Орталық Азиядағы ең нашар экономикалық көрсеткіштер Қазақстанға тиесілі. Халықаралық валюта қорының 2015 жылғы мәліметтері осындай. Экономиканың өсімі тек 1.5 пайызды құраған — бұл 2014 жылғы көрсеткіштің (4.3%) үштен бір бөлігі ғана. Ішкі сұраныстың төмендеуі мен сыртқы сауданың құлдырауы мұнай бағасының төмен болуымен қосылып құрған жағымсыз комбинациясы, 2016 жылы елеулі тапшылық әкелуі мүмкін. Осы орайда, Қытаймен ынтымақтастық — тығырықтан шығатын бірден бір жол, алайда оны пайдалану үшін ақы төлеу керек болады, — деп жазады американдық журнал Energy Global.
Орталық Азиядағы аса ірі экономика санкцияға ұрынған Ресей мен экономикасының қарқыны төмендеген Қытайдан күшті экономикалық тәуелділіктің зардабын шегуде
Өздері дамудың шынарында болғанда бұл екі ел қазақстандық экономиканың қос таңбалы сандағы өсімін қамтамасыз еткен еді. Жалпы, барлық орта азиялық елдер Украинадағы қақтығыстан кейін Ресейдің басына түскен санкция салдарынан құлдыраған рубльдің кері әсерін басынан кешіруде.
Дүниежүзілік банк мәліметтеріне сәйкес, Қазақстандағы нашарлаған ахуал құлдырап жатқан мұнай бағасынан, Ресейдегі экономикалық дағдарыстан, құлдыраған сенімділіктен және капиталдың баяу толығуынан тұрады.
Экспорт пайдасының 70 пайызы мұнай экспортынан түседі, ал Ресейге түрлі тауарларды сату жылдық экспорттық табыстың 7 пайызын құрайды
Негізінен Пекиннің қаржылай және саяси қолдауының арқасында Қазақстан, Түркіменстан және Өзбекстан мұнай мен газды Қытайға экспорттау үшін мұнай және газ құбырлары мен инфрақұрылымның жаңа жүйесін салуға мүмкіндік алды. 2009 жылғы 12-желтоқсанда Орталық Азия мемлекеттерінің басшылары және сол кездегі Қытай Президенті Ху Цзиньтао бірлесіп, ұзындығы 1833 километр болатын «Орталық Азия – Қытай» газ құбырын іске қосты. Екі күннен кейін Қытай көшбасшысы Түркіменстанда болды, онда құбырлар жүйесінің жаңа тармағы іске қосылды. Ол Орталық Азияның соңғы он жылда дамуында негізгі рөл атқарды.
Қытайда газға деген сұраныс өскен 2013 жылы Қазақстан-Қытай саудасы 28 млрд долларға дейін жеткен. Алайда 2014 жылы екі тарап саудасының деңгейі екі елдегі экономиканың ахуалын білдіретін 21 астам пайызға отырып қалған. Сондықтан екі тарап өз жоспарларын аздап тежеп, екі жақты сауда көлемі белгіленген 2016 жылдың орнына 2020 жылға қарай 40 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге ниеттеніп отыр.
Қазақстанға 17 миллиардтан астам долллар инвестициялаған Қытай Қазақстанға жалпы көлемі 21 миллиардтан астам доллар құйдық деп сендіріп отырған АҚШ-пен арадағы бәсекелестіктің күшеюіне үміттеніп отыр. Ос орайда, Қытай компаниялары Қазақстан арқылы өтетін темір және автомобиль жолдарын салу жөніндегі жобаларын жүзеге асыруды жоспарлауда.
Қазақстан экономикасына сіңірген еңбегі үшін Қытай өзі дәметіп отырған сый – аса ірі Қарашығанақ газ-конденсат кен орнынан үлес алу мүмкін,
ал бұл Қытайдың Ұлттық Мұнай-газ Корпорациясының (CNPC) акцияларына тағы 8.33 пайыз қосады.
Дереккөзі: energyglobal.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков