Қазақстанда, кем дегенде, 2000 балада жеке басын куәләндыратын құжат жоқ. Үстіміздегі жыл басынан бері Дағдарыстар орталығы одағына осыншама шағым түскен. Қоғам қайраткерлері нақты цифрлардың бұдан да көп екендігіне сенімді. Қаншама ересек адамдардың төлқұжатсыз жүргенін, тіпті, мемлекеттік мекемелердегілер де айта алмайды.
Қағазың болмаса, адам санатына жатпайсың! Құжаттың болмауы адам өмірін нағыз тозақ етеді. Не дұрыс жұмысқа кіре алмайсың, не үйің жоқ, не балаларыңды оқыта алмайсың, не өтемақы мен жеңілдіктерге ие болмайсың. Дегенмен бұл мәселені шешуге болады. Бірақ біраз уақытыңды, күшіңді сарп етіп, жүйкеңді тоздырасың. Оның үстіне, көп ретте адамдар өздерінің немқұрайдылығының салдарынан құжаттарды қайта алудың жолдарын да білмейді.
Соның жарқын мысалының бірі – Светлана Степанова (респонденттің өтініші бойынша есімі өзгертілген). Құжаттарынан ашкөз әпкесінің кесірінен 90-жылдардың соңында айырылған (мұрагерлік мәселесі талай туыстарды араздастырды). Бәріне иелік етуге қолы жеткен әпкесі сабасына түсіп, құжаттарын қайтарар деген үмітпен бірнеше жыл өмір сүрген.Бірақ туысы уәде бергенмен, айтқанын орындамады.Содан түрлі инстанциялардың табалдырығын тоздыру басталған: көші-қоң қызметінде Светланаға тіркеусіз (ең болмағанда, уақытша тіркеу) жеке куәлікті бере алмайтындықтарын айтқан.Көмек беретін ешкім жоқ.Ең болмағанда, ақша беріп жасатуға жұмсайтын басы артық тиын жоқ, асырауда үш бала бар, күйеу жоқ, жұмыстың сиқы – пәтер жөндеу. Оның ақысы да мардымсыз.Еңбастысы, баларға қиын, деп мұңаяды келіншек.
Үлкен қызының туу туралы куәлігін сұрқия әпкесін құртқан. Ортаншы қызы Света жеке куәліксіз жүрген кезде туған, сондықтан оның тууы туралы куәлікті ала алмаған.Кіші қызы да осындай жағдайға тап болған. Міне, солай тұрып жатыр.
Құжатсыз балаларды мектепке алмайды.Болмайды. Балалардың бақытына орай, барлық жерде емес екен. Әрине, қыздар оқып жүр.Жаны ашыған директорлар оларды тексерушілерден жасырып, сабаққа тексеру жоқ кезінде қатысуға рұқсат етеді.Бірақ өмір бақи осылай жүре беруге болмайды ғой.
Зульфия Байсакова жетекшілік ететін Дағдарыстар орталығы одағында мұндай мәселелерді шешеді екен.Дәлірек айтқанда, прокуратурамен және басқа әлеуметтік қызметтермен бірлесіп, көмекті жүзеге асыруға тырысып бағуда.Осылайша, аталмыш отбасының да жағдайы оңала басталды.
Ең бастысы, балаларға көмек беру, дейді Зульфия. Өйткені олардың ешқандай кінәсі жоқ қой. Одақтың мәліметтері бойынша, қазір елімізде көмекке зәру құжатсыз балалардың үшінші ұрпағы өмір сүруде.
— Әрине, құжаттың болмауы адамдардың немқұрайдылығы салдарынан, – дейді Зульфия Байсакова. – Енді оған үкіметтің немқұрайдылығы қабаттасып отыр.Өйткені, біз жыл сайын бюджетімізді қалыптастырып, шығындарымызды жоспарлаймыз.Бірақ олар осы адамдарды ескермей жасалады. Ал біз қалай болған күнде де оларға қызмет көрсетуге міндеттіміз. Медициналық қызмет, білім беру, әлеуметтік қолдау көрсету және т.б.Бұлар есепке алынбаған адамдар. Олар туралы ұмытып кеткендей.Ал бұған жауапты мемлекет емес пе?!Сондықтан біз үкіметтің кәмелетке толмаған балар үшін рақымшылық жариялауын ұсынып отырмыз. Сөйтіп, сөзбұйдалықа салынбай, олардың барлығын тез арада құжаттандырған жөн.
— Осы ұсыныстың қабылданып, қаралуы қаншалықты мүмкін?
— Мен Алматы прокурорының орынбасарымен сөйлестім.Ол менен өзімнің ұсынысымды толық сипаттап жазуды және негіздеуді өтінді. Сонда олар бұл мәселені жоғары инстанцияда отырған шенеуніктердің алдына қоятын болады.Есіңізде болса, басында алимент төлемегені үшін адамдарды елден шығармайды дегенге ешкім сенбеп еді ғой.Қазір шығармайды емес пе.Ендеше, бәрі мүмкін.Сондықтан жұмыс істеп, алға жылжу керек.
Балалар қжаты – ата-ана міндеті.Ал оларға құжатты қалай алу керектігін көші-қоң қызметіндегілер жақсы біледі.Онда барлығы ескерілген.Тіркеуі бар, тіркеуі жоқ адамдарға құжаттарын ұрлатып алған кезде қалай әрекет етудің нақты жолдары бар.Бізге оны Алматы қаласы көші-қоң полициясы азаматтарды құжаттандыру бөлімінің басшысы Әйкен Қасымова ретімен түсіндіріп берді.