Тараз қаласының 22 жастағы тұрғынынан жаңа орылған 655 келі марихуана тәркіленді, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігінің көліктегі департаментінің баспасөз қызметі.
Баспасөз қызметінің дерегінше, есірткі «Көкнәр-2014» шарасының аясында Шу-Құмөзек теміржол торабында Альфа деген қызметтік іздегіш иттің көмегімен табылды.
Осы факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 259 бабы, 1-1 бөліміне сай (Есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды сату мақсатынсыз ірі мөлшерде заңсыз жолмен дайындау, сатып алу, тасымалдау немесе сақтау) қылмыстық іс қозғалды.
Күдікті Шу қаласындағы уақытша тергеу абақтысына қамалды. Тергеу жүргізілуде.
Біздің порталымыз есірткі заттарды немесе психотроптық заттарды өткізу мақсатынсыз өте ірі мөлшерде заңсыз сатып алу, тасымалдау немесе сақтау сияқты қылмыс үшін үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру көзделетінін еске салады.