Мемлекеттік қаражат қорын, яғни, бюджетті бақылауға алу тіпті, дамыған мемлекеттер үшін де қол жетпейтін қиял. Оған тек ұмтылыс жасап, жақындауға болады.Қалай?Бұл турасында саясаттанушы, экономист және публицист Петр Своик әңгімелейді.
Ел халқы мемлекеттік бюджет қаражатының жұмсалуын бақылай ала ма?
— Жалпы айтқанда, мемлекеттік бюджетті толық бақылауға алу, тіпті, дамыған мелекеттер үшін де қол жеткізе алмайтын қиял. Осы қиялға қол жеткізу бюджетті міндетті түрде саралауды талап етеді. Мемлекеттік және республикалық бюджет қана емес, сонымен қатар, өңірлік бюджет болу керек.Жергілікті өзін өзі басқару органдарының бюджеті болған жөн.Осындай бюджеттер неғұрлым көп болса, олар соғұрлым дербес болып, халықтың өз салықтарының қайда жұмсалатынын бақылауға мүмкіндігі де көбірек болар еді.Айталық, егер шағын ауылдың жеке бюджеті және дәл осы қаражат қоына түсетін салықтар жиынтығы бар өзін өзі басқару органы болса, онда сол қаржының қайда жұмсалатынын бақылайтын тетіктер болады. Оның үстіне, депутаттардың өздері ұсыныстар жасай алады: «жер салығынан түскен қаржыны жолдарды жөндеуге жұмсайық», алжеке табыс салығын мектептердегі таңғы тегін тамақтандыруды қолдауға жіберейік, деген сияқты.Бірақ Қазақстанда мұндай жүйе жоқ. Мұнда бюджет толығымен орталықтандырылған. Облыстық, қалалық және аудандық бюджеттер республикалық қаражат қорының бір бөлігі болып табылады. Олар белгіленген вертикаль бойынша дайындалады, жоспарланады және атқарылады. Бізде дербестігі жоқ әкімдер жоғарыдан қалай тағайындалса, бюджет те дәл солай жоғарыдан белгіленеді.
— Яғни, азаматтар республикалық бюджетті бақылай алмайды ма?
— Әрине, Қазақстанда барлығы айқын емес деп айтуға болмайды. Үкімет, ең болмағанда, бюджет айқындығы жөніндегі халықаралық заманауи талаптарды сақтауға талпыныс жасайтындай сыңай танытуда.Мәселен, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің сайтына кірсеңіз, келесі жылдың, тіпті, алдағы 3 жылдың қаражат қорын көре аласыз. Ал Қаржы министрлігінің сайтына кірсеңіз, өткен жылғы бюджеттің атқарылуы туралы есепті және оның ағымдағы ахуалы мәліметті таба аласыз. Әрине, нақтылықтар жоқ, тек жалпы цифрлық мәліметтер берілген. Олардан мына заттарды, мәселен, жол жөндеуге қанша ақша жұмсалғанын білу мүмкін емес. Яғни, нақтылық жоқ. Республикалық бюджеттің айқындылығы шектеулі.
— Алайда Алматы қаласының сайтында, мәселен, бюджетке түскен ақша туралы мәліметтер бар. Тіпті, өткен жылдан қалған қаржы туралы есептер брілген.
— Иә. Бюджет бар. Бірақ онда ақшаның қайдан алынғаны және қайда жұмсалғаны туралы жазылмаған. Жалпы, былай болу керек: Алматы қаласының мәслихаты ашық, бәсекелестік және көппартиялық дауыс беру нәтижесінде сайлану керек. Депутаттар дербес емес, партиядан болу керек. Міне, осындай мәслихат қазір президент тарапынан тағайындалатын әкімді контарктімен тағайындауға немесе сайлауға тиіс. Сол кезде бюджетті дайындау және оны жұмсау мәселесінің өзі аз да болса айқын әрі жария болады. Егер өзің таба алмасаң, өзің дауыс берген депутатыңа келіп, одан өзіңе қажетті ақпаратты ала аласың. Ол, әлбетте, ондай ақпаратты біледі және өзінің сайлаушыларына бере алады. Бұл өзін өзі басқарудың заманауи кескіндемесі.
— Сонда, заңда халықтың бюджетті, шын мәнінде, өз қаражатын, бақылауының тетіктері көрсетілмеген бе?
— Заңда ақшаның қайда және қалай жұмсалатыныны туралы ақпарат алу механизмдері мен тәртіптері қарастырылмаған. Содан кейін біздің тек қағаз жүзінде құқықтық мемлекет екенімізді ескерген жөн. Ал шын мәнінде біз құқықтық мемлекет емеспіз. Бізде заңдылық міндетті түрде орындалатын дүние емес. Біздің заңдылығымыз жартылай қиял, аңыз. Оның бір жартысы құрал, ал екіншісі – аңыз. Мәселен, бюджеттің айқындылығының үштен бір бөлігі аңыздан тұрса, тек төрттен бір бөлігі – механизм.
— Ал мен өзім төлейтін салықтың желге ұшып жатқанын көрсем, оны төлеуден бас тарта алам ба?
— Жоқ. Егер сізге, тіпті, бюджет қаражатының қалай және қайда жұмсалып жатқаны, жолдарды жөндеу, көрсетілетін мемлекеттік қызмет сапасы және т.б., ұнамаса, сіз салық төлеуден бас тарта алмайсыз. Өйткені заңда халықтан ақшаны жинау және міндеттерді төлемдерден жалтарғаны үшін жазалау тәртібі нақтыланып жазылған. Міне, солай, қанша тырыссаңыз да салық төлеуден жалтара алмайсыз. Біздің заңнамада оның заңды жолдары жоқ.
10.06.2014 Нет комментариев 101 просмотр