2014 жылдың қорытындысы бойынша, Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 1,1 миллиард долларды құрайды деп күтілуде, деді Алматыдағы Беларусь Республикасы елшілігінің кеңесшісі Александр Русецкий, деп хабарлайды ҚазТАГ.
Кеңесшінің айтуынша, осы жылдың алғашқы төрт айында Қазақстан мен Беларусь арасындағы тауар айналымы 250 млн долларды құраған. Ағымдағы жылдың қорытындысы бойынша аталмыш елдер бұл көрсеткішті бір миллиард жүз миллион долларға дейін көтеруді жоспарлап отыр.
«2014 жылғы қаңтар-сәуір аралығында біздің елдер арасындағы тауар айналымы 14,3 пайызғаөсті. Тағы бір қуантарлық жәйт, Қазақстанның Беларуське шығаратын экспорты 29,9 пайызғаөскен, ал Беларусьтің Қазақстанға экспорты 12,5 пайызға артқан», – деп толықтырды Русецкий. Қазақстан экспортында минералдық тыңайтқыштардың, пластмассадан, мақтадан жасалған бұйымдардың, алюминийдің, машина құрылысы өнімдерінің үлес салмағы артқан.