Жерді жекеменшікке сатуға наразылық білдірген Атыраудағы рұқсатсыз өткізілген митинг сарапшыларды абдыратып тастады: мұндай түзетулер заңға 5 жыл бұрын енгізілген болатын! Ендеше, қоғам белсенділері қазір бұл мәселені неге соншалықты ушықтырып отыр?
Үкіметтің жер заңдылығына түзетулер енгізу туралы ұйғарымы неліктен көпшіліктің осыншама наразылығын тудырды? Бұл сұрақты біз Демократияны дамытудың Орталық Азия қорының директоры Толғанай Үмбетәлиеваға жолдадық. Жер туралы мәселе – өмірдегі ең маңызды дүниелердің бірі, сондықтан оны ақылдасып шешкен жөн — „келісіп пішкен тон келте болмайды„, деп есепетейді саясаттанушы:
– Еліміздің Ата заңы, яғни, Конституциясына сәйкес, жер мемлекет меншiгiнде, сондай-ақ ол заңда белгiленген негiздерде, шарттар мен шектерде жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
Бұл біріншіден.
Ал екіншіден, мен мұндай наразылықтың себебін түсінбеймін — өйткені
жерді жеке меншікке сату туралы заң сонау 2011 жылы қабылданып қойған жоқ па!
Тек онда жердің кімге және қандай негіздермен жеке меншікке берілетіні белгіленбеген еді. Қазір қаржылық дағдарысқа байланысты бұл мәселе қайтадан күн тәртібіне шықты. Кезінде ұлт зиялылары жерді сату мәселесіне қатысты өздерінің наразылықтарын білдіріп, талап-тілектерін айтқан-ды. Бірақ бүгін зиялылыар емес, қоғам белсенділері наразылықтарын білдіруде, – дейді Толғанай Үмбетәлиева.
Сөзін қорытындылаған Толғанай Үметәлиева үкіметтің шешімімен келіспейтін адамдар өздерінің наразылықтарын білдіру үшін өркениетті жолды таңдап, өз талаптарын сауатты қоя білуге үйренулері керек екендігін мәлімдеді.