Орталық Азиядағы ең ірі базар бекер күйреп жатқан жоқ — оның орнын қазақстандық «Қорғас» басуда, сарапшылардың пікірі бойынша, ол әлі толық күшіне енген жоқ. Ал одан кейін не болмақ?
Қырғыз Республикасы Салық қызметінің мәліметтері бойынша, 2014 жылы «Дордойда» ай сайын 34 миллион сом салық жиналатын, ал 2016 жылғы қаңтарда небәрі 24,5 миллион жиналған. Жақсы кезеңдерде «Дордойда» бір контейнердің жалақысы бір мың доллардан асып жығылатын. Қазір иелері оларды тегін беруге дайын, тек жарнасын төлеуге біреудің шамасы жетсе болды.
Неге бұлай болды, неліктен бір кездерде мыңдаған қырғызстандықтарды жұмыспен қамтамасыз етіп, ел қазынасын салықпен еселеп толтырған Орталық Азиядағы ең ірі базарлардың бірі «Дордой» жабылудың алдында тұр? Сарапшылар негізгі үш себепті көріп отыр.
Ауқымы бойынша, орасан зор Duty Free аймағы— «Қорғас» «Дордойдан» бес есе үлкен. Мұнда қазірдің өзінде арнайы шоп-турлар бар. Тұтынушыларды тарту үшін мамандандырылған сайттарда тауарлардың бағасы да көрсетілген. Мәселен, ұзын қаракүзен (норка) ішігі 600-900 доллар тұрса, ерлердің пуховиктерін 5000 мың теңгеден сатып алуға болады. Бұл жерде ескеретін жәйт, «Қорғас» әлі іске толық қосылған жоқ — оның толыққанды іске қосылуы 2018 жылға белгіленген.
Қазақстандық саясаттанушы Марат Шибұтовтың айтуынша, «Дордойға» қарағанда, «Қорғастың» көптеген артықшылықтары бар.
— Бұл бинесмендер мен өндірушілердің мемлекетаралық ірі жобасы.
«Қорғаста» арнайы дотациялар, жеңілдіктер жасалған, онда алым-салымдарсыз сауда жүргізіледі. «Дордой» мұндай ештеңе ұсына алмайды, онда дотациялар да жоқ
Сондықтан Қырғыстандағы бағалар біршама жоғары. Егер олай болса, ол жаққа барудың не қажеті бар? — дейді сарапшы. — «Қорғастың» тағы бір артықшылығы — онда теміржол және жеңілдетілген бағалармен жұмыс істейтін көптеген тасымалдаушылар бар. Онда жүк тасымалдайтын үш фураға, яғни, машинаға тапсырыс берсең, төртіншісін тегін ұсынады. Сондықтан «Дордойдың» сәні кетіп, қажеттілігі жоғалды.
Ал Ресей стратегиялық зерттеулер институтының ғылыми қызметкері Максим Лихачев бұл мәселеге неғұрлым ауқымды ауқымды көзқараста:
— «Қорғас» — базар емес. Оның мақсаты — өнеркәсіптің инновациялық салаларын дамытуға қажетті индустриялық парк, платформа құру — дейді Лихачев. — Қазақстан басшылығы «Қорғас» негізінде құрылған еркін сауда аймағы шеңберінде жұмыс істеу үшін шет ел компанияларын тартуда. Сондықтан «Қорғас» пен «Дордой» арасында принциптік айырмашылық бар. Егер Қазақстан қомақты қаржы салса, ол оны базар үшін істемейді. Ол жердегі мақсат мүлдем бөлек. Қазақстанның Сары теңізде өз терминалы бар. Ендігі мақсат — Ляньюньган портын Қорғас және Ақтаумен байланыстыру және тауардың батыс бағытта – Еуропаға экспортталуын қамтамасыз ету.
Әрине, «Дордой» базары Қазақстан азаматтары үшін өзінің тартымдылығын арттыра алады. Бірақ бәсекелестік ортада, нарық заңдары бойынша жұмыс істеу керек. Әлбетте,
қағазда барлығы тамаша: Қырғызстанда саудагерлерге барлық жағдай жасалған-мыс. Алайда көп ретте қырғыз билігі басқа елдердің кәсіпкерлерінен алым-салықтар алып жатады
Міне, осыларды жойып, мемлекеттік деңгейдегі механизмдерді дайындаған жөн.
Бір қатар желілік дүкендердің баға саясатындағы өзгерістері Бішкек тұрғындарының тауарларды, әсіресе, киімді базарға бармай-ақ белсенді сатып алуына әкеліп соқты, — деп жазады sputnik.kg журналисі Әсел Минбаева. Бұл жерде тауарларды әлеуметтік желілер және интернет-дүкендер арқылы сату да өз рөлін атқаруда.
Бішкектегі ірі киім дүкенінің директоры Исхак Бостон айтып отырғандай, дағдарыс оның дүкеніне, тіпті, пайдалы болған көрінеді:
— Біз тауардың бағасын үш-төрт есе көтергіміз келмейді. Бұл бізге қолайлы бағамен көбірек тауар сатуға және дағдарыс жағдайында қайраңға батпауға мұмкіндік береді. Мұның сыртында, базарда киімді киіп көретін жердің болмауы қиындықтар тудырады. Ал бізде ондай орындар жетіп-артылады. Біз заңға сәйкес жұмыс істейміз: сатушыларға артық жұмыс уақыты үшін қосымша ақы төленеді, барлық салықтар аударылып, қажетті төлемдер жасалып отырады.
Біздің базардан тағы бір артықшылығымыз — тауарды қайтару мүмкіндігі. Егер клиентке киімнің түсі немесе өлшемі тура келмесе, тұтынушы чекті сақтап қалған жағдайда, біз оған ақшасын қайтарып беруге дайынбыз. Оның үстіне,
қыстың күні «Дордойда» суық — минус 20-ға дейін барады. Сондықтан адамдар көп ретте тауар бағасы қолжетімді дүкендерге барады
Тек Қырғызстанда ғана емес, сондай-ақ, жалпы ТМД елдеріндегі сауда көлемі құлдырауының үшінші себебі — валюта тұрақсыздығы.
Қырғыз Республикасы Базарлар, сауда және қызмет көрсету салалары кәсіпорындары ассоциациясының президенті Сергей Пономарев есептеп отырғандай, қаржы — сауда ағзасының қан айналыс жүйесі. Қаржы қандай болса, сауда да сондай болады.
— Қазақстан мен Ресейдің ұлттық валюталары құлдырауы салдарынан бұл елдердегі халықтың сатып алу қабілеттілігі елеулі құлдырап, сауда тұралап қалды. Қазір, әсіресі, қысқы тауарларын сата алмай отырғандар қиын жағдайға тап болды. Өйткені олардың көктемгі және жазғы киімдерді сатып әкелуге ақшалары жоқ. Киімді осында өндіретіндердің жағдайы азда болса жақсырақ. Өйткені жұмыс күшіне еңбекақы, электр энергиясының бағасы және салықтар соммен төленеді.
Тығырықтан шығатын жол біреу. Қазір Дамудың Қырғыз-Ресей қоры беретін несиелерді алудағы кедергілер азайды. Кепілзаттық міндеттемелер миллионға қысқартылды. Алайда егер оны 500 мың долларға дейін төмендетсе, шағын және отра бизнестің көптеген өкілдері бұл ақшаға қол жеткізуге талпынушы еді. Бұдан бөлек,
егер несиелер доллармен емес, ұлттық валютамен берілетін болса, біз экономиканы «жандандырушы» едік
Біртіндеп біз қайтадан бәсекеге қабілетті болушы едік, сонда «Дордойға» қайтадан жан бітеді. Өз экономикаңның дамуына саясат арқылы қол жеткізген жөн.
Орысшадан аударған Қайрат Матреков