сағатына 100 километрге жуық жылдамдықпен келе жатқан.
— Ол жүйіткіп келіп, оларды жаяу жүргіншілерге арналған өткелдің үстінде қақты, – дейді оқиға куәгерлерінің бірі. – Соққыдан олар екі жаққа ұшып кетті. Алайда жүргізуші бұдан кейінде тоқтамай, бүлдіршінді басып кетті. Одан кейін жүргізуші оқиға орнынан ізін суытуға тырысты. Біз оны қуалап, жүздеген метрден кейін қуып жетіп, қайғылы оқиға орнын алған жерге алып келдік.
Төтенше оқиға орын алған жерге әп-сәтте ондаған жергілікті тұрғындар жиналды. Осы жерге кінәлі жүргізушіні алып келгенде, долы тобыр оны түтіп жей жаздады. Абырой болғанда, дер кезінде келген патрульдік наряд оның өмірін арашалап қалды.
Екі «Жедел жәрдем» бригадасы зардап шегушілерді жедел түрде ауруханаға жеткізді, бірақ дәрігерлер 7-жасар бүлдіршіннің өміріне араша түсе алмады. Ол алынған жарақат салдарынан жан тәсілім етті. Оның 19-жасар әпкесі дәрігерлердің бақылауында, хәлі өте ауыр жағдайда.
Қайғылы оқиғаға себепкер болған жүргізушінің сөзіне қарағанда, қарсы келе жатқан автомобиль жарығының қатты болуы салдарынан ол жаяу жүргінші өткелін де, жая жүргіншілерді көрмеген. Алайда жолдың бұл учаскесінде жолды, жаяу жүргінші өткелі белгісін көруге кедергі келтіретін ешқандай тосқауыл жоқ. Сондай-ақ кінәлі жүргізуші жылдамдықты неге асыра пайдаланғанын нақты түсіндіре алмады. Полицейлердің айтуынша, жол апаты орын алған кезде ол ішімдік ішпеген, сау күйде болған.
Қазіргі таңда орын алған оқиға жөніндегі барлық материалдар Алматы қаласы ІІД-сінің анықтау басқармасына өткізілді. Енді анықтаушылар кінәлі азкаматқа қатысты қылмыстық іс қозғап, тергеу жүргізеді.
http://youtu.be/aRijFukePYg
[gallery ids=»19011,19008,19009,19010,19006,19007,19004,19005,19003,19000,19001,19002,18999″]