Америка ғалымдарының пайымдауынша, жас отбасы көп жағдайда әлеуметтік желіде туындаған кикілжің салдарынан ажырасып жатады. Әсіресе бір шаңырақтын астында екі жылдан аз уақыт тұрған жас жұбайлардың виртуалды ұрыс-керісі олардың некесіне қауіп төндіреді, деп Informing.
Ғалымдар танымал әлеуметтік желілердің (Twitter, Instagram, т.б.) жарты миллионнан астам белсенді қолданушыларын зерттеуге алған. Зерттеу барысында анықталғандай, ерлі-зайыптылар көп жағдайда әлеуметтік желідегі ұрыс-керістің салдарынан екі жаққа кететіні анықталды. Әсіресе бұл отбасын құрғандарына екі жыл толмаған жұптарда жиі кездесетін көрінеді. Ал екі жылдан ұзақ уақыт бірге тұрып жатқан жұптарға әлеуметтік желінің әсері аз деп есептейді мамандар.
Ғалымдар әлеуметтік желілердің адам өміріне тигізер әсерін тереңірек зерттеуді қолға алмақ.