Сарапшылар қандай инвестицияның дағдарысқа қарамастан табысты болғаны және ақшаны қай валютада сақтау керек екенін айтып берді.
Қолданбалы экономиканы зерттеу орталығы (ҚЭЗО) қазақстандықтар арасындағы инвестициялық танымал құралдарды 2016 жылғы ақпандағы табыстылығы тұрғысынан талдады (бүгінгі күнге талдауға қажетті ақпарат 2016 жылғы ақпанмен шектеліп отыр, осыған байланысты, жарияланымда ағымдағы жылдың екінші айына шолу беріліп отыр, – ескерту). Орталық сарапшылары қарапайым сұраққа жауап іздепті:
талдау жасалып отырған айдың басында еліміздің қатардағы азаматы 100 теңгені қандай да бір активке инвестиция ретінде құйса, қанша пайда табушы немесе шығын шегуші еді?
Анықталғаны,
тірнектеп жиған ақшасын доллар сатып алуға жұмсаған мыңдаған қазақстандық қаражатының 2 пайызынан айырылыпты, есесіне ақшасына алтын, акциялар сатып алғандар ұтыпты…
Қазіргі кезеңде банк депозиттері инвестицияның ең танымал құралы болып отыр Бұл банк қызметтерінің жақсы дамығанының көрінісі және инвестициялаудың қол жетімділігіне, ақшаны шешіп алуға және банк алымдарына қатысты басқа әрекеттердің жеңіл орындалуына байланысты. Атап айтарлығы, соңғы екі жылда теңгенің елеулі құнсыздануына байланысты қазақстандықтар арасында шетел валютасындағы депозиттер неғұрлым танымал болып отыр. Дегенмен ақпан айындағы олардың және теңгедегі банк салымдарының табыстылығы қандай екен? Басқа сөзбен айтқанда, талдау жасалынып жатқан айда депозиттер арқылы қанша ақша табуға болушы еді?
Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мәліметтеріне сілтеме жасаған сарапшылар келесі жәйттерге сендіреді,
ақпанда теңге депозиттері неғұрлым табысты болған, олар өз иелеріне орта есеппен 0,661 пайыз көлемінде табыс берген, яғни таза кіріс 661 теңгені құраған
(ары қарай жақшаның ішінде өзіңіздің 100 мың теңгеңізді инвестициялаған жағдайда сарапқа салынатын құралдың қанша табыс табатыны немесе шығын шегетіні көрсетіледі, — ескерту). Шетел валютасындағы депозиттен 0.186 пайыз пайда көруші едіңіз (кіріс 186 теңге), яғни, теңгедегі салымға салыстырғанда үш есе аз. Осы орайда, неғұрлым табысты болғаны 1 айдан 3 айға дейінгі (кіріс 1058 теңге) және 3 айдан 1 жылға дейінгі (кіріс 1042 тенге) мерзімдегі теңгелік депозиттер болған. Банк салымдары арасындағы ақпандағы ең аз табыс (0 тенге) талап етілгенше сақталатын депозиттердің үлесінде. Атап айтарлығы, депозиттер қауіпсіз актив болған, өйткені олардың ең аз табыстылығы нольдік деңгейде болған.
Дегенмен Қазақстан жұртшылғы үшін инвестициялаудың ең танымал құралы ретінде қолма-қол шетел валютасы қалып отыр. Осы орайда, АҚШ доллары, одан кейін евро артықшылыққа ие болып отыр, өйткені 2015 жылғы тамыздан бері олар теңгеге қатысты 100 пайыздан астам мөлшерге күшейген. Алайда ҚЭЗО сарапшылары хабарлағандай,
ақпанда доллар теңгеге қатысты соңғы жарты жылда 1.826 пайызға әлсіреген (шығын 1826 теңге), яғни, ол бойынша табыстылық осы шамаға құлаған.
Өз кезегінде „қолма қол„ евро 0.267 пайыз шамасындағы (кіріс 267 теңге) табыстылық берген. Бірақ орташа есеппен ақпанда шетел валютасына салынған инвестициялар 0.78 пайыз көлемінде (шығын 780 теңге) шығынды болған.
2016 жылғы ақпанда жыжымайтын мүлікке инвестиция құю Қазақстанда орташа есеппен қаңтармен салыстырғанда өз иелері үшін әр шаршы метрі үшін 0,1 пайыз шығынды болды (шығын 100 теңге). Осы орайда, жаңа тұрғын үйлер 0.2 және 0.4 пайызға (шығын 200 және 400 теңге) құлағанын атап өткен жөн.
Жағымды табыстылықтың жайлы үйлерді жалға беруде сақталғаны байқалады
Мәселен, ақпанда пәтерін жалға берушілер әр шаршы метр үшін қаңтарға қарағанда жалақыны 0.4 пайызға артық алған (кіріс 400 теңге).
«Жылжымайтын мүлікке құйылатын инвестициялар ұзақ мерзімдік болып табылады, сондықтан әдетте бір ай ішіндегі инвестициялық табыс пен шығын мардымсыз болады», — деп атап өтті ҚЭЗО-ның сарапшылары.
Бағалы металлдарды сатып алу өткен ғасырдың 90-жылдарында қаржыны инвестициялаудың кеңінен тараған құралы болатын. Алайда уақыт өте келе және қаржы салуға болатын өтімділігі неғұрлым жоғары басқа активтер нарығының дамуына байланысты алтын, күміс және басқа да бағалы металлдар өздерінің инвестиция құралы ретіндегі маңызынан айырыла бастады. Шынын айтсақ, 2015 жылдың соңында, дағдарыс уақытына болатындай, күмістің, алтынның, платинаның әлемдік тауар нарығындағы бағалары өсе бастаған. Ақпан сарапталып жатқан құралдар табыстылығының елеулі өскенін көрсеті. Алтын бағасы 10.95 пайызға артса (кіріс 10 950 теңге), күміс – 4.46 пайызға (кіріс 4 460 теңге) өскен.
Орташа есеппен, ақпанда бағалы металлдарға инвестиция құюдың арқасында 7.71 пайыз пайда табуға болатын еді (кіріс 7 771 теңге).
Акциялар Қазақстан жұртшылық үшін танымалдығы ең төмен актив болып табылады. Десек те, соңғы уақытта „Халықтық IPO„ бағдарламасына және KASE акциялары секторындағы қор нарығын танымалдандыруға байланысты кейбір „сергектік„ байқалады, міне, осыны пайдаланып, біраз табыс табуға болады. Ақпанда Қазақстан экономикасының ең жетекші құнды қағаздарынан тұратын KASE индексі 9,25 пайыз (кіріс 9 250 теңге) көлеміндегі өсімді көрсетті. Атап айтарлығы
ең үлкен табыстылық KAZAKMYS PLC „мұрагері„ — KAZ Minerals PLC – 46.3 пайыз (кіріс 46 300 теңге) қағаздарына тиесілі.
Сондай-ақ акциялардың табыстылығының елеулі өсімін «Кселл» АҚ — 23.83 пайыз (кіріс 23 830 теңге), «KEGOC» АҚ– 10.96 пайыз (кіріс 10 960 теңге), «ҚазТрансОйл» – 5.2 пайыз (кіріс 5 200 теңге), «Банк ЦентрКредит» АҚ – 7.09% (кіріс 7 090 тенге) үлестік құралдары көрсеткен.
«Қазақтелеком» АҚ акциялары да аз да болса табыс берген – 0.11 пайыз (кіріс 110 тенге). Атап айтарлығы, ақпанда қазақстандық компаниялар есебінен „минусқа„ да кетіп қалуға болушы еді. Мәселен, „Қазақстанның Жинақтық халық банкі„ АҚ-сының акциялары 14.1 пайызға арзандаған (шығын 14 100 теңге), ал «ҚазМұнайГаз Барлау Өндіріс» АҚ — 0.7 пайызға (шығын 700 теңге). Десек те, Қазақстан қор биржасының өкілдік тізіміндегі акциялар бойынша орташа табыстылық деңгейі жоғары болған – 9.83 пайыз (кіріс 9 830 тенге).
Investfunds.kz сайтының мәліметері бойынша, қазіргі таңда Қазақстанда үлестік инвестициялар қорлардың 49 түрі бар, олардың қаржысы әлем бойынша түрлі активтерге инвестицияланады. Аталмыш қорлар соншалықты танымал болмағандықтан олардың бар екенін ел жұртшылығының мардымсыз бөлігі біледі.
ҮИҚ табыстылығы түрлі факторларға тәуелді, олардың ішінде бірден көзге түсетіні — басқарушы компанияның инвестициялау стратегиясының сауаттылығы, акциялардың, облигациялардың балама құралдардың және тағы басқа басқаларының әлемдік нарығындағы ахуалына қарай отырып инвестициялауға активтер таңдау. Мәселен, бір айда ҮИҚ бойынша табыстылық елеулі өсім берсе, келесі айда елеулі қысқарып қалуы мүмкін.
Investfunds.kz мәліметтері бойынша, мәліметтер ұсынған 3 басқарушы компанияның 5 ҮИҚ табыстылығы орташа есеппен минус 1.4 пайызды құраған (шығын 1 400 теңге).
«Бұл қазақстандық ҮИҚ нарығындағы жалпы ахуалды көрсетеді деуге болады. Талдауға түскен 5 ҮИҚ арасынан ақпанда олардың 2 – «АСЫЛ-ЭКСПЕРТ» (басқарушы компания «АСЫЛ-ИНВЕСТ») «ЦентрКредит — Разумный баланс» (басқарушы компания BCC Invest) табысты болған, міне, солар бойынша тиісінше 2.84 пайыз (кіріс 2 840 теңге) және 0.14 пайыз (кіріс 140 теңге) табыс табуға болушы еді. Талдауға түскен тізімдегі қалған «Сентрас Секьюритиз» басқаратын ҮИҚ-лар ақпанда шығынды болған. Оларға инвестиция құйғандар орташа есеппен салған қаржысының 3.38 пайызынан айырылушы еді (шығын 3 380 теңге)», — деп болжайды экономистер.
Сөйтіп, 2016 жылғы ақпанда 10о мың теңгені жоғарыда сипатталған барлық алты құралға теңдей бөліп құйғанда, 2 920 теңге табыс табуға болушы еді. Атап айтарлығы,
кейбір акциялар мен алтын ең табысты инвестиция болған
«Сентрас Секьюритиз» компаниясы басқаратын „Қазақстанның Жинақтық халық банкі„ АҚ-ы, үлестік инвестициялар қоры акцияларына және АҚШ долларына құйылған инвестициялар неғұрлым шығынды болған. Тәуекелділіктің төмен болуын қамтамасыз ету тұрғысынан алғанда, ақпан айында инвестиция ретінде құйылған 100 мың теңгеге 424 теңге сомасында орташа кіріс берген екінші деңгейдегі банктердің депозиттері артықшылыққа ие болды.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков