ҚР қорғаныс министрінің бұрынғы орынбасары Бағдат Мәйкеев пара алғаны және заңсыз қару сақтағаны үшін сот үкімімен, мүлкі тәркіленіп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтеумен 6 жылға бас бостандығынан айырылды, бірақ оның қорғаушылары үкім күшін бұздыру мақсатында шағым бермекші.
— Қалай болса да, біз заң негізінде аппеляциалық шағым береміз. Парақорлық бойынша тағылған айыпты растайтын бірде бір дәйек жоқ, — деп мәлімдеді өткен жұмадағы сот мәжілісінен кейін сотталушының қорғаушысы Құрышбек Тәңірбергенов.
Б. Мәйкеевтің өзі пара алғаны туралы айыпты мойындаудан үзілді-кесілді бас тартты. Осыдан біраз бұрын ол тарихи бағалы әрі әскери қалта пистолетін сақтағанын мойындаған болатын.
Бұдан тыс, судьяның ҚР Қылмыстық кодекісінің 55-бабымен аса ірі көлемде пара алғаны үшін жазаны қандай негізбен жеңілдеткені түсініксіз қалды.
Сонымен қатар, сот Б Мәйкеевті мемлекеттік марапаттардан және генерал-майор атағынан айыру туралы ұсыным қабылдады.
Пара беру ісі бойынша айыпталушылар Олег Спицын, Алтынбек Қайырбаев және Павел Титоренконың әрқайсысы, жазасын қатаң тәртіптегі түзету колониясында өтеумен 10 жылдан бас бостандығынани айырылды.
Атап айтарлығы, бұл ақпаратты ҚР әскери сотындағылар да растады.
— Иә, жұма күні үкім шығарылды, Мәйкеев 6 жылға бас бостандығынан айырылып, оның мүлкі тәркіленді, – деді ҚР Әскери сотының баспасөз хатшысы Амангелді Жылқайнаров.
Естеріңізге салсақ , Б.М Мәйкеев үстіміздегі жылғы 9-ақпанда пара алу кезінде Ұлттық қауіпсіздік комитеті (ҰҚК) қызметкерлері тарапынан құрықталған еді. 10-ақпанда ҰҚК-і тергеу департаменті Мәйкеевтің үстінен ҚР Қылмыстық кодексі 311-бабының 5- тармағы бойынша қылмыстық іс қозғалып, ол ҚР Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 132-бабына сәйкес ҰҚК-інің тергеу изоляторына қамалған болатын. Б.Мәйкеев ағымдағы жылдың 20-ақпанына дейін тұтқындалды, кейінірек тұтқындау санкциясы ұзартылған болатын.
Б. Мәйкеевпен қатар қылмыстық жауапкершілікке О. Спицин, А. Қайырбаев және П. Титоренко тартылған болатын.
Б. Мәйкеев 2011 жылғы сәуірден 2014 жылға дейін қорғаныс министрінің орынбасары болып жұмыс істеген. Одан бұрын ол Көліктегі Оңтүстік-Шығыс ішкі істер департаменті бастығының бірінші орынбасары, ҚР Ішкіісмині Ішкі әскерлері қолбасшысының орынбасары, Алматы облысы ішкі істер департаменті бастығы, ішкі істер министрінің кеңесшісі, ҚР қорғаныс министрлігі материалдық-техникалық басқармасының бастығы лауазымдарын атқарған.