Қытайда футболға бәс тігіп, 3 мың доллар ұтылған екінші курс студенті университет кампусының жетінші қабатынан секіріп өлді, деп хабарлады жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары.
Қытайлық газеттер сілтеме жасаған куәгерлердің айтуынша, осы оқиғадан бұрын қаза болған жігіт біреумен 10 минут бойы телефонмен сөйлесіп, ұтылған ақшасын қайтаруға көбірек уақыт беруін сұрап, жалынған көрінеді. Содан кейін телефон тұтқасын ілген жігіт курстарының көзінен таса болған.
Жетінші қабаттан секірген жас жігіт бірден ауруханаға жеткізілген, алайда дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.
Марқұммен бірге оқитын студенттердің айтуынша, жігіт Бразилия өтіп жатқан футболдан әлем чепионатының бірнеше матчына бәс тігіп, 20 мың юаньға жуық (3.2 мың доллар) ақша ұтылған. Тотализаторға қатысу үшін жас жігіт үлкен пайыздық үстемемен ірі сомадағы ақшаны қарызға алған екен.