Қаржы полициясы 140-қа жуық басшыларды қылмыстық жауапкершілікке тартты, оның ішінде орталық атқару органдарының басшылары, әкімдер мен олардың орынбасарлары бар. Бұл туралы қаржы полициясының сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандыру жөніндегі көшпелі алқа отырысында Қаржы полициясы агенттігінің төрағасы Рашид Түсіпбеков мәлімдеді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат».
Оның мәліметінше, мемлекеттік органдардың лауазымды тұлғаларының қатысы бар ұйымдасқан қылмыстық топтарды құру және басқарудың 6 фактісі анықталды. Бюджет қаражатын ұрлау фактілерін анықтау 1,5 есеге өскен, пара алу — төрттен бір бөлікке өскен.
2014 жылдың 6 айында анықталған сыбайлас жемқорлық қылмыстардың саны 16%-ға өскен. Жүйелі сыбайлас жемқорлық фактілері бойынша қылмыстық іс 1,5 есеге көп қозғалған. Мемлекеттік бағдарламаларды іске асыру саласындағы анықталған қылмыстық істердің саны 2 есеге жуық артқан.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство бастығы жеке құрамның алдында сыбайлас жемқорлықтың ұйымдасқан нысандарын анықтап, жолын кесуге, көп деңгейлі сыбайлас жемқорлық схемаларын жоюға, сонымен қатар құқық қорғау және сот органдарының жемқор шенеуніктерін әшкерелеуге нақты міндеттер қойды.
Сонымен қатар, ол даму институттары мен квазимемлекеттік сектордағы сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуді тапсырды.