Еуроодақ басшылығы Украинаның осы одаққа және Еуропаның басқа ұйымдарына қосылуы мүмкін еместігін білдірді. Осы тақырыпты одан ары жетілдірген Guardian шолушысы Еуроодаққа Түркияны да кіргізуге болмайтынын қосты.
«Түркия әлі Еуроодақтың мүшесі бола ала ма? Жауап «жоқ» болуы керек.
…Оның полицейлері елдегі ең ірі газеттің офисіне шабуыл жасады. Оның жасырын қызметтері ИГИЛ-ДАИШ содырларына қару-жарақ жеткізеді деп айыпталуда, ал оның әскери-әуе күштері ресейлік бомбылаушы ұшақты атып құлатқан. Соған қарамастан, ол әлі Еуроодаққа мүше болуға талпыныс жасауда.
Түркия… Еуропаға және бүкіл Батысқа тағы бір экзистенциалдық қиындық тудырып отыр. Грекияға ағылып жатқан босқындар легін тоқтатады деген үмітпен Түркия президентінің алдында жалпақтаған Еуропалық көшбасшылардың сырт келбеті теңіз сырқаты мен оның физиологиялық салдарларына ұрынғандай әсер қалдырады. Түркия соттары «Заман» газетіне қызметкерлерге қарсы көзді жасаурататын газ пайдаланып шабуыл жасауға және редакторларын жұмыстан шығаруға рұқсат бергеннен кейін, басылымның жаңа басшылары газеттің басты мақалаларын ел президентінің күлімсіреген суреттерімен көмкеріпті. Иә, оның күлімсіруіне болады.
Ердоған Түркияда жаппай қолдауға ие, бұл ақиқат… Түркияның либералдық және прогрессивтік бөлігі патриархалдық және реакциялық бөлікке тиген жоқ, ал ол бұларға соқтықпады. Күрдтердің кезең-кезеңмен жүргізетін партизандық әрекеттері парламенттік оппозицияны қуантып, оның әрекетін тудырды. Ердоған, өз кезегінде, Түркияны Еуропаға қарай сенімді жетелеп отырды, бұл түрік демократиясының кейбір кемшіліктері мен жіберілген қателіктерін елемеуге мүмкіндік берді. Бірақ қазір барлығы бұрынғыдай емес, өйткені Сирияда Асад режимінің биліктен кетуі сияқты, фундаменталдық себептер бойынша – білімді жастар полицейлік мемлекет құрып жатқан надандарға бағынғысы келмейді.
2013 жылы түрік қалаларында орын алған тәртіпсіздіктер кейбір, негізінен еркіндіктің микроскопиялық принциптеріне толеранттықты қамтамасыз ете алмауы салдарынан туындады… Мәселен, студенттердің университет қалашықтарында ішімдік ішу, әлеуметтік желілерді цензурасыз пайдалану және Еуропадағы құрдастары сияқты кейбір дүниелерге бейбіт түрде наразылығын білдіру құқығын, мәселен, түрік жастарының сауда орталығын салу үшін жасыл желектерді жоюға наразылық білдірген Гези паркіндегі жағдай іспетті.
…Наразылықтар американдық өндіріс шығарған көз жасаурататын газды пайдаланумен және қоқысты наразылықтарға қосылған күрдтер тұратын кварталдарға қоқыс шығарумен аяқталды. Ал одан кейін Ердоған президент болып сайланды. Парламенттегі көпшілік дауыстан айырылған ол, сәл уақыттан кейін, күрд партияларының офистері өртенген кезде өз шептерін қалпына келтіріп алды. Осымен бір мезетте, осының алдындағы үш жылда тоқтаусыз жұмыс істеп тұрған күрдтерге қарсы оқ жаудыруды тоқтату тәртібінің әрекеті… тоқтатылды. Шекараның арғы беті – Сириядағыдай ландшафт қалдырған армия Түркияның оңтүстік провинцияларына кірді.
Алайда, Ердоған әлі қолдана алатын күшпен салыстырғанда, жоғарыда баяндалғандардың барлығы – дым емес. Ауғанстандағы, Йемендегі, Ирак пен Сириядағы мемлекеттіліктің құлауымен салыстырғанда,
Батыс бүгін барған сайын қателік үстіне қателік жіберіп жатқан түрік демократиясының ісіне көптеп тартылатын болады
Сондықтан Еурокомисссия өзін және қалған әлемді бір күні Түркия Еуропаның бөлігі болады деп сендірген сайын, ол Еуроодақтың құрамынан шығуға ниет білдіргендерге көбірек қарқын беретін болады.
Егер Түркия көбірек ақша алмаса және Еуроодаққа жылдам кіру мүмкіндігіне ие болмаса, басқарылмайтын босқындар легі ағылады деген деген кейбір хабарламалар… Еуропаға қауіп ретінде қабылдануда. Бұл хабарламалардың шындық па, әлде ойдан шығарылған әңгіме ме, шындап келгенде, ол маңызды емес. Трагедия – осы хабаралмалардың қазіргі ахуалды шынайы көрсетуінде, ал шындық… Еуропаның демократия негіздерінің күйреуі, бейбіт елге қарсы әрекеттердің жасалуы, босқындардың шекарадан заңсыз өтуін ұйымдастыратындарға көмек берілетіні туралы… жұмған аузын ашпауында.
Еуропа азаматтарының өз үкіметтерінен және Еурокомиссиядан шындықты талап ету құқығы бар. Еуроодақтың Түркиядағы жағдай туралы 2015 жылғы қарашада жасаған Есебі екіжүзді қағазбастылықтың шынар биігі – деспотизм мен цензура туралы ешқандай сілтемелер жоқ, есесіне, елдің экономикалық жетістіктері мақтауға ие.
Егер Муссолини басқарып отырған Италияның қосылуы туралы мәселе қаралса, осы есеп авторларының не жазатынын көз алдыңызға елестетіп көріңізші
Сұрақтарды дұрыс қою өте маңызды. «75 миллион мұсылман Еуропаға қосыла ала ма?» деген Еуропа расистері сияқты емес. «Еуроодаққа мүшелікке іріктеудің Копенгаген принциптерін түбегейлі бұзып отырған ел оған кіру үдерісін жалғастыра ала?», болу керек қой. Оған жауап бір жақты болуға тиіс – жоқ.
Еуроодаққа билікке әкелуге тиіс Түркиядағы зайырлы және демократиялық күштерге қолдау көрсету бағдарламасын дайындаған жөн… 2015 жылғы шілдеде гректерге қалай дауыс беруіне өктемдік жасауға сана-сезімі жеткен Еурокомиссияға, әлбетте, Түркиядағы демократтарға қолдау көрсету қиындықтар тудырмауы тиіс.
Еуропада Ұлбританияның «сепаратистік» екпінін азайтқысы және оған Еуропадағы одақтың не үшін қажет екенін көрсеткісі келетіндерге бұдан артық қолайлы сәт болмас. Бұл Түркиядағы адам құқықтарын бұзушылықтың барлық фактілерін тағы бір рет бетке басу және қазіргі таңда Еуроодақтың мүшесі емес ел тарапынан қауіп-қатердің қолайсыздықтарын сезініп отырған Грекияға қолдау көрсету үшін, сондай-ақ бетімен жібереміз деп қорқытқан босқындарын легін реттеу бойынша орталықтандырылған әрекеттер қолдануға өте қолайлы сәт».
Guardian газетінің шолушысы Пол Мейсон
Орысшадан аударған Қайрат Матреков